Шымкент қаласы, №122 жалпы орта мектебінің пәнінің мұғалімі Бекбаева Гулжан Жарлыкасыновна
Сабақтың тақырыбы : Былғарыдан әшекей бұйым жасау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды былғарыдан тігілген әшекей бұйымдармен таныстыру. Былғарымен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.
2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа,тазалыққа, көркем өнерді сезіне білуге тербиелеу.
Сабақтың түрі: шеберлік сынып,сарамандық сабақ,
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап алысу,көрсету,жасау,үйрету.
Көрнекіліктер:әртүрлі үлгілер, қайшы,ине,бисерлер, пайеткалар, жіп, былғары материалы,ПВА және МАСТЕР, ыссы желімі т.б.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
1.Амандасу,түгендеу,
2.Қажетті құрал - жабдықтарын тексеру,
3.Оқушылардың назарын өзіңе аудару.
II .Үй тапсырмасын сұрау.
1-оқушы: Былғары – мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын қымбат материал.Одан ата-бабаларымыз ер-тұрман,сырт киім,аяқ киім,белбеулер , торсықтар жасаған.
2-оқушы: Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары. Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салм. 23 — 26 кг-нан кем болмайды.
3-оқушы: Былғары – мал терлерін түрлі әдістерімен өңдеу арқылы алынатын материал. Былғыры жұмсақ, төзімді, қаңдай да бір бұйым жасауға ыңғайлы және қарапайым . Мал терісі үш қабаттан – шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні қырқылады, шелі сылынып, қыртысы жызылады. Терінің өзеңін өңдей отырып былғары алынады. Сонымен бірге илейтін немесе сатып алатын былғары түрлерінен көптеген үй бұйымдарын жасаған.
4-оқушы: Терінің жүнін күйдіріп түсіреді,шелі сылынып,қыртысы жазылады.Терінің ортаңғы қабаты өңдеу арқылы былғары алынады.Қасаң /қатты/ былғары ірі мал терісінен жасалады: өгіз,сиыр,түйе т.б. Жұмсақ былғарыға: қой,ешкі,бұзау, тана, құнажын, шошқа ,жылқы терілері жатады.
5-оқушы: Мал терілерін илеп,бояп,өң беру ертеден келе жатқан,өте жақсы дамыған өнердің бірі.Илеуі қанып,бояу сіңген былғары,су тартпайды.Одан жасалған бұйымның тігісі ыдырамайды,тұтынуға төзімді әрі әдемі.Ағашқа жапсыры-лып қағылған мұндай тері шегеде мықты ұстайды.Мысалы:жиһаздардың,саз аспаптарының беттерін қаптайды.
6-оқушы: Былғарымен жұмыс жасау үлкен шеберлікті және өнерді қажет етеді. Былғарымен жұмыс жасаған кезде жазық жұмыстарға да көлемді жұмыстарға да желім жағылып қалмау, қолының саусақтарына жарақаттап алмас үшін өте тиянақты, талғаммен, жинақылықты орындауды қажет етеді. Былғарының бірнеше түрі бар: көксауыр,опайке,былғары,хром,көзел т.б.
7-оқушы: Былғары теріні өңдеу арқылы алынады. Былғары жұмсақ, төзімді, қандай да бір бұйым жасауға ыңғайлы әрі таптырмайтын материал. Былғарыдан аяқ киім, сырт киім, сөмке және әр түрлі сәнді, әшекейлі бұйымдар жасайды. Сондай бұйымдардың бірі – шашақты әшекей бұйым былғарыдан жасау жеңіл де қарапайым болып келеді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар, бүгін біз сабақта былғарыдан әшекей бұйым жасаймыз. Қазіргі уақытта өте сәнді әшекей болып саналады. Бұл шашақты әшекей бұйым деп аталады. Бұл әшекейді тойға немесе кешкі серуенге тағуға болады. Орысша кисточка, қазақша шашақты сырға. Бұл әшекей бұйымды немесе сырғаны бисерден , дайын шашақтан және былғарыдан жасауға болады.
Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік:
1.Қайшыны лақтырма, сермеме.
2. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
3. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды. 5.Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.
6. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.
7. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.
IV. Жаңа сабақты сұрақ-жауаппен бекіту.
1.Былғарыны қалай өңдеп аламыз?
2.Былғарымен жұмыс жасау үшін қандай еңбек құралдары керек?
V.Сабақты қорыту.
Оқушылардың жұмысын тексеру және бағалау.
Оқушылармен сабақты тренингпен аяқтау.
VI.Үйге тапсырма.
Былғарыдан жасаған әшекей бұйымды аяқтап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |