Сабақтың тақырыбы : Сөз таптары. Сабақтың мақсаты : Білімділігі



Дата27.02.2020
өлшемі17,4 Kb.
#57776
Таңдаулы пән сабағы Бастауыш сынып Сабақтың тақырыбы : Сөз таптары. Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сөз таптары, сөз таптарының түрлерін оқушыларға таныстыру, білімдерін бекіту. Дамтушылығы: Танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту. Сауатты, көркем жазуға, мәтін мен жұмыс жасай білуге жаттықтыру. Тәрбиелілігі : Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі : Суреттер, тірек-сызба, тесттік тапсырмалар, үнтаспа, Әке мен бала мәтіні бойынша суретті коллаж. Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, шығармашылық жұмыс, көрнекілік жұмыс. Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық. 1) Үн таспадан өлең оқылады 2) Оқушылар хормен қайталайды. ІІ. Ой қозғау. Тірек сызба тақтаға ілінеді. 1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Оқушылар еске түсіреді.



Сөз таптары

Зат есім Етістік Сын есім Сан есім Негізгі Негізгі Негізгі Негізгі Туынды Туынды Туынды Туынды

Болымды Болымсыз Мұғалім жалпылама түсіндірді.



ІІІ. Мағынаны тану. 1. Тақтаға «Әке мен бала» мәтіні бойынша суреттер ілінеді. 2. Оқушылар суреттерді қарай отырып, кімнің әңгімесі, не туралы екенін өздері табады. 3. Мәтіннің мазмұнын оқушылар әңгімелейді. Мәтінмен жұмыс. 1.Мәтінді оқушыла түсініп оқиды. 2.Сөз таптарын атайды. 3.Мәтіндегі сөз таптарын ажыратып, бағанды толықтырады. Зат есім Етістік Сын есім Сан есім таға ала жүр ескі бір

=/= =/= =/= =/= Оқушылар әрі қарай толықтырады. Шығармашылық жұмыс. 1. Мына сөйлемдерді толықтырып жазыңдар. – Анау .... , балам, ...., -- деп Бала әкесіне: -- Сынып қалған .... тағаны алып неғылайын, - деді. Әкесі үндемеді, .... өзі иіліп алды да жүре берді. Қаланың шетінде темірші .... бар екен, соған жеткен соң әкесі манағы ...... соларға ..... тиынға сатты.



Есте сақта! Мақал – мәтелді жатқа жазғызу. Еріншек екі істер. Еңбексіз іс бітпейді, Еріншектің қолы жетпейді. ІҮ.Сабақты қорытындылауға тестілік тапсырмалар беріледі. ҮІ. Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Ү. Үйге тапсырма. (ережені жаттау, еңбек туралы мақал-мәтелдер, жаттау, жинақтау.) ҮІ. Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Сактаганова Н.Ы « Серікбол Қондыбай атындағы №22 орта мектебі»мектебі»бастауыш сынып мұғалімі Ақтау қаласы---2016 ж

Сергіту сәті Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдату. Бұл әнді ғарышта шырқап Талғат Мусабаев өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін жеткізе білді. ІҮ. Жаңа білімді бекіту. 1. Абай Құнанбаев қысты кімге теңеді? 2.Өлеңде балалар туралы не делінген ? Малшы туралы ше ? 3. Өлеңге тағы қандай ат қоюға болады ? 4.Өздік оқыту. Өлеңді іштей оқыту. 5. Қорытындылап, сұрақтарға жауап алу. – Абайдың табиғат лирикасына жазған қандай өлеңдерін білесіңдер? -- Көктем, жаз, күз , қыс өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

5 жол өлең стратегиясын пайдаланып «Қар» сөзіне өлең құрастыру. Ү. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал. ҮІ. Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Сактаганова Н.Ы « Серікбол Қондыбай атындағы №22 орта мектебі»мектебі»бастауыш сынып мұғалімі Ақтау қаласы---2016 ж



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет