Сабақтың тақырыбы: Акварель бояулары. Сабақтың мақсаты: Акварель бояулары, пайдалану тәсілдері, сурет салуға бейімдеу



Дата25.08.2017
өлшемі122,96 Kb.
#25757
түріСабақ
Іле ауданы. №14 орта мектетің бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Жигитахметов Болат Кабышевич

5- сынып Бейнелеу өнері.

Ашық сабақ жоспары.



Сабақтың тақырыбы: Акварель бояулары.

Сабақтың мақсаты: Акварель бояулары, пайдалану тәсілдері, сурет салуға бейімдеу.

Дамытушылық: Қарапайым табиғат элеғменттерін бейнелеу, логикалық ойлау қабілетін дамыту, табиғат көріністерін анықтау барысында оқушының ойлау және көз алдына елестету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ұтқырлыққа және ұжымдық ұйымдастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Оқулық, суретшілердің пейзаж репродукциялары.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тақтаға эскиздік бейнелеу жұмыстары, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: Сызу, биология және география.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал-жабдықтарын, акварель бояуларын қарап шығу.

  2. Жаңа материалды қабылдау кезеңі: Бояу түрлері: майлы бояу, акварель бояуы, түрлі түсті қарындаштар. Соның ішінде біздің кең қолданатын бояуымыз –акварель. Бұл бояу суға езіледі, иісі жоқ, денсаулыққа зияны жоқ. Акварель бояуын қолдану бары-сында суды қоса отырып бояу түрін қою немесе сұйық түрінде қолдануға болады. Сонымен қатар суық және жылы түсті бояуларды бір бірімен қосып басқа түстер шығаруға болатынын білеміз. Мысалы:- сары+қызыл (қызылсары), сары+көк (жасыл), жасыл+қызыл (қоңыр), қызыл+көк (сиякөк) т.с.с.

  3. Акварель қағазына бояуларды жағу техникасын көрсету. Бояуды даярлап сумен жібіту, қағазды дымқылдап, бояу таңдап қолдану үшін беттен политра даярлау. Пейзаж дегеніміз не? Пейзаж дегеніміз табиғат көрінісі – бұл суретшінің табиғат аясында салған суреті. Бұл суреттер жылдың төрт мезгілі болуы мүмкін. Бүгін акварель бояуын қолдана отырып күзгі табиғат көрінісін бейнелеу

  4. Бекіту кезеңіАкварель бояуы не үшін қажет?

  • Бояу қалай қолданады?

  • Бояу түрлерін қалай өзгерте аламыз?

  • Суық және жылы түстерді қалай шығарамыз?

  • Суық және жылы түстерді ажыратып бер?

  • Пейзаж дегеніміз не?

  • Натюрморт дегеніміз не?

Оқушылардың өздік жұмыстары «Күзгі пейзаж». Жұмыс барысын қадағалап, дұрыс жұмыс жасаған оқушылардың жұмыстарын көрсете отырып сынып балаларының жұмыстарын қызықты ұйымдастыру.



Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі - Жоғарыда берілген сұрақтарға ұтымды әрі жылдам шешімдермен көзге түскен оқушылар еңбегін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет