Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейін (850 000 шақырым)
1801 жыл 11 наурыз
Император І Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей хандығы (Ішкі орда) құрылды. Бөкей алғаш кезде елін сұлтандық дәрежеде басқарды, 1812 жылдан хан атанды.
Жәңгір ханның (1823-1845жж.) басқару жүйесіндегі өзгерістері
Көшпенділерді отырықшылдандыруға, сауданың дамуына, мектептер ашуға көңіл бөлді.
1827 жылы 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды.
Патша үкіметі қаражатымен 1827 жылы Жасқұс деген жерде хан сарайы салынды.
12 старшындық топ құрылып, баж салығының жиналуын қадағалады.
КӨТЕРІЛІСТЕРДІҢ СЕБЕПТЕРІ
Ақшалай салықтың өсуі.
Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтаждығына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі
Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу
Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы
.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші:
Шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты.
Көтерілістің басшылары:
Исатай Тайманұлы
Махамбет Өтемісұлы
КӨТЕРІЛІСТІҢ МАҚСАТЫ:
Хан озбырлығына шектеу қою
Шаруалар жағдайын жақсарту
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту
КӨТЕРІЛІСТІҢ БАРЫСЫ:
1836 жылы 17 наурыз – Жәңгір Қарауылқожа көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.
1837 жылғы 30 наурыз – Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.
1837 жылғы 15 қазан – Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Балқы бидің ауылын ойрандады.
1837 жылғы 15 қарашада – Тастөбе шайқасында 3000-3500 адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінен қаруы басым күшпен тайынбастан шайқасты.
1837 жылғы 13 желтоқсан – Исатай Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылардың торын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп кетті.
КӨТЕРІЛІСТІҢ ЖЕҢІЛУ СЕБЕПТЕРІ:
Үстемтап өкілдерінің опасыздығы.
Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.
Қару – жарақтың теңсіздігі.
Стихиялылығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.
Тарихи маңызы
ХІХ ғасырдың 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.