Қостанай қаласындағы
№ 16 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Күдербекова Айнұр Серікқызы
Уақыт: 26.02.2014ж.
Сынып: 4-сынып.
Оқушылардың саны: 15 оқушы.
Модульдің тақырыбы: «Демалыс»
Сабақтың тақырыбы: «Қайталау сабағы»
Мақсаты: Оқушылардың дұрыс сөйлеу, ойлана білуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайту, өтілген материалдарды қаншалықты меңгергенін бақылай отырып, пысықтау, қайталау, бекіту.
Түйінді идеялар: Барлық оқушылар үшін тиісті орта қалыптастыру; еркін атмосфераны қамтамасыз ету; балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау, сауатты оқытуға ықпал ету; оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, өз пікірін айтқызу.
Міндеті: Тақырыпқа байланысты міндет: тақырыптарына қарай топтайды, мәтінді түсіндіреді; септік жалғауларды тауып, септік жалғауларын ажыратады.
Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды.
Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды.
Түрі: бекіту сабағы.
Әдісі: талдау, ынталандыру, сұрақ-жауап, ой бөлісу, «топтастыру», «еркін жазу», стратегиялары.
Көрнекілігі: Тақырыптарға байланысты суреттер жиынтығы, сызба-кесте, интерактивтік тақта, таратпа қағаздар.
Сабақ барысы:
Уақыты
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс - әрекеті
|
Ескерту, қандай материалдар қолданды?
|
2 мин.
|
І.Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу.
2. Сабаққа психологиялық дайындық.
3. Кезекшімен сөйлесу.
4. Күн ретін сұрап, жазғызу.
5. Сабақтың мақсатын айту.
|
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле күніміз.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Сәлеметсіз бе?
|
|
3 минут
|
ІІ.Қызығушылығын ояту
Өткен тақырыпқа байланысты видеоны көрсету.
Не туралы көрдіңдер, қалай түсінесіңдер?
|
Оқушылар видеоны көріп, тыңдап отырады.
Оқушы берілген сұраққа толық жауап береді және өз ойларын дәледейді.
|
Интерактивтік тақта
|
15 минут
|
Топпен жұмыс:
1-топ. « Стадионда»
2-топ. «Вокзалда»
3-топ. «Сурет көрмесінде»
|
Топқа бөлу. Сары, жасыл, қызыл.
Топпен жұмыс.Жазбаша жұмыс. Орындайды.
Оқушылар суреттер арқылы бір неше сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап іздейді, өз пікірлерімен бөліседі.
1-топ.
2-топ.
3-топ.
Топтық бағалау
|
Достарыңызбен бөлісу: |