Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердің сызықтық және қөлемдік ұлғаюы. Сублимация және десублимация Сабақтың мақсаты
Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжі «Бекітемін»
Директордың ОІЖ орынбасары
__________ Н.Т.Ахметова
«____»____________20____ ж.
Тобы: Күні: Пәні: Физика және астрономия
Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердің сызықтық және қөлемдік ұлғаюы. Сублимация және десублимация
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік – Қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы туралы түсінік беру. Сублимация және десублимация айырмашылығын түсіндіру.
2. Дамытушылық –Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, көру арқылы ұзақ сақтау қабілетін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік – Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдіс – тәсілі: баяндау, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: тақта, үлестірме қағаздар, плакат
Пән аралық байланыс: химия, математика, жалпы физика
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгендеу
Б) оқушылардың назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ Жаңа сабақ І V Бекіту V Бағалау VІ Үйге тапсырма ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сөзжұмбақ«Кремнезим» Сөзжұмбақтың сұрақтары.
1.Аморф денелерге жататын зат. ( канифоль)
2. Қатты денелердің бір түрі. ( кристалл)
3.Пішін деген сөздің грекше баламасы. (морфе)
4.Дене пішінінің не көлемінің өзгеруі. (деформация)
5.Серпінділік модулін анықтаушы ғалым. ( Юнг)
6.Қатты дененің механикалық қасиетін сипаттайтын шама. ( Кернеу)
7.Деформацияның бір түрі. (Созылу)
8.Молекулалардың ораналасуының бірдей еместігінің грекше баламасы. ( анизос)
9.Кристалл қатты денелер мен сұйықтардың аралығында аралық орын алатын денелер.
(Аморф)
ІІІ Жаңа сабақ