- Кәрім Сауғабаев.
- "Нан туралы өлең"
- “ Нан туралы өлеңді”
- түсіндіре отырып,
- оқушыларға Қасиетті
- тағамның бірі –нан
- екендігін және нанның
- дастарханға қалай
- келетіндігі туралы
- айту.
- Ақынның өлеңімен
- таныстыра отырып,
- өлеңді мәнерлеп оқуға
- машықтандыру, ойлау,
- есте сақтау қабілет-
- терін дамыту.
- Нанды қастерлеуге,
- ысырап етпеуге,еңбек-
- ті бағалай білуге, еңбек
- Адамдарынсыйлай білуге
- Тәрбиелеу.
Асқар Тоқмағамбетовтің “Төрт түлік туралы сабақ”өлеңін жаттау. Төрт түліктің жасына қарай қалай аталатынын тауып, жазып келу - Кәрім Сауғабаев -1941 жылы қазіргі Алматы облысы Қазыбек би ауданында дүниеге келген. Ақын, жазушы, аудармашы. Шығармалары: «Мойындау» (1973), «Көктем келді, алақай!» (1975), «Ақша қар» (1980), «Сылдырмақ» (1993).
- Ақ бидайдан жасалынған нан
- Таба нан, бауырсақ (Қазақстан) ,Каравай (Ресей,Украина, Беларусь), Бейгл (АҚШ), Бисквит (Батыс Европада), Брецель (Германия), Бриошь (Нормандия, Франция), Наан (Индия), Тандыр-нан (Орта Азия), Лаваш (Кавказ), Юха (Әзербайжан), Маца (Израиль), Пита (ТаяуШығыс)
- Пицца (Италия), Тортилья (Мексика), Фолар (Португалия), Француз багеті (Франция), Чапати (Индия), Қара нан (ТМД), Вестфаль наны (Германия)
- О, адамдар, айтарым бар,
- …Нанды баспаңдар!
- Онда қол жетпейтін аспан бар,
- Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
- Өтініп сұраймын,
- Ана бол, дана бол, бала бол,
- Нанды баспаңдар!
- Ол биіктен төгілген
- Мөп-мөлдір
- Зәмзәм суынан өседі,
- Нан-өмір
- Нанға «пірім» деп,
- Нанға «жырым» деп,
- Табынам.
- Даланың арынан,
- Даланың таңынан,
- Даланың жанынан,
- Даланың қанынан
- Өседі.
-
- Нан болмаса,
- Қызығың, бақытың
- Құр әуре, далбаса…
- … Нансыз тыныштық та болмайды,
- Көкіректі мұң,
- Жерді шаң торлайды.
- Екі ел бірін-бірі жалмайды.
- Елімнің құдіретін асырып тұрған,
- Сенің де, менің де, оның да
- Мерейін үстем ғып тұрған
- Дән емес пе?
- Дән – ән емес пе,
- Дән - нәр емес пе?
- Дән - нәресте
- Дән –тіршілік тоқталмайтын…
- О, адамдар!
- Тіршілік арнасын сақтаңдар.
- Диқанның еңбегін
- Тер төгіп ақтаңдар.
- Әр дәнді жоғалтпай,
- Өмірдей сақтаңдар!
- О, адамдар! Кең пейілділер!
- Бір дән жолда жатса,
- Ұлылықпен еңкейіңдер
- Нанға үлкен жүрекпен
- Қараңдар!
- Нанды өмір деп санаңдар.
- "Нанды аяқ астына тастама“, "Сүтті төкпе, баспа“, "Жерде жатқан нанды еңкейіп ал“,"Тамақ ішкен кезде сөйле-ме“,"Тамақты төкпей-шашпай іш“.
- Нанды бір қолмен үзуге болмайды. Ол кесір болады.
- Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
- Тағамға байланысты ырым-тыйымдар.
- Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
- 1. Дастарқанында наны жоқтың, ……… …. …
- 2. Қамбасында дәні жоқтың, …. …. …
- 3. Тістем нанның қадірін, ………. ……..
- 4. Қоныс көркі там, дастарқан ….. …
- 5. Нан- тамақтың атасы, ынтымақ – көптің …………..
- 6. Берсең аларсың, ексең …….
- 7. Ексең егін, ішерсің …...
Достарыңызбен бөлісу: |