ПӘН: Әдебиет СЫНЫП: 6 « »
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. А.Байтұрсынұлы «Қара бұлт» «Анама хат»
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: А.Байтұрсынұлының өлеңдерін оқи отырып, ақын және аудармашы- сыншылығын тану, дәлелдеу, өлеңнің мазмұнын меңгере отырып, идеясын ашу;
2) Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту;
3) Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру;
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыт
КӨРНЕКІЛІГІ: Слайд, шығармалары
САБАҚ БАРЫСЫ:
САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ:
|
I . ҰЙЫМДАСТЫРУ
КЕЗЕҢІ:
II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН
СҰРАУ:
III. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ:
ІV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
V. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
БЕРУ:
VІ. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ:
|
Оқушылармен амандасу, зейіндері сабаққа аудару
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткенді қайталау. Ахмет өмірі.
І. «Ой қозғау» стратегиясы
Сабақтың дәйек сөзі: “Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.” Ә.Кекілбаев
«Нені білеміз?» (өткенді қайталау және Ахмет өміріне шолу сұрақтары)
Жаңа сабақ: А.Байтұрсынұлы. «Қара бұлт», «Анама хат» өлеңі.
ІІ. «Ой толғау» (топтық талдау)
І топ. Мысал дегеніміз не?
ІІ топ Мысалшы дегеніміз кім?
ІІІтоп. Өлеңнің шығу тарихымен таныстыру (5-слайд,сызба-кестемен)
ІҮ топ. «Анама хат» әнін домбырада әнімен орындайды.
Әнді тыңдау барысында қандай көңіл-күйде болдыңыздар?
«Сөздік жұмысы»
Аптап- ыстық
Пәрменінше- бар күшімен
Қайран қалу- таңғалу
Қайыр- пайда
Лаухұлмахбұз – діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта
Хақ тағалам- жаратушы алла
Жарам – уайым,қайғы
Харам - адал емес
Кермесіне – кедергі,қарсылық мағынасында
«Мәтінмен жұмыс»
Текстен синоним, антонимдерді табу
Синоним - тамбау, жаумау; пайда, қайыр ;
Антоним - жаумай- құя салу;
«Қара бұлт» мысалындағы ғибрат алатын шумақты табыңыз.
Бұлт сияқты қолынан келетін істі пайдаға жұмсамайтын адамдар қазіргі өмірде кездесе ме?
Сергіту сәті. (10-слайд,музыкамен)
«Ой қорыту» (пікіралысу)
Эссе «Қазіргі заманда қайырымдылық керек немесе керек емес»
Бұлт
|
Адам бойындағы қасиеттер
|
Тау
|
|
|
|
Үйге тапсырма: (14-слайд)
1. Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқу.
2. Аналарымызға хат жазу (өлең шығару,сурет салу)
ІХ. Бағалау Сабақ барысында оқушылар жауабына жасыл,қызғылтсары,көк түсті жұлдызшалар сыйлық ретінде жауаптарына сәйкес беріледі.Мұндағы жасыл-«өте жақсы», қызғылтсары-«жақсы»,көк- «орташа».Оқушы жауаптарын А.Байтұрсынұлының тәрбиелі сөздерімен байланыстырып бағалау.
Кері байланыс
|
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев. «Мен кім?», «Қазақ тілі»
Сабақтың мақсаты. 1. Ақын жайлы мәлімет бере отырып, өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, тіл тазалығы, тіл байлығы жайлы түсіндіру.
2. ойлау дағдыларын дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, ой ұшқырлығына баулу.
3. Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, дана, дара тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі:
Сабақтың типі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, тірек сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, өлеңдер жинағы, альбом.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы тексеріліп, назарлары сабаққа аударылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ»
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы
ақын аудармашы
М.Жұмабаев
Қоғам
қайраткері ұстаз, ғалым
ІҮ. Оқулықпен жұмыс. 1. «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Сөздік жұмысы. Ерікке ұмтылған –тәуелсіздікке; Ұшқыр жаны кісенде-қазақ тілі тәуелді; қос қанат – көне тіл, баба тіл; нұрлы жұлдыз-жарық сәуле.
3. Өздік жұмысы
1-кесте
Халықтың басына түскен ауыртпалықты танытатын сөз тіркестері мен тармақтарды жаз
|
Түсінік бер
|
|
|
2-кесте
Ақынның тілді қастерлеуін танытатын сөз тіркестерін, тармақтарды теріп жаз
|
Өзіңнің ана тіліңді қалай қастерлейсің?
|
|
|
4. «Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқу.
-Өлеңдегі жалынды сөздерге мән бер
-Арыстан, жолбарыс, күн, жалын сөздерінің нені, қандай қасиетті бейнелейтінін айтыңдар.
Ү. Бекіту. Салыстыру.
«Шығамын тірі болсам адам болып»
|
«Мен кім?»
|
|
|
ҮІ.Үйге тапсырма беру. 1.Өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті?
2. Өлеңді жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |