5 «Ә» сыныбында жаратылыстану пәнінен «КҮН ЖӘНЕ КҮН ЖҮЙЕСІ» тақырыбына сабақ өткіздім.Сабаққа тәлімгерлер С.Мухатова,Р.Рабилова,М. Исабек қатысты. Олар сабақтың өтілу барысын,оқушылардың іс – әрекетін, сабақтың жоспарлы түрде өтуін қадағалап отырды. Олар сабақтың аяғына шейін сабақтың кемшілігі мен жетістігін жазып отырды. Мәтінді оқу және талдау мақсатында сабақта ББҮ тәсілін қолдандым.Тәсілді бүкіл сабақ барысына пайдаландым.
Не жақсы өтті? Ол неге жақсы өтті? Қандай дәлел келтіре аламын?
сын тұғысынан ойлаудың «ББҮ» тәсілін пайдалануда оқушылар қызығушылықпен жұмыс жүргізді;
оқушылардың басым бөлігі жұмыс жасай алды;
Әр топта 1-2 (Ердәулет,Насиба,Нажия,Аружан,)оқушы жазу жұмысын жүргізді,ал қалған оқушылар өз ойларын айтып отырды. Ал топ басшылары (Маржан,Нажия,Дәурен,Жібек) жұмыстың жүру барысын қадағалап отырды;
сабақ этаптары бір- біріне байланыса жүргізілді;
сын тұрғысынан ойлаудың «ББҮ» тәсілітолық пайдаланылды;
« ББҮ» тәсілін пайдалануда оқушылармен диалогтық сұхбат жүргізілді; Үй тапсырмасын сұрауда«Биатлон» ойыны өте тартысты жүргізілді ;
сын тұғысынан ойлаудың «ББҮ» тәсілін пайдалануда оқушылар ашыла түсті,топтық жұмыс,жұптық жұмыс жүргізгенде оқушылар жұмысты қызығушылықпен жүргізді,оқушылар арсындағы атмосфера өте тартымды және бір біріне деген сыйластықтары арта түсті;
Не онша жақсы болмады? Ол неге онша жақсы болмады? Қандай қиындықтар туындады?