Келдибаева Майра Нуртулеповна
Атырау қаласы
№ 32 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем!»
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: өлең мазмұнымен, идеясымен таныстыру; Қ.Жұмағалиев өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру; мәнерлеп оқуға үйрету;
ә) тәрбиелік: отансүйгіштікке, елжандылыққа, достыққа тәрбиелеу;
Үлкенді сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру;
б) дамытушылық: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: деректі фильм, плакат, маркерлер, слайд
Типі: жаңа сабақ
Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, математика,дүниетану, қазақ тілі
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1-слайд
Көгершін (екі түрлі көгершіннің суретін көрсету, таратып беру)
Миға шабуыл
Мұғалім:
Топтастыру
хат тасушы Балапандарын жұбымен өсіреді жыртқыш емес
ақ,сұр,ала Көгершін қолға тез үйренеді
тазалықтың, махаббаттың бейбітшіл иесінің амандығын тілейді
символы
Құстардың түрлеріне қарай топқа бөлу
Мұғалім:
-Бейбітшілік сөзіне антоним болатын сөз?
-Соғыс
-«Соғыс» сөзін естігенде қандай сөздер ойыңа оралады?
-Әскер,ашаршылық, жетімдік, қару,қиындық, қантөгіс т.б.
-Қалай ойлайсыңдар, соғысты жақсы көру керек пе, жек көру қажет пе?
Жаңа сабақ
Тақтаға күн, ай реті, сабақ тақырыбы, авторын жазу. .
Қ. Жұмағалиев өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметпен таныстырып өту
Слайд. Автор Қ.Жұмағалиев туралы мағлұмат.
Қ.Жұмағалиев – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы. Ол 1937 жылы, 16 – қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. «Туған өлкем», «Таба нан», «Кәмпит туралы баллада» атты т.б. шығармалары бар.
Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер
1941 жылдың 22 маусым- 1945 жылдың 9 мамыр аралығы
Қатысқан адам саны- 34 476 700 адам
Қаза тапқандар саны- 26 600 000 адам
Шыққан шығын- 2800 млрд. доллар
«Мен соғысты жек көрем» өлеңін (видео және музыка әуенімен) мәнерлеп, жатқа оқу.
Мәтінмен жұмыс
-Автор кімнің атынан сөйлеп тұр?
-Соғысты жек көре отырып, бала қайда өршеленеді?
-Мәтіннен кім тауып оқып береді?
-Өлеңде түсініксіз сөздер бар ма?
6 . Сөздік жұмыс. (ауызша сөйлем құрату) Дәптермен жұмыс
Қасірет-басқа түскен уайым, қайғы
Жырақ- шалғай, алыс, қашық
Ғұмыр бойы-өмір бойы
1-топ тапсырмасы:
Мен соғысты жек көремін , себебі эссе,
2-топ
Мен бейбітшілікті қалаймын, себебі,...
3-топ
«Мәңгілік ел» болу үшін ......
Үш кітапша құрастыру, қорыту
Достарыңызбен бөлісу: |