Мақсаты: Бүгінгі күннің сәтті өтуіне және бір – біріне жылы тілектерін білдіру. Көңіл – күйлерін көтеру.
Мақсаты: Бүгінгі күннің сәтті өтуіне және бір – біріне жылы тілектерін білдіру. Көңіл – күйлерін көтеру.
Нұсқауы: Әр оқушы гүлді алып өзінің қалауы бойынша біреуге сыйлауды ұсынады және әр қатысушы «Мен ... (атын атау) мына гүлді сізге сыйлаймын, өйткені сіз ең ...» деген сөздер айтуы тиіс.
Қаңдай түсті таңдайсыз?
І – топ. Жасыл түсті таңдаса, сенімділік сезімін және қайсарлылықты кейде қырсықтықты білдіреді. Мұндай адам көбіне пысық және әр іске жауапкершілігі жоғары. Сондай – ақ, бұл адамдар қатарына алдағы күніне жоспар құра білген, өзіне деген сенімі жоғары адамдарды жатқызамыз.
І – топ. Жасыл түсті таңдаса, сенімділік сезімін және қайсарлылықты кейде қырсықтықты білдіреді. Мұндай адам көбіне пысық және әр іске жауапкершілігі жоғары. Сондай – ақ, бұл адамдар қатарына алдағы күніне жоспар құра білген, өзіне деген сенімі жоғары адамдарды жатқызамыз.
ІІ – топ. Қызы түсті таңдаса, ол физикалық тұрғыдан күшті адам, өмірге деген құлшынысы жоғары, шапшаң қозғалатын, жауапкершілігі мол, бойында күш-қуаты көп адам.
ІІ – топ. Қызы түсті таңдаса, ол физикалық тұрғыдан күшті адам, өмірге деген құлшынысы жоғары, шапшаң қозғалатын, жауапкершілігі мол, бойында күш-қуаты көп адам.
Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау
Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.
Жағдаяттан шығу (көрініс арқылы)
Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
«Психогеометрия» - өзін – өзі тану.
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрейік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Ирек.Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетін, ой – өрісін дамыған. Сенде табиғи өткір ойлық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысында жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар. Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
Нұсқау: Сабаққа қатысушыларға жасырын түрде мамандықтар суреті тұрады, ал олар сол мамандық иелерінің кескін-келбетінт ым-ишарамен рөлге ене отырып, көрсетуі керек. Сонымен қатар келесі топ тауып алуы керек.
«Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демекші, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар. Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.
Психологиялық кеңес. Есіңе сақта.
1. Мектептегі оқу пәндері нақты мамандық емес. Пәңге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді. Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару; 2. “Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды” деген қорытынды жасауға болмайды. 3. Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін. 4. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы. Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы меңгерген мамандық болу керек. 5. Мүмкіндігінше таңдаған мамандығыңның өзіңнің денсаулық жағдайыңа сәйкес келетіндігін ескеру қажет.