Сабақтың тақырыбы : «Жалынды ақын Махамбет»



Дата23.08.2017
өлшемі65,37 Kb.
#25726
түріСабақ
Алматы обл, Райымбек ауданы

«Қ.Шорманов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік мекемесінің музыка пәні

мұғалімі Қаракөз Дүкенбаева

Сабақ: Музыка Сыныбы: 3 «б»


Сабақтың тақырыбы : «Жалынды ақын Махамбет»
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды Қазақтың ақындық

шығармашылық өнеріне тартып,оқушы

білімін тереңдету.

Білімділік: Оқушыларды Қазақтың біртуар ұлы Махамбет

бабамыздың өмірімен шығармашылығымен

ақындық,термешілік,күйшілік өнерімен

таныстыру.



Тәрбиелік: Қазақ халқының әдеби-музыкалық мұрасын

құрметтейтін,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін

азамат тәрбиелеу.Махамбет ерлігі

арқылы балаларды патриоттыққа тәрбиелеу.

эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік,сұрақ-жауап,көрніс.

Пән аралық байланыс: Әдебиет,сурет,тарих.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,үнтаспа,баян,нота
Сабақтың жоспары:



Сабақ барысы

уақыты

жоспары

1

Ұйымдастыру кезеңі

2-мин

Сәлемдесу,түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру,оқушы зейінін сабаққа аудару. «жүректен-жүрекке» бір-бірімізге жақсы лебіздер айтып бастайық.

2

Үй тапсырмасын сұрау

5-мин

Бұқар жырау,оның термесі «не жаман,не жақсы»тақырыбына өлең жазу, «Біздің ән»

әнінің сөзін жаттау.



3

Өткен сабақты пысықтау

2-мин

«Адасқан ноталар»сұрақ –жауап ойыны.

8-сұрақ ,2-қатарға 4-тен



4

Жаңа сабақты түсіндіру 8-мин

3-мин
3-мин

2-мин


Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы.

Электрон оқу.

Көрніс. «Баймағанбет пен Махамбеттің кездесуі»


5

Музыка тыңдау

3-мин

Махамбет термесі мен күйі,талдау

6

Музыкалық сауат

2-мин

Жарты нота ұзақтығы

7

Дәптермен жұмыс

3-мин

Махамбет әндері мен күйлерінің аттарын жазғызу.

8

Ән үйрету

8-мин

Дауыс жаттығуы, «Солдат болам мен ертең» әнін 1-шумағын үйрету.

9

Қортындылау

6-мин

«Сыйқырлы ағаш» ойыны,домбыра құрау.

10

Бағалау.

3-мин




11

Үй тапсырмасы

2-мин

Махамбет өмірі,әнді жаттау


І.Ұйымдастыру кезеңі

-Саламатсыңдарма балалар!

-Бүгін сыныпта кезекші кім? Кім жоқ?

-Өте жақсы отыра қойыңдар.

-Оқулық ,дәптерлеріміз түгел ме?

-Онда балалар бүгінгі ашық сабағымызды бастайық,бізге бүгін сабағымызға қонақтар келіпті,осы апайларға бар өнер қабілетімізді көрсетейік балалар.Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық, олай болса бір-бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық.


ІІ.Үй тапсырмасы: Бұқар жырау,оның термесі «Не жаман,не жақсы»тақырыбына өлең жазып келу, «Біздің ән»әнін жаттап келу.

Өткен сабақты пысықтау үшін «Адасқан ноталар» сұрақ-жауап ойынын ойнаймыз.Бұнда бізге 8-нота берілген оның 4-еуі 1-қатарға,4-еуі 2-қатарға тездетіп жауап берейік балалар өткен тақырыптан сұрақтар.

1.до .Терме деген не?

2.ре.Бұқар жырау туралы не білесің?

3.ми.Толғау деген не?

4.фа.Әннің әуені болса,терменің ........болады.

5.соль.Бүтін нота қаншаға созылады?

6.ля.Термеші деп кімді айтады?

7.си.Бұқар жырау қасиеттерін ата?

8.до.Терме қанша буынан тұрады?

Нотаның астынан « Махамбет» сөзі шығады.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жалынды ақын Махамбет» деп аталады.Барлығымыз дәптерімізге жазып отырамыз,құлақтарың менде болсын.

-Елі мен жері үшін,Қазақ халқының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін хан,би,сұлтандарға қарсыласып өткен батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өтеміз.

Электронды оқулық арқылы өмір жолы туралы мағлұмат алайық,бар зейінімізді аударып отырайық.

-М.Өтемісұлы Батыс Қазақстан облысының Еділ Жайық арасындағы Нарын кұмында,Бектай деген жерде 1803 жылы дүниеге келген екен,Бала кезінен мұсылманша,орысша сауатын ашқан мерген,палуан болған



  • Ел тілегінің жаршысы Махамбет атамыздың отты жыр толғаулары,бай –сұлтандарға қарсы қылыштан да өткір қару болды.Ақының өлеңдері халықты жігерлендіріп,ерлікке шақырды.

  • Махамбет творчествасындағы келелі образдардың бірі-Исатай батыр бейнесі,Исатай ерлігі,каһармандығы өлең толғаулары мен дауылды күйлеріне өзек болған.

Көрніс:

Жәңгір хан өлгеннен кейін елге сұлтан болған Баймағанбет Айшуақов Махамбетті қудалауын қоймайды. Байбақты елінің бір ауылында төрелермен отырған Баймағанбеттің үстінен түседі,екеуінің кездесуі.


Ой бәрекелді ,керемет ойнадыңдар рахмет,енді балалар бұл көрністен не байқадыңдар батырдың шынышылыдығы,өр мінезділігі, батылдығы,ақындығын байқаймыз.

Абай өлеңдерінен ойлы,ақылды болуды үйренсек,Махамбет жырларынан Отан сүюдің үлгісін көреміз.Бостандық,тәуелсіздік батырдың арман,мұраты еді.Бабамыздың 200-жылдығына орай «Қызыл жусан» атты көркем фильм, «Махамбет ізімен» атты деректі фильм шықты.Қазіргі уақытта Махамбет күйлері мен термелері дарынды таланттардың репертуарында биік орын алған. Махамбет туралы үлкен сыныпқа барғанда тереңірек білесіңдер.

Махамбет өлеңері көтерліс үстінде туады,өлеңдері шешендік толғау терме түрінде жазылғандықтан,терме мақамына салынып орындалады ендігі кезекті өлеңге берейік.муз тыңдау.

Өлеңдері: «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым» ,т.б.

Күйлері: «Өтініш», «Қайран нарын», «Жұмыр Қылыш», «Шілтерлі терезе»т.б
Күй тыңдау: «Жұмыр Қылыш»

Күйдің мазмұны: 1838 жылы Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағыда күш жинап,ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады.Ол жерден Жұмыр Қылыш деген батырлармен кездесіп,жолдас болады,күй сол кезде шыққан. Балардың ойын сұрау



Музыкалық сауат: Жарты нота,оның саналуы.Бүтін нота 4-ке созылса,жарты нота 2-ге созылады екен.\дирижерлау\

Дәптермен жұмыс: Махамбеттің өлеңдерімен күйлерін дәптерге жазып қоямыз.

Ән үйрету: Дауысқа жаттығу жасату,казак тілінде 42-әріп болса,музыкада 7-дыбыс бар балалар,онда сол дыбыстардан құрылған до мажор гаммасын айтқызу.Сөзі:Ш.Сариевтікі,Әні:К.Дүйсекеевтікі «Солдат болам мен ертең»-әнін үйрету,ән айту ережесін еске түсіру.Әннің сөзіне мән беру қайталату,сосын барып әуенін үйрету.

Қортындылау:

«Сыйқырлы ағаш » ойыны арқылы сабағымызды қортындыласақ,ағаштың жапырақтарын алсақ сұрақтар берілген соған жауап береміз.

1.Махамбет қай жылы,қай жерде туған?\Нарын құмда,1803ж\

2. .Махамбеттің басты арман мұраты? \тәуелсіздік ел бостандығы\

3. .Махамбеттің күйлерін ата?

4. Махамбеттің өлеңдерін ата?

5. .Махамбетті қудалаған кім?

Сыйқырлы ағаштың жапрағы қай кезде түседі күз мезгілінде,енді қыста келіп жетті ағашымыз жапырақсыз қалды балалар.



-Бүгінгі сабағымыздың теңдік пен тәуелсіздікті армандаған батыр бабамызға арналуы кездейсоқ емес.Өйткені алда желтоқсан айында қандай мереке тойланғалы отыр.\хормен \16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.Иә 1991 жылы 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні. «Туған жердің басы болмасам да, тасы болайын»- деген мақал бар.Қай жерде жүрсек те,туған жерді қастерлеп ,гүлденген Қазақстанға үлгілі тәртібімізбен,талмай іздену,талаптану арқылы үлесімізді қосайық.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды,үй тапсырмасын орындаған оқушыларды,көрніске шыққан 2-баланы бағалау.

Үйге тапсырма: М.Өтемісұлының өмір жолын оқу,әнді жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет