Сабақтың тақырыбы: Ақын Абайдың операдағы бейнесі Мұғалімнің аты-жөні : Шинетова Оксана



Дата25.08.2017
өлшемі147,54 Kb.
#26389
түріСабақ
Пәні: МУЗЫКА

Сабақтың тақырыбы: Ақын Абайдың операдағы бейнесі

Мұғалімнің аты-жөні: Шинетова Оксана

Мерзімі:

5 «а»

5 «ә»

5«б»

5 «в»













Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:


Абайдың музыкалық мұрасы туралы терең таныту, ұғындыру. Ақын әндеріндегі ерекше әуен, ырғақ туралы білімдерін қалыптастыру. Абай әндерінің операға ұласуы, ақын тұлғасымен операдағы бейнесінің ұқсастығын түсіндіру. Өнер арқылы жан –жақты білімді , саналы болуға ,ой-өрістерін одан әрі дамыту. Оқушыларды опера музыкасын түсініп, ұға білуге баулу

Сабақтан күтілетін нәтиже:

1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Әндерді нақышына келтіріп орындай алады, жыр мазмұнына талдау жасай алады.

2-деңгей

(қолдану, талдау):




Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):




Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Музыкаға деген қызығушылықтарын артады. Шығармашылық қабілеттері дамиды.

Тілдік мақсат:

Классик композитор, симфония, финал

Ресурстар:

Музыка оқулығы 5, дидактикалық материалдар, көрнекіліктер, АКТ


Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы

Алдыңғы оқу:

Классикалық опера өнері

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

... минут (1-3 минут)

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

... минут (7-10 минут)

1-деңгей (білу, түсіну):

(1-2 ұпай)

тақырыбты мазмұндау

1-2ұпай

2-деңгей

(қолдану, талдау):



(2-3 ұпай)


Күйден алған әсерім

2-3ұпай

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):



(4-5 ұпай)


Күйдегі аспаптардың қолданылуы

4-5ұпай

ЖАҢА САБАҚ

... минут (5-7 минут)

«Абай»[1] - композитор А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің операсы. Либреттосы – М. Әуезовтікі. Операның алғашқы қойылымы 1944 ж. желтоқсанның 26 күні Қазақтың опера және балет театрында Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. Операны сахнаға шығарған режиссері Қ. Жандарбеков, суретшісі Қ. Қожықов, дирижері Л. М. Шаргородский болды. Операның 2-редакциясын Жұбанов пен Хамиди 1956 ж. қайта жазды.



Бұл жолы оны сахнаға қойған - режиссері Қ. Жандарбеков пен Қ. Байсейітов, суретшісі - А. Ненашев, дирижері - Т. Османов. Операда басты кейіпкер - Абайдың өмір сүрген заманы, қазақ даласындағы Ресей патшалығының отаршыл саясаты, қазақ халқын бір жағынан орыс әкімдері, екінші жағынан жергілікті феодалдардың қанауы, ақынның еңбекші халық үшін істеген қоғамдық, адамгершілік қызметтері көрініс тапқан. Композиторлар-қазақтардың қоғамдық, әлеуметтік тұрмысын суреттей отырып, ақын тұлғасын оның реакцияшыл болмысқа, бай-феодалдарға қарсы күрес үстінде көрсете білген. Операда бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі түрлі әлеуметтік күш: Жақсылық пен Зұлымдық, яғни, алдыңғы қатарлы озық ой мен кертартпа күш үнемі арбасып отырады. Операда жаңашыл жастардың бірі Абайдың шәкірті - Айдар. Сүйенері жоқ, бірақ әділдікті көксеген, жолы түзу, дарынды жас ақын. Оның сүйгені Ажар да өзінің бас бостандығын аңсаған, сол үшін әділетсіздікке қарсы күресіп келе жатқан жағымды тұлға. Абайдың достары Көкбай, Қарлығаштар да тартымды бейнелер. Операдағы жағымсыз кейіпкерлердің бірі - Әзім, ол Абайдың жақыны, ақын, бірақ оның негізгі ұстаған жолы, тілегі Абайға қарсы. Операның өн-бойында Әзімнің жүріс-тұрысы, әрекеті, оның халық алдындағы сөзі мен билігі оны Абай жағындағы адам сияқты көрсетеді де, шығарма соңында ол Айдарға у беріп өлтіреді. Осының өзі Абай арманының құлаған сәтін көрсетсе де.осы тұстағы қуатты ария шындықты тап басып, ұлы ақынның болашаққа сеніммен қарайтынын танытады. Операның мазмұны мен кейіпкерлердің бір- бірімен қарым-қатынасы, шиеленіскен тартыс шиыршық атқан уытты музыка арқылы ашыла түседі. Операның жалпы музыкасы халық әндерімен әдемі жарасым тапқан. Абайдың кейбір ариялары мен ариозалары ұлы ақынның өз әндерімен үндес пайдаланылған, ал бірқатары халық музыкасынан алынған, сондай-ақ Ӏ-актідегі «Қай талқы құл алдына құрылмаған» деп басталатын ариясы мен «Зарлының наласы, жас жүрек жарасы» әні композиторлардың өздері туғызған туындылар. Операдағы Абай, Айдар, Ажар ариялары әуендік жағынан бай, үлкен шеберлікпен жазылған. Басқа да кейіпкерлердің ариялары, дуэттері, ансамбльдері, речитативтік әндері, хорлар мен би музыкалары операның жалпы драматург, құрылысымен тығыз байланысты және Абай әндерімен, халық музыкасымен сарындас: Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1 акт, 2 картина), «Айттым сәлем, қалам қас» (3 акт), «Сегіз аяқ» (4 акт) әндерімен қоса «Қаралы қайғы кештім-ай, талай, талай» (1 акт) немесе «Қош, жазықсыз арыстаным» (4 акт) деп басталатын тұстардан Біржанның «Ақ тентек» әнінің әуені естілгендей болады. Операда Нарымбет пен Жиренше тұлғаларын бейнелеуге речитативтік әндер пайдаланылған. «Абай» операсының алғашқы қойылымында Абайдың бейнесін - Р. Абдуллин, Ажарды - К. Байсейітова, Айдарды - Б. Досымжанов, Әзімді - М. Абдуллин, Қарлығашты - О. Симоновқа, Көкбайды - А. Байғожаев, Сырттанды - М. Толыбаев, Жиреншені-С. Әбжанов, Нарымбетті - Ә. Мұсабеков, Месті - Ғ. Құрманғалиев сомдады. Бұл опера – қазақ операсының классик, үлгісі және опера өнеріндегі жаңа белес. Опера қазақтың опера және балет театры репертуарынан берік орын алды.Театр өзінің жыл сайынғы жаңа маусымын осы операмен ашады. Опера 1958 ж. Москвада өткен Қазақстан өнері мен әдебиетінің он күндігінде қойылды. Композитор А. Жұбанов пен Л. Хамидиге «Абай» операсы үшін Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978 Ж.).[2] "Абай" топтастыру(композитор, ақын, күйші, аудармашы, сыншы)
Жаңа тақырып: Операдағы Абай бейнесі ұлы ақын есімімен аталатын «Абай» операсын А. Жұбанов пен Л. Хамиди Абайдың туғанына 100 жыл толуына орай арнады.
Либреттосы:
М. Әуезов
(1897 - 1961)
Музыкасын жазғандар: Л. Хамиди, А. Жұбанов
Операдағы кейіпкерлер: Абай, Жиренше, Ажар, Нарымбет, Айдар т. б
А. Жұбанов (1906 - 1968) Ақтөбе облысында туған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, академик, профессор, музыка зерттеушісі болған. Қазақстандағы композиторлар мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Санкт-Петербург консерваториясын бітірген. А. Жұбанов 1934 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері қызметін атқарады. Оркестрге арналған «Би», «Күй», «Құрманғазы маршы», «Қазақ маршы» т. б. вокалдық әндері: «Қарлығаш», «Ақ көгершін» т. б.
Л. Хамиди (1906 - 1983) қазіргі Татарстанның Апас ауданы Бували ауылында дүниеге келген. 1933 ж Л. Хамиди Қазақстан Мемлекеттік драма театрының шақыруымен Алматыға келеді. Алғашқы күннен бастап халық әндері мен күйлерін жинақтаумен айналысты.
Операда ұлы ақын ағартушы бейнесі жан - жақты ашылып, Абайдың өмір сүрген кезіндегі қараңғы да надан, байлықтан басқа білмейтін топас байлар, қатыгез әдетті ұстанған кейбір адамдар нанымды бейнеленген. Опера барысында Абай бүтіндей халықпен бірге көрінеді. Операның сюжеті бойынша, қайшылық негізінде Абайдың сүйікті шәкірті Айдар мен Ажардың махаббаты баяндалады.
Музыка тыңдау: Абайдың ариясы.
Ән үйрену: «Қарлығаш азат құспын» әнін операда әйелдер хоры орындайды.

САБАҚТЫ БЕКІТУ

... минут (15-20 минут)

1-деңгей (білу, түсіну):

(1-2 ұпай)

1. «Абай» операсын жазған композиторлар.



1-2 ұпай

2-деңгей

(қолдану, талдау):



(2-3 ұпай)


2. Сахнаға қай жылы қойылды?



2-3 ұпай

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):



(4-5 ұпай)

3. Либреттосын жазған кім?
4. Операда Абай кімдерге қарсы күресті?
- Міне, балалар, Абай өлеңінде ғана емес, өмірінде де әділдік, туралық, шындық үшін күрескен.



4-5 ұпай

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

... минут (5-7 минут)

1-деңгей (білу, түсіну):

(1-2 ұпай немесе «3» баға)

Ітоп–Той әнін сахнада хормен айту.



1-2 ұпай

2-деңгей

(қолдану, талдау):



(2-3 ұпай немесе «4» баға)

ІІ топ – Ән әуеніне бидің ырғағын тауып билеу.



2-3 ұпай

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми - зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

(4-5 ұпай немесе «5» баға)

ІІІ топ – Абайдың музыкалық бейнесін сахналау.


4-5 ұпай

БАҒАЛАУ

... минут (2-3 минут)

(Сабақ барысында қанша ұпай жинақтаса13-15- «5», 10-12«4»,8-12 «3» немесе1-8 «2» баға алатыны жазылады)

Бағалау парақшаларын толтыру.






КЕРІ БАЙЛАНЫС

... минут (1-2 минут)

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату








Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?






Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?



Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?




Тексерілді тәлімгер: Ұ.Нысанбаева

Тексерілді: Б.Амалдыкова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет