Сабақтың тақырыбы Аңыз әңгімелер Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі170,42 Kb.
#32212
түріСабақ

Мерзімі,сыныбы,пәні

18.09. 9-сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Аңыз әңгімелер Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға аңыз әңгімелер туралы түсінік беріледі

Нәтижесі

Оқушылар аңыз әңгімелер туралы біледі

Сілтеме

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.2.Оқыту әдістемесі.«Қаз.әдебиеті»9-сынып

Көрнекілігі

Оқулық,тақта, бор.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Топпен жұмыс, жұптық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, өмірмен байланыс




Кезеңдер Блум так.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын тексеру.Топқа бөлу.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, «Санамақ» ойыны арқылы топқа бөлінеді.



Білу

Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау.

- Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар.

- Тұрмыс-салт жырлары дегеніміз не?

- Тұрмыс –салт жырларының түрлері туралы не білеміз?



- Халық ауыз әдебиетінің түрлері туралы айтады.

- Тұрмыс-салт жырлары туралы айтады.

- Тұрмыс-салт жырларының түрлері туралы айтады.



Түсіну

Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін бақылау. Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін қалыптастыру. Аңыз туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Әр топқа тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша жауаптар дайындайды.

Қолдану

Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Әр топ тапсырмаларды орындайды. Оқушылар аңыз әңгімелер туралы білімдерін ортаға салады.

Аңыз әңгімелер туралы оқушылар пікірін тыңдау.





Сергіту сәтін орындату

Орындарынан тұрып,әр топ бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Талдау

Әр топ өз ойларын айтады.

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жауаптарын дайындайды.

Жинақтау

Өтілген тақырып бойынша өзіндік пайым жасауға бағыттау

Бүгінгі сабақта не білдік? Өз білімдері мен не үйренгендігі жайлы түсініктеріне талдау жасайды.

Бағалау

Өзін –өзі бағалау, критерий арқылы бағалау.

Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін жинақтайды,бағалайды.

Кері байланыс

Не білдім,нені меңгердім?

Нені білгенін,нені үйренгені туралы айтады.

Келесі тапсырма

Батырлар жыры

Аңыз әңгімелер оқып келу.



Мерзімі,сыныбы,пәні

25.09. 9-сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Батырлар жыры

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға батырлар жыры туралы түсінік беріледі

Нәтижесі

Оқушылар батырлар жыры туралы біледі

Сілтеме

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2.Оқыту әдістемесі.«Қаз.әдебиеті»9-сынып

Көрнекілігі

Оқулық,тақта, бор.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Топпен жұмыс, жұптық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, өмірмен байланыс




Кезең

дер


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын тексеру.Топқа бөлу.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, «Санамақ» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

Білу

Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау.

- Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?

- Қандай батырлар жырын оқыдыңдар?

- Қамбар батырдың батырлығын,адамгершілігін жырдан табыңыздар.



-Ауыз әдебиетінің түрлері туралы айтады.

-Батырлар жыры ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елі-

нің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым.


Түсіну

Батырлар жыры туралы түсініктерін бақылау. Батырлар жыры туралы түсініктерін қалыптастыру. Батырлар жыры туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Әр топқа тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша жауаптар дайындайды.

Қолда

ну


Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. «Қамбар батыр»жыры-халық әдебиетінің ең ескі түрінің бірі-батырлар жыры болады.«Қамбар батыр» жырының негізгі идеясы-ел бірлігін биік ұстау,елді, жерді қорғау.Жырда кездесетін Назым,Алшыорда,Қамбар бейнелері арқылы ерлік, бірлік,сұлулық жырланса,Қораз,Дараз,Қарымсақ бейнелері арқылы өмірде ақымақтық, ашкөздік өркөкректік сияқты жағымсыз қасиеттердің де кездесетінін көреміз.

Батырлық эпостарда кездесетін патриоттық,батырлық,елін,жерін қасық қаны қалғанша қорғау қасиеттері осы жырға да тән.

Батырлық жырларда батырдың сенімді серігі.тұлпары болатыны белгілі. Қамбар батырдың тұлпары- Қарақасқа ат.

«Қамбар батыр» жыры тілі жағынан құнды жырлардың бірі саналады. Бұл жырда әсірелеу аз.Бұл жыр поэтикалық тіл жағынан өзіне тән ерекшелігі-символ. Символдың ең күрделі, әдемі үлгілері жырда кездеседі.Мысалы: Келмембет:

Саусағ алтын сұңқарға Алтайы қызыл түлкіңе

Ілдірейін деп келдім, Қосайын деп ойлап ем

Көлдегі үйрек,қазыңды. Құмай жүйрік тазымды,- дейді.

Келмембет Қараманды-сұңқар,құмай тазы бейнесінде,Назымды-үйрек,қаз,қызыл түлкі бейнесінде көрсетеді.Бір қарағанда,әңгіме сұңқар,қаз,қарақұс,құмай тазы,аққу,төбет ит туралы. Бірақ бұл-символ,айтайын дегенін,ой-пікірін бейнелеп көрсету.

«Қамбар батыр» жыры-ноғайлы хандығына қараған қазақ руларының жауларына қарсы тұруын бейнелейтінін,елдің бірлігі, ердің ел үшін қызмет етуін аңсау тілегінен туған көркемдігі жоғары әдеби мұра.


Батырлар жыры туралы оқушылар пікірін тыңдау.





Сергіту сәтін орындату

Орындарынан тұрып, әр топ бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Талдау

Әр топ өз ойларын айтады.

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жауаптарын дайындайды.

Жинақ

тау


Өтілген тақырып бойынша өзіндік пайым жасауға бағыттау

Бүгінгі сабақта не білдік? Өз білімдері мен не үйренгендігі жайлы түсініктеріне талдау жасайды.

Бағалау

Өзін –өзі бағалау, критерий арқылы бағалау.

Батырлар жыры туралы түсініктерін жинақтайды,бағалайды.

Кері байла

ныс


Не білдім,нені меңгердім?

Нені білгенін, нені үйренгені туралы айтады.

Келесі тапсырма

Батырлар жыры. Шығармашылық жұмыс.

«Қамбар батыр жыры» оқып келу.



Мерзімі,сыныбы,пәні

30.09. 9 а,в -сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Сөздердің стильдік түрлері.


Сабақтың мақсаты

Сөздердің стильдік түрлері туралы түсінік беріледі.

Нәтижесі

Сөздердің стильдік түрлері туралы біледі

Сілтеме

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2. Оқыту әдістемесі. «Қазақ тілі» 9-сынып

Көрнекілігі

Оқулық,тақта, бор.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Топпен жұмыс, жеке жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, өмірмен байланыс




Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру кезеңі



Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, «Санамақ» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

Білу



Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау, жаттығу жұмысына көңіл бөлу.

- Тіл туралы Заң неше тараудан тұрады?(6 тараудан)

- Неше баптан тұрады? (27 баптан тұрады)


Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, «Санамақ» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

-Тіл туралы Заң неше тараудан тұратыны жайлы айтады.

- Тіл туралы Заң неше баптан тұратыны жайлы айтады.


Түсіну

Сөздердің стилдік түрлері туралы түсініктерін бақылау. Сөздердің стилдік түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.Сөздердің стилдік түрлері туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Әр топқа тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша жауаптар дайындайды.

Қолдану

Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.

Стилистика- тіл білімінің бір саласы,стиль туралы ғылым. Стиль – қазақша жазу құралы деген сөз.Жазба тілде де,ауыз екі сөйлеу тілінде де стиль талаптары сақталады. Стилистика әдеби нормадан ауытқымай,тілді дұрыс қолдану,әдеби тілдің стильдік сапасы мен мәнерлегіштік қасиетін тани білу дағдыларын меңгертеді.

Синтаксистік құрылымның жүйелі,ретті болуы н/е сөйлемдегі сөздердің орын тәртібімен орналасуы да ойды жеткізуде айрықша мәнге ие болады.Сөйлемдегі сөздердің орналасуына қарй айтылған(жазылған) ой әр түрлі реңді білдіретінін байқаймыз. Кестеге назар аударайық:


Тапсырманы топ – топқа бөлініп орындау.-

-5-6сөйлемнен тұратын ой тұжырым жазу.(32)

- 2-3 сөйлемнен тұратын ой пікір жазу.(33)

- Берілген мысалдардың синонимін табу.(34)



-Қарамен жазылған сөздердің мағынсын анықтаңдар.(39)

Талдау

Әр топ өз ойларын білдіріп,32,33,34 -жаттығу жұмыстары туралы сөйлейді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жауаптарын дайындайды.

Жинақтау

Өтілген тақырып бойынша өзіндік пайым жасауға бағыттау

Өз білімдері мен не үйренгендігі жайлы түсініктеріне талдау жасайды.

Бағалау

Өзін –өзі бағалау, критерий арқылы бағалау.

Ойын жинақтайды,бағалайды.

Кері бай

Не білдім,нені меңгердім?

Нені білгені,үйренгені туралы айтады.

Келесі

Қазіргі кітаби тіл туралы стилистика.

35-жаттығу. 49 бет



Мерзімі,сыныбы,пәні

13.11. 5 а -сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Табу сөздер

Сабақтың мақсаты

Табу сөздер туралы түсінік беріледі.

Нәтижесі

Табу сөздер туралы біледі.Сөйлем ішінен табады.Табу сөздерді синоним,омоним,антоним сөздерден ажырата алады.

Сілтеме

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2. Оқыту әдістемесі. «Қазақ тілі» 5-сынып

Көрнекілігі

Оқулық, тақта, бор.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, өмірмен байланыс




Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, топқа бөлінеді.

Білу



Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау, жаттығу жұмысына көңіл бөлу.

- Синоним сөздер дегеніміз не?

- Омоним сөздер дегеніміз не?

- Антоним сөздер дегеніміз не?




Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.

Омоним сөздер дегеніміз-біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа-басқа сөздерді айтамыз.

Мағыналары бір-біріне қарама- қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.


Түсіну

Табу сөздер туралы түсініктерін бақылау. Табу сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Табу сөздер туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге,мәтін ішінен таба білуге дағдыландыру.

Әр топқа тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша жауаптар дайындайды ас,тағам, дәм,ауқат дегендер бір ғана синонимдес сөздер. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, беретін ұғымы- адам .

Қолда

ну


Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты.Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады.

Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі.Бұл әдет әсіресе,түркі халықтарының,оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.Қазақтың ескі әдет-ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған-туыстарының атын өз атауымен атамайтын болған.

Солардың әрқасысының жақындық жолына,жасының үлкен – кішілігіне қарай лайықты ат қоюға тиіс болған.Мысалы: қызға шырайлым, еркежан, бикеш деген.

Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге,түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан.Мысалы: шешек ауруының атын атаудан қорқып, оны «қорасан» деген




Оқулықпен жұмыс.102жаттығу.

Мәтінді түсініп оқып,мазмұн желісін сақтап айтыңдар.

103-жаттығу.Қарамен жазылған сөздердің табу сөзге жататынын, байқап көріңдер.

жатпайтынын


І топ.

ІІ топ.

ІІІ топ.

ІҮтоп.



Талдау

Әр топ өз ойларын білдіріп,87,88,89,90- жаттығу жұмыстары туралы сөйлейді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жауаптарын дайындайды.

Жинақ тау

Өтілген тақырып бойынша өзіндік пайым жасауға бағыттау

Өз білімдері мен не үйренгендігі жайлы түсініктеріне талдау жасайды

Бағалау

Өзін –өзі бағалау, критерий арқылы бағалау.

Ойын жинақтайды,бағалайды.

Кері бай

Не білдім,нені меңгердім?

Нені білгені,үйренгені туралы айтады.

Келесі тапсырма

Эвфемимдер. Жаттығу жұмысын жүргізу.

Табу сөздерді тауып,жазып келу.



Мерзімі,сыныбы,пәні

07.10. 9 а,в -сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі кітаби тіл туралы стиль

Сабақтың мақсаты

Қазіргі кітаби тіл стилі туралы түсінік беріледі.

Нәтижесі

Стилдік түрлер туралы біледі. Қазіргі кітаби тіл стилін біліп,сабақта меңгеріп шығады.Өмірде қолданады.

Сілтеме

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2. Оқыту әдістемесі. «Қазақ тілі» 9-сынып

Көрнекілігі

Оқулық,тақта, бор.

Сабақтың әдіс-тәсілі

Топпен жұмыс, жеке жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, өмірмен байланыс




Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдасттыру кезе ңі

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, «Санамақ» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

Білу



Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау, жаттығу жұмысына көңіл бөлу. - Кітаби тіл лексикасы туралы не білеміз?

- Стилистика нені зерттейді?




Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, «Санамақ» ойыны арқылы топқа бөлінеді.

Кітаби лексикаға жататынсөздер, неологизмдер , терминдер мен түрлі атау- ұғымдар .



Түсіну

Сөздердің стилдік түрлері туралы түсініктерін бақылау. Сөздердің стилдік түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.Сөздердің стилдік түрлері туралы алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Әр топқа тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша жауаптар дайындайды.

Қолдану

Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.

Стилистика- тіл білімінің бір саласы,стиль туралы ғылым. Стиль – қазақша жазу құралы деген сөз.Жазба тілде де,ауыз екі сөйлеу тілінде де стиль талаптары сақталады. Стилистика әдеби нормадан ауытқымай, тілді дұрыс қолдану,әдеби тілдің стильдік сапасы мен мәнерлегіштік қасиетін тани білу дағдыларын меңгер теді.Топтастыру.Тіл стильдері: Ауызекі сөйлеу, кітаби тіл стилі,көркем әдебиет стилі, іс қағаздар стилі, ғылыми стиль,публицистикалық стиль.



Тапсырманы топ – топқа бөлініп орындау.-

-Сөйлеу тілі стилистикасына қатысты сөздерді теріп жазу.(42)

-Өздері таңдаған тақырыпқа диалог

құрау (44)

- Ой толғау жазу.(45)

Тіл стильдерін топтастырады.



Талдау

Әр топ өз ойларын білдіріп,42,44,45-жаттығу жұмыстары туралы сөйлейді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жауаптарын дайындайды.

Жинақтау

Өтілген тақырып бойынша өзіндік пайым жасауға бағыттау

Өз білімдері мен не үйренгендігі жайлы түсініктеріне талдау жасайды.

Бағалау

Өзін –өзі бағалау, критерий арқылы бағалау.

Ойын жинақтайды,бағалайды.

Кері бай

Не білдім, нені меңгердім?

Нені білгені,үйренгені туралы айтады.

Келесі

Қазақ әдеби тіл туралы стилистика.

43-жаттығу. 57 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет