Күні:
03.10.2017
05.10.2017
|
Пәні: Қазақ тілі
|
Мектеп: «Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
2-бөлім: Киім. Сән. Талғам
6-сабақ. Киім түрлері және талғам
|
5-сынып
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.
5.ӘТН2.1. Сөз ішіндегі және аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Мәтіндегі буын және дыбыс үндестігіне көңіл бөледі.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
|
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Мұрақ, мансап, елбасы, билер, шидем, кебенек
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Ризалық сезім, алғыс айту, жібек орамал, биік талғам
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
1.Автор әңгімені бастамас бұрын қандай сөйлеммен оқырманның назарын аударды?
2.Негізгі бөлімде қандай оқиғалар орын алды?
3. Әңгіменің аяғы немен бітті?
|
Оқыту әдістері
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, «Менің көңіл-күйім» тренингі, диалог, постер, «Рефлексиялық шеңбер» әдісі.
|
Дереккөздері
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
Психологиялық ахуал туғызу
|
«Менің көңіл-күйім» тренингі арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
1-4-ке дейін санату арқылы топқа бөлу.
|
Стикер
|
Өткен сабақты тексеру
Қызығушылықты ояту
|
«Стикер жапсыру» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Адамның адамға қызметі дегенді қалай түсінесіздер?
|
Ортасы
Білу. Түсіну.
|
Оқылым.
6-тапсырма.
Әңгімені оқып, оның құрылымына назар аудар.
Критерий
|
Дескриптор
|
Ұпайы
|
Негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
|
Мәтіннен қосымша ақпаратты анықтайды
|
1
|
Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды
|
2
|
7-тапсырма.
Сұрақтарға жауап бер.
Критерий
|
Дескриптор
|
Ұпайы
|
Сұрақтарға жауап беру
|
Сұрақтарға жартылай жауап береді.
|
1
|
Сұрақтарға толық жауап береді.
|
2
|
|
5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Атамұра» баспасы, 2017 жыл
А3 парағы
|
Талдау және қолдану
|
Жазылым.
10-тапсырма.
Мұрақ туралы ақпаратты пайдаланып, қазақ ханы Абылайдың бейнесін жаса.( постер қорғау)
|
Сергіту сәті
|
«Жастар киімі» ойыны
Оқушылар киім үлгісінің суретін салады.
|
А4 парағы
|
Соңы
Жинақтау
|
11-тапсырма.
Мәтін үзіндісін пайдаланып, қазақ халқының сырт киімдері жайында мәтін жаз.
Критерий
|
Дескриптор
|
Ұпайы
|
Мәтін үзіндісін пайдаланып, сырт киімдер жайында мәтін жазу.
|
Сырт киімдер жайында мәліметтер келтіре отырып мәтін жазады.
|
1
|
Сырт киімдер жайында мәліметтер келтіре отырып және мәтін үзіндісін пайдаланып мәтін жазады.
|
2
|
|
|
Үйге тапсырма
|
12-тапсырма
|
Күнделіктеріне үй тапсырма-
сын түртіп алады.
|
Кері байланыс
|
«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
-
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
-
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
-
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
-
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
-
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|