Сабақтың тақырыбы Қанықпаған көмірсутектер. Этилен. Мақсаты



бет1/3
Дата09.03.2023
өлшемі74,55 Kb.
#171566
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Қанықпаған көмірсутектер. Этилен тақырыбына сабақ жоспары (9 сынып)
на выход задачи, Алкендер.Алкендердің құрылысы, гомологтық қатары (1), Саметова Н.С. Кәсіби қазақ тілі(фермер шаруашылығы) ӘК (1)

Сыныбы 9Ә

Күні 12.04.2017 ж.

Мұғалім

Шурыкпаева Ж.Ж.

Сабақтың тақырыбы

Қанықпаған көмірсутектер. Этилен.

Мақсаты



Қанықпаған көмірсутектер жайлы жан-жақты түсінікті этилен мысалында қалыптастыру және алкендер жайлы білім беру.

Күтілетін нәтижелер



Барлық оқушылар біледі:

  • Алкендердің жалпы формуласын біле отырып, құрылымдық формулаларын жазып, номенклатура бойынша атай біледі;

  • Қанықпаған көмірсутектер туралы түсінеді;

  • Оқулықпен жұмыс жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Алкендердің қасиеттерін алкандармен салыстыра отырып, айырмашылығын көрсете алады.

Кейбір оқушылар:

  • Алкендер жөнінде алған білімдерін практикалық тұрғыдан нақты жағдаяттарда қолданады.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе
( 10 мин.)



Ұйымдастыру бөлімі.
Жағымды психологиялық ахуал туғызу:
- оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақ бойынша "Сәттілік!" тілеймін;
-кезекшіден оқушылардың сабаққа қатысын және үй тапсырмасын сұраймын.


«Миға шабуыл»
Өткен тақырып бойынша қайталау, қорытындылау сұрақтары

Оқушылардың сабаққа деген ынталары артады.


Кезекшілер сабаққа оқушылардың қатысын айтады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



Мағынаны тану



Жаңа тақырыпты ашып, мақсатын айқындау
Есеп. Белгісіз газдың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 14-ке тең. Оның құрамында 85,7% көміртек, 14,3% сутек бар болса, көмірсутектің формуласын анықтаңыздар.
Жауабы: С2Н4-этилен



  1. Инсерт әдісі

Жеке жұмыс
Мұғалім: Бұрында қабылданған білімге жаңа материалды енгізе отырып ілестірсе оңай есте сақталады. Сондықтан осы материалдарды ойда сақтап қалған білімді пайдалану жұмысын орындау. Сіздердің алдарыңызда өз білімдеріңізді бағалау парағы берілген, онда үш графа бар «Мен білемін», «Білгім келеді», «Не білдім».
5 мин ішінде бірінші графаны толтырасыз

  1. Топтық жұмыс

І топ. Қанықпаған көмірсутектердің аталуы, жалпы формуласы, номенклатурасы, изомериясы
ІІ топ. Этиленнің алынуы
ІІІ топ. Этиленнің физикалық қасиеттері және қолданылуы



  1. Топтық жұмыс

І топ. Этиленнің шарөзекті моделін құрастыру
ІІ топ. Этиленді бром суы арқылы өткізгенде не байқалады? (бейнекөрсетілім)
ІІІ топ. Этилен жану реакцияларына түседі ме? Полимерлену реакциялары дегеніміз не? (бейнекөрсетілім)

Оқушылар есепті топпен талқылап, жауабын біріге шығарады.
Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.
Сабақтың табыс критериін мұғаліммен біріге отырып құрады.
Табыс критерийі:
-алкендердің жалпы формуласын біле отырып, құрылымдық формулаларын жазып, номенклатура бойынша атай білу;
-алкендердің физикалық, химиялық қасиеттерін алкандардан ажырата алу;
-тақырып бойынша сандық, сапалық есептер шығару.

Оқулықпен жұмыс жасап, тақырыпты меңгереді. Кластер толтырады


Бірінші топ этиленнің шарөзекті моделін құрастырады және олардың молекулалық құрылыстары, гибридтенуі туралы айтады.
Екінші және үшінші топ реакция теңдеулерін жазып, бейнекөрсетілім бойынша түсіндіреді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет