Петропавл қаласының
№43 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Әубәкірова Ләззат Ерденқызы
Сабақтың тақырыбы: Күз әлеміне саяхат.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың күз туралы екі тілде сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың күз туралы алған білімдерін пысықтап,сын есімді қайталау ,
білім деңгейін тексеру, тиянақтау,шыңдау ;
2.Логикалық ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорларын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
3. Туған жерінің табиғатын қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу,оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты қорғауға, мейірімділікке баулу;
Aims:
-to check the knowledge of pupils of English language, to develop the abilities to speak English, creative abilities of pupils, to find expression in any situation.
-to develop: children`s memory, logical thought, creative abilities, vocabulary.
-children`s love to English language, love of nature, native country, love of arts, music and working.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойландыру,мағынаны ашу сатысы
Көрнекіліктері: презентация , интерактивті тақта,тірек-сызбалар,үлестірмелі суреттер, рефлексия парағы, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, жаратылыстану
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі .
-Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Күз туралы презентация дайындап келу,күз жыл мезгілі туралы әңгіме құру. Checking up the home task.
To make a presentation about autumn.
Сабақтың мақсатымен таныстыру: Балалар, күз туралы алған білімдеріңді бекітеміз,сын есімді қайталаймыз.
Сабақты психологиялық дайындықтан бастау: Балалар,сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай ,осы жақсы көңіл-күйлерінде сабақты бастаймыз.
III.Жаңа сабақ.Қызығушылығын ояту. Өлеңге назар аударайық.
- Қай мезгіл, кім айтады?
- Күз.
- Дұрыс айтасындар, рахмет.
Ендеше бүгін біз сендермен бірге «Күз әлеміне» саяхат жасаймыз.
- Бүгін екі топ жұмыс істейді І топ -Жомарт күз,ІІ топ- Алтын күз .
Саяхатқа дайынсыңдар ма? Ендеше автобусқа отырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |