Күні: ________________
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Windows операциялық жүйеде дыбыстық файлдармен жұмыс жасауға арналған программалармен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларды мультимедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру, дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, Netop программасы.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
• Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?
• Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?
• Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?
• Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
• Калькулятордың қандай түрлері бар?
Жаңа түсініктер:
Звукозапись программасы
Звукозапись – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі болып табылатын дыбыс сигналдарын өңдейді. Дыбыс енгізу құрылғысы – микрофон.
Іске қосу. – пуск – программы-стандартные-развлечения- звукозапись.
Оның терезесінде төмендегідей батырмалар бар:
1.Бас жағына өту
2.аяқ жағына өту
3.ойнату
4.тоқтату
5.жазу
Ақпарат WAV кеңейтілуі бар файлға жазылады.
Компакт – дискідегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу
Кейінгі кезде компьютерлік бағдарламалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы бағдарламалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни дискіні СD-RОМ-ға қойсақ болды әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді.
Практикалық тапсырма
Карточкалармен жұмыс (жадымен жұмыс жасап, есеп шығару).
Сабақты бекіту сұрақтары:
Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?
Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?
Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?
Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?
Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?
Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?
Үйге тапсырма: § 28, 29
Достарыңызбен бөлісу: |