Сабақтың тақырыбы: Аппликация. Аппликация түрлері. Мақсаты: Қағазбен жұмысты оқыту тәсілдері бойынша елестерін қалыптастыру



Дата19.02.2017
өлшемі180,91 Kb.
#11061
түріСабақ
Технология» пәні бойынша ашық сабақтың жүргізу әзірлемесі.
Топ:Ш-32 (Бастауыш білім беру бөлімі , 3-курс)

Пән атауы:Технология.

Сабақтың тақырыбы: Аппликация. Аппликация түрлері.

Мақсаты:Қағазбен жұмысты оқыту тәсілдері бойынша елестерін қалыптастыру

Міндеттері:1) Аппликация ұғымымен, оның шығу тарихымен, түрлерімен таныстыру;Аппликацияны бастауыш сыныптарда жүргізу әдістемесін жетілдіру;

2) Сабақта алған білім, білік дағдыларын қалыптастыру;

Қауіпсіздік ережесін сақтау;

3) Шығармашылық қабілетін дамыту, еңбек мәдениетін сақтауға, эстетикалық сезімдік тәрбие беру.



Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабаққа қажетті көрнекі құралдар:

1.Слайд көрсетуге компютер

2.Слайд «Аппликация», «Аппликацияның орындалу тәсілдері»

3.Көрме жұмыстарын қоюға тақта

4. Әр топқа технологиялық карталар (3 дана)

5.Үлгілер



Оқытудың әдістері мен тәсілдері:

- сөздік әдісі (тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу,әңгіме )

-көрнекілік және есту әдістері(тәсілдері: бақылау және көрсету)

- қызықтыру және қызығушылықтарын арттыру әдістері


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, сабаққа дайындықтарын тексеру, (жұмыс орнын дайындау)

3.Үй тапсырмасын тексеру

- Оригами дегеніміз не?

- Қағазды бүктегенде қандай талаптарды орындау керек?

- Қағазды бүктеу арқылы бір бұйым жасау (музыка арқылы кім жылдам бір бұйымды орындайды)

- «Оригамиді өз қолымен жасаймын», шеберлік класын көрсету

- Бұйымға талдау жасау

(Тексеру әдістері ; ауызша сұрау, практикалық жұмысты көрсету тәсілі )

Қауіпсіздік ережесін естеріне салу.

4.Жаңа материалды түсіндіру.

Жоспар:

1.Аппликацияның шығу тарихымен таныстыру.

2.Әр түрлі материалдан аппликация.Аппликацияның түрлері.

3.Аппликацияга қажетті материалдар.Орындалу тәртібі.

4. Оқу бағдарламасындағы технология сабағын қарастыру.

5.Практикалық жұмыс «Жаңа жылдық» аппликация жасау



Адам әрқашанда әсемдікке ,сұлулыққа талпынған.

Адамның ішкі жан-дүниесінің сұлу да,

әдемі болуы, қоршаған ортамен

қарым-қатынасынан бастау алады,

демекші бүгін сабақта сендер ерекше көңіл күйде болып, әсемдік әлемінде болады деп сенемін.

5. Студенттердің білімдерін, біліктерін тексеру

-Аппликация дегеніміз не?

-Аппликацияны қайдан кездестіруге болады?

-Мектепте қандай аппликация орындадыңдар?



Аппликация – бұл көркем шығарма. Бұл сәндік қолданбалы өнерге жатады. Адам өмірінде апплиацияның алатын орны ерекше, өйткені, әр адам әрқашан үй тұрмысында, киім киюде, түстерге, оның сәйкестігіне ерекше мән берген. Аппликация адамның эстетикалық сезімін оятып, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ерте кезден адамдар қоршаған ғажайып табиғат әлемінен нәр алған.Әр халық өз өнерінде, тұған жеріне байланысты өрнектер жасаған. Мысалы; Солтүстік халқы оз өрнектерінде морж, елік шыршаларды бейнелеген.Қазақ халқы кең даладағы мүйізді қойларды бейнелеп, олаға түрліше атаған, мысалы қошкар мүйіз, арқар мүйіз,азердбайджан халқы геометриялық фигуралар мен өсімдіктер әлемін бейнелеген, әр халықтың ұрпақтары сол өнерді жетілдіріп, күні осы уақытқа дейін жеткізген. Сәнді қолданбалы өнерді қазіргі заманда кілемнен, киімнен, матадан, керамикалық ыдыстан, кітаптарды безендіруде, ақшадан, архитектурадан көруге болады. Мектеп оқушысы, жалпы кез келген бала қоршаған дүниені ерте қабылдайды және оны шындықтан айыра алады. Сондықтан бала бойына көркемдік танымын дұрыс қалыптастыру керек.Аппликацияны жасауда көптеген тәрбиелік және білімділік міндеттерді орындауға болады. Өйткені оқушылар көркемдік-еңбек әрекетін меңгереді.Қарындашпен, сызғыш,бұрыш, циркульмен графикалық дағдыны меңгереді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды талдауға үйренеді, қайшымендұрыс жұмыс жасауға, қылқаламмен желімді дұрыс жасауға, бөлшектерді ұқыпты орналастыруға үйренеді. Балаларда ойлау, ырықсыз зейін, көру арқылы есте сақтау, көргіштік, көлем, кеңістікті қабылдау, әдемілікті көруге және ұқыптылыққа, шыдамдылығы қалыптасады, бастаған істі аяқтацға үйренеді.Қағазбен аппликация жасап үйреген бала келешекте басқа материалмен жасай алады. Мысалы; мата, тері, табиғи материал. Аппликация тақырыбы бастауыш сыныптағы еңбекке оқыту бағдарламасында қарастырылады. Кейін бұл жұмыстар үйірмеде жалғасын табады. Үйірмеде міндетті түрде балалардың қызығушылына және педагогикалық талаптарды орындау керек, мысалы; дара ерекшеліктеріне, жасына, мүмкіндігіне. Бала үшін жақсы көңіл күй бұл- әр түрлі түстен жасалған жұмыстар.

-Үй тапсырмасы ретінде аппликация жайлы жинақталған материалдар бойынша студенттер баяндамасы. (Слайд арқылы аппликацияның шығу тарихы)

- Бүгінгі сабақта аппликацияның шығу тарихын студент түсіндіріп өтеді.

-Аппликация бұл латын тілінен алынған сөз. Қолдану, жапсырмалау деген мағынаны білдіреді. Әр халық қай уақытта болмасын әсемдікке, әдемілікке талпынған. Бұған мынадай материалдар жатады: түрлі түсті қағаз, мата, табиғи материал, кептірілген өсімдіктер т.б.



Әр түрлі материалдан аппликация

Өмірде аппликацияны әр түрлі материалдан жасауға болады. Мына көрмеге назар аударсақ, аппликацияны мынадай материалдан жасауға болады;

1.Матадан аппликация ( Қазақ халқы ежелден өзінің үй ішін әдемілеп, құрақ құрап, қолдағы бар матадан ою ойып, корпе, жастықтардың сырттарын кестелеп әдемілеген)

2.Түрлі түсті қағаздан аппликация(Балабақша балалары және мектеп оқушылары қию арқылы жұмыс жасаған)

3.Сабаннан аппликация(Арнайы жақсы сабан жиналып, оны ыстық суға бұқтырып, үтіктеп, таңдап алған суретке желімдеп, қиып алып, қаттықағаздан фон алып, соған орналастырылады.)

4.Кептірілген өсімдіктен аппликация(Мұндай аппликация жасау үшін, оқушылар күз уақытында сыныппен топсеруенге шығып, табиғаттағы кепкен өсімдікткр, гүлдер)

5Дәстүрлі емес материалдан аппликация (бисер,түйме, т.б)

6.Мақтадан аппликация

7.Дәндерден аппликация

Аппликация жасауда мазмұнына байланысты төртке бөлінеді;

1.Заттық аппликация (бір ғана заттан жасалған аппликация, оған жемістер, жидектер, саңырауқұлақ, гүл, жәндік,геометриялық фигураларды қию арқылы , балаларға ең оңай және орындауға тиімді)Заттық аппликация бір ғана заттың жалпы пішінін білдіріп тұрады. Заттық аппликацияны бір түсті, бірнеше түсті қағаздан жасауға болады. Мұндай жұмыс оқушыға заттың биіктігін, көлемін, жалпы формасын дұрыс бере бердік пе, соны айыра білуге және дұрыс көре білуге үйретеді.
2.Сюжеттіаппликация (бірнеше фигуралардан тұрады және белгілі бір тақырыпқа орындалады, олар атаулы күндер, мерекелер, ертегіден, шығармадан үзінді жатады)

3. Өрнектік аппликация (альбомды,қабырға газеттерін, құттықтауларды, маскаларды әсемдеуге пайдаланады)

4.Шрифтік аппликация(оқу табицасын, плакаттарды жазуға, жаңа жылға құттықтауларда қолданылады)

Аппликацияның орындалу тәртібіне байланысты екіге бөлінеді;

1.Жазық аппликация

2.Қөлемді аппликация



- Бастауыш сыныпта оқушыларға ең оңай да, қолайлы материал – түрлі түсті қағаз.

Жұмыс технологиясы:

1) Ең алдымен қажетті құралдар мен материалдарды дайындау.

2) Кез-келген суретті, ою-өрнекті таңдау.

3) Аппликация жобасын салу.

4) Қағазды немесе керекті түсті алу.

5) Бейненің бөліктерін салу, қайшымен қию

6) Фон таңдау («фон» француз сөзі «оған орналастырып көреміз») деген мағынаны білдіреді.

7) Енді бөліктерді желімдейміз.

8) Аппликацияны кептіру.

Қауіпсіздік ережесін сақтау

-Құрметті студенттер әрқашан да сабақ үстінде міндетті түрде қауіпсіздік ережесі сақталу керек.

-Бүгін сабақта желіммен жұмыс жасаймыз, жұмыс барысында қолдарынды салфеткаға, немесе орамалға сүртіп отырындар

-Қайшымен жұмыста қайшыны ашық партаның үстіне тастауға болмайды

-Өткір емес қайшымен жұмыс жасауға болмайды

-Қайшыны ұсынғанда, сабымен беруді ұмытпа

Қағаздан жасалған аппликация түрлері:

Біртүсті қағаздан Бірнеше бүктелген Көптүсті қағаздан аппликация жасау қағаздан қию аппликация жасау



  • Бірнеше бүктеп, оның шетіне заттың жарты бейнесінің суретін саламыз.

  • Көптүсті қағаздан аппликация жасау үшін: Бейнені дұрыс қарастыру қажет. Негізгі бөлігене түсті дұрыс таңдау керек.

  • Әр сабақта қауіпсіздік ережесін естен шығармауымыз керек! Қане кім қандай қауіпсіздік ережесін біледі? (слайд ашылады)

- Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақты шеше отырып, бүгінгі сабаққа қажетті құралдарды тексеріп шығайық.

1) Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.

Аузын аждахадай ашқан кезде

Өктеп атып тастар ішкен асты. (қайшы)

2) Денесі ағаш, аяғы қыл. (қылқалам)

3) Бір жорға бір шабысты,

Ақ аңызға жабысты.

Қозғалса тайпалып,

Келтірер көп табысты. (қарындаш)

4) Сары, ақ, қызыл,

Болады оның түстері. (түрлі түсті қағаз)


Бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына талдау жасау

-Үйге сендерге тапсырма бастауыш сыныптағы технология пәнінің оқу бағдарламасын қарастыруға берілген болатын. Енді осы аппликация тақырыбын 1 сыныпта қарастырсақ

-2 сыныпта қандай білім, білік, икем, дағдыны меңгеретін білейік.

-3сыныпта қандай білім, білік, икем, дағдыны меңгеретін білейік.

-Келесі сұрақ мынандай 1сынып және 2 сыныпта қандай айырмашылықтар бар?

-Келесі сұрақ мынандай 2 сынып және 3 сыныпта қандай айырмашылықтар бар?

Сонымен оқу бағдарламасын талдасақ, әр сыныпта оқушылар белгілі бір білім, білік, дағды, икемділікті меңгеретінін көрдік. Сондықтан берілген білім , білік сапалы және оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес болу керек.

V Практикалық жұмыс. (Музыка қою)

-Мен сендерге аппликацияның жасалу тәртібін көрсетейін.

Ең алдымен заттық аппликацияның жасалу тәсілімен танысайық



VI Топпен жұмыс.Бүгін сабақта үш топқа бөлінеміз;

I тапсырма:-1 сыныпта аппликацияның, міндеттерін, базалық білімін қалай қарастырады.

-Топпен ақылдасып, «Жаңа жылға» аппликация,



II тапсырма: 2 сыныпта аппликацияны, міндеттерін, базалық білімін қалай қарастырады.

-Топпен ақылдасып, 2 сыныпқа арналған «Жаңа жылға» аппликациясын жасайды.



III тапсырма: 3 сыныпта аппликацияны, міндеттерін, базалық білімін қалай қарастырады.

- Топпен ақылдасып,3 сыныпқа арналған көлемді аппликация жасайды.


-Әр топ жасалған жұмыстарын қорғайды( Неліктен осы тақырыпты таңдап алдыңдар?)

VII. Көрме ұйымдастыру

VIII. Рефлексия және сабақты қорытындылау.

Венн диаграммасы арқылы 1 және 2 сыныптың оқу бағдарламасын салыстырсақ


1 сыныпта 2 сыныпта ( салыстырайық?)

-Тақтадағы рефлексиялық экрандағы берілген фразаларға байланысты өз ойларын айту, толықтырып айту;

1. бүгін мен.......... білдім

2....қызық болды

3.........қиын болды

4.мен ....т...апсырмалар орындадым

5.мен енді..... білдім

6. мен......үйрендім


Бағалау

-Жұмыс орындарын жинау.

Әдебиеттер:

1) М.А.Гусакова «Аппликация»

2) Кузнецов Рожнев «Методика трудогого обучение с практикумом в учебных материалах».

3) И.К.Щеблыкин «Аппликационные работы в начальных классах».



4) В.И.Рамакина «Аппликационные работы в начальных классах».
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет