«Талдықорған қаласы Өтенай ауылы, №21 орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесінің 4 «Ә» сынып
жетекшісі А.З. Аханова
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жердің күнді айнала қозғалуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға Жердің күнді айнала қозғалуы, Жыл мезгілдерінің ауысуы тақырыбында ауқымды мағлұмат бере отырып табиғаттағы болып жатқан маусымдық өзгерістердің мәнін ашып, жер мен күн жайлы түсініктерінің артуын бағыттап кеңейту. Ғарыштық әлем жайлы қызығушылықтарын ояту.
Дамытушылық: Дүниетану сабағында әр оқушының өз ойларын ашық айтуға, пікірлерін қорғай білуге дағдыландырып, шығармашылық жұмыс жасата отырып, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Алған білімдерін өмірде қолдана алатындай етіп елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, карта, глобус.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Психологиялық дайындық.
Табиғатты сүю парыз
Қасиетін ұғу парыз,
Ғарыштағы қызықтарды,
Жер шарында білу парыз.
Сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау:
Ауа райын бақылау
Қазір жылдың қай мезгілі?
Бүгін ауа райы қандай?
Қазір қай ай екен?
Осы айда қанша күн бар?
Жылдың әр мезгілінде ауа райы қандай болады?
Біз қай планетада өмір сүріп жатырмыз?
Жыл мезгілдеріне байланысты оқушыларды топқа бөлу.
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Слайдпен жұмыс.
Мұғалімнің түсіндіруі
Оқушыларға ғаламшар туралы толық мағлұмат беру.
Жердің ғарыштан түсірілген суреті Картамен, глобуспен жұмыс.
Жердің ғарыш әлеміндегі орны
Басқа планеталар сияқты, жерде күнді тұйық сызық құрайтын жолдың бойымен, яғни орбитамен айналады.Жер күнді орбита бойымен 365 күн 6 сағатта айналып шығады. Қыста күн көкжиектен онша биік көтерілмейтіндіктен оның сәулесі жер бетіне көлбей түседі. Сөйтіп Жер аз жылынады. Жазда күн көкжиектен биікте тұрады да. Күн сәулесі жер бетіне тігінен мол түседі де, көбірек жылытады.
Жердің орбитадағы орнына байланысты жыл мезгілдерінің ауысуы.
Жердің өз білігінен айналуынан күн мен түн ауысса, күнді айналу нәтижесінде жыл мезгілдері ауысады.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді абзацқа бөліп оқып шығады.
Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын жазу.
Жаңа сабақ тақырыбын жазу.
Топпен жұмыс:әр топқа өтілген тақырып бойынша тапсырма беру.
1 топ: Күн сәулесінің жер бетіне түсуі жайлы түсініктерін тыңдау. Жыл мезгілдері неге өзгереді?
2 топ: Жердің күнді айналу қозғалысы туралы түсіндіру.
3 топ: Ғаламшар туралы білетіндерін бөлісу. Картадан экватор сызығын көрсету.
4 топ: Солтүстік Америкада жаз болғанда, Оңтүстік Америкада қай мезгіл? Ал Оңтүстік Америкада қыс болғанда, Аустралияда жылдың қай мезгілі?
Сөздік жұмыс жүргізу.
Жер шарында неше мұхит бар?
Жер шарында неше құрлық (материк) бар?
Ғарышқа алғаш ұшқан адам кім?
Қазақ ғарышкерлері кімдер?
Жердің серігі не?
Жер күннен неше есе кіші?
Қорытындылау:Бүгінгі сабақ бойынша, ғарыш әлемі жайлы не білдік?
Сабақты сөз жұмбақ шешу арқылы қорытындылау.
Тоқтар Әубәкіров кім?
Оңтүстік және Солтүстік полюсты бірдей қашықтықта бөлетін сызық қалай аталады?
Үшінші ғаламшар?
Үй үстінде ұсақ тас
Жылтырайды аспанда...
Көкжиектің негізгі тұсының бірі?
|
ғ
|
а
|
р
|
ы
|
ш
|
к
|
е
|
р
|
|
э
|
к
|
в
|
а
|
т
|
о
|
р
|
|
|
|
ж
|
е
|
Р
|
|
|
ж
|
ұ
|
л
|
д
|
ы
|
з
|
|
|
|
ш
|
ы
|
ғ
|
ы
|
с
|
|
Оқушыларды бағалау: әр топ басшысы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.
Үйге тапсырма: 128 беттегі тест тапсырмаларына жауап беріп келу.
Достарыңызбен бөлісу: |