Сабақтың тақырыбы 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері Осы сабақта қол



Дата08.11.2019
өлшемі465,82 Kb.
#51384
түріСабақ
Байланысты:
2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері
5.1A бөлім Натурал сандар жҚМЖәне нөл (1) (5), 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері, 2,5,10 бөлінгіштік белгілері.


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1 В Натурал сандардың бөлінгіштігі(16 сағ)
Мектеп: Абай атындағы «Мектеп бала-бақша» кешені КММ

Күні: 16.06 Мұғалімнің аты-жөні: Бабажанова Жаухар Жалеловна


Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы



2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)

5.1.2.5

натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;





Сабақтың мақсаты




Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану

ережесін біледі



Оқушылардың көпшілігі: Ережені есептер шығаруда дұрыс қолданады

Кейбір оқушылар

Берілген цифрларды қолданып 2, 5, 10 сандарына бөлінетін сандар құрастырып жазып, қай санға бөлінетіндігін анықтайды.





Бағалау критерийі


 Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды.
 Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады.



Тілдік мақсаттар




Оқушылар: есептеулерде натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану алгоритмін тұжырымдай алады

Лексика және терминология: бөлгіш, еселік, белгілер, бөлінгіштік..

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Натурал санның 2-ге бөлінгіштік белгілері.....;

Натурал санның 5-ке бөлінгіштік белгілері.....;

Натурал санның 10-ға бөлінгіштік белгілері..;






Құндылықтарға баулу


Еңбекке және шығармашылыққа баулу, өзара сыйластық.




Пəнаралық байланы

Информатика, өзін өзі тану





Алдыңғы білім

Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;




Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы /10мин/








  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал Оқушылар шаттық шеңберге турады «Допты лақтыру» әдісі бойынша көбейту кестесін қайталайды.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Математикалық диктант» жүргізіледі:

1. Натурал а санының ....... деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.

2. Натурал а санының ....... деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.

3. 1- ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды ......... деп атайды.

4. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар ......... сандар деп аталады.
Өздік бағалау Бағалау критерийлері

«5»- 4 дұрыс жауап

«4» -3 дұрыс жауап

«3»- 2 дұрыс жауап

«2»- 0-1 дұрыс жауап

Бағалау критерийлері слайд арқылы көрсетіледі (Өзара бағалау)


Презентация


Доп
Жұлдызшалар

Оқушыларға бағалау парақшаларын тарату.



Сабақтың ортасы /12 мин/

10мин

3 мин


Жазылған сандар арасынан 10-ға, 5, 2 бөлінетін сандарды тауып алады, және сол сандар арқылы топқа бөлінеді.

1 топ - 10 санына бөлінетін сандар; 2 топ - 5 санына бөлінетін сандар; 3 топ – 2 санына бөлінетін сандар.



«Өкіл» әдісі. Топтық жұмыс. Постер құру.

Жаңа сабақты меңгеру үшін мұғалім топтарға мынадай тапсырмалар береді:



1 топ: 2 санының еселіктерін жаз

2 топ: 5 санының еселіктерін жаз

3 топ: 10 санының еселіктерін жаз

Анықтамасын құрастыр.



/Бас бармақ әдісі бойынша/ бағалау
2 әдіс: «Адасқан өрнек үйін тап» Топқа тапсырма: Берілген 45, 90, 240, 306, 505, 715, 104, 800, 1100, 7002, 33000 сандардың арасынан .

2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінетін сандарды теріп жаз:

Кестені толтыр:



10 бөлінеді

2

бөлінеді


5

бөлінеді








Критерийлері бойынша топ басшысы бағалау парақтарына бағаларын қояды

Сергіту сәт!

Үлестірмелі парақтар


флипчарт, маркелрер


Тапсырма жазылған

үлестірмелі парақтар

Бағалау критерийлері дескрипторлары жазылған

үлестірмелі парақтар

музыкалық видео ролик



Сабақтың соңы /10мин/



3 тәсіл: Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолданып Венн диаграммасын құрастыр:

Смайликтер арқылы мұғалім бағалайды

 

Кері байланыс «Бағдаршам»


Оқушылар:
толықтай түсінсе, сенімді болса

жасыл түсті;


түсінуге жақын болса, аздап білсе

сары түсті;


түсінбесе, сенімді болмаса

қызыл түсті көрсетеді.


Мұғалім «бағдаршамды», сабақтың соңында алған білімінің деңгейін анықтау үшін қолданады


Маркерлер флипчарт
Смайликтер

Бағдаршам үлестірме парақтар



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар бірін-бірі оқытады, білім деңгейі төмен оқушыларға дарынды оқушылар және мұғалім тарапынан көмек беру. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай беру жоспарланған.

Топтық жұмыс топпен бірлесіп орындалады да, топ басшысы өз тобының тапсырмасын тексереді, жіберілген қате топта талқыланады.

Мұғалім кері байланыс ұсынады.




Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау топқа бөліну барсында ескеріледі.
Сергіту сәті

«Математикалық диктант»

1. Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.

2. Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.

3. 1- ге және өзіне ғана бөлінетін натурал жай сандар деп атайды.

4. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.

«Адасқан өрнек үйін тап» ойыны. Кестені толтыр:



10 бөлінеді

2

бөлінеді


5

бөлінеді












Бағалау критерийлері



Дескриптор:

ұпай


 Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды.
 Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады.

Білім алушы

- 2 бөлінетін сандарды теріп жаз

- 5 бөлінетін сандарды теріп жаз

-10 бөлінетін сандарды теріп жаз


1

1



1
3

Венн диаграммасы

Сабағым психологиялық ахуалдан басталады

Оқушылар шаттық шеңберге турады Мұғалім «Допты лақтыру» әдісін пайдаланады.. доп лақтырып сұрақ қояды Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Осы әдіс бойынша мұғалім оқушылардың көбейту кестесін тексереді /Саралау қарқын / Бағалау: Мен өзім смайлик арқылы бағалаймын Оқушыларға бағалау парақшаларын тарату.

Және өтілген материалдарды анықтамаларды еске түсіру мақсатында «Математикалық диктант» жүргізіледі. /Саралау қорытынды:/ Өздік бағалау болады Бағалау критерийлері бойынша тақтада жазылып турады «5»- неше жауап «4», «3»

Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі, бірінші тапсырмалар бойынша топқа бөліп аламын жане «Өкіл» әдісі бойынша оқушылар талдау жүргізеді. Бұл тәсіл бойынша оқушылар бір біріне жаңа сабақты түсіндіреді, өз-ара талдап болған сон, бір оқушы «өкіл» болып сайланады да, әр бір топқа барып материалды түсіндіреді. Бұдан кейін өкіл өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Топтағы оқушылар бас бармақ әдісі бойынша бағалайды.

2 тәсіл «Адасқан өрнек үйін тап» ойыны Топқа тапсырма беріледі сандардың арасынан 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінетін сандарды теріп жазып кестені толтырады саралау қарқын бағалау критерийлары, дескриторлар бойынша топ басшысы бағалау жасайды

Оқушылар демалсын деп біраз «кел билейік» видео ролик арқылы сергіту сәт жүргізіледі

Сабақтың сонында жаңа тақырыпты қорытындылау ретінде Венн диаграммасы құрастыру тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырмада сандардың 2,5,10 бөлінгіш белгілерін анықтайды саралау қорытынды Бағалау смайликтер арқылы



Кері байланыс «Бағдаршам»
Оқушылар:
толықтай түсінсе, сенімді болса жасыл түсті;
түсінуге жақын болса, аздап білсе сары түсті;
түсінбесе, сенімді болмаса қызыл түсті көрсетеді.
Мұғалім «бағдаршамды», сабақтың соңында алған білімінің деңгейін анықтау үшін қолданады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет