Ақмола облысы
Жақсы ауданы
Запорожье орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағының физикалық-географиялық аудандастыру.
Өткізген: география пәні мұғалімі
Алдияров Д. А
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: Қазақстан аумағының физикалық-географиялық аудандастыру.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушылардың Қазақстан аумағын физикалық – географиялық тұрғыдан аудандастыру туралы білімдерін қалыптастыру.
Б) дамытушылық: Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыдан аудандастыра отырып ол жердің жер бедерінің табиғатының ерекшелігіне сипаттама бере білу, есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту.
В) тәрбиелік: табиғатты қорғауға, жерін елін сүюге, елжандылыққа тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар Қазақстан аумақтарының шекараларын анықтауға үйренеді; Әр аумақтың ерекшеліктері туралы айтуға үйренеді. Атласпен кескін картаны тиімді пайдаланады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ ресурстары: Карпеков Қ, Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы: «Атамұра»,2012. Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, интербелсенді тақта.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Үй тапсырмасы. « Үздік 10-дық.»
Орманды дала зонасында өсетін ағаштар?
Қазақстан аумағы қандай табиғат зоналарында орналасқан?
Қазақстан аумағының % дала зонасы алып жатыр?
Шөлейт зонасының негізгі топырағы?
Қазақстан аумағының 44%-н алып жатқан табиғат зонасы ?
Қазақстанның ең солтүстігіндегі табиғат зонасы?
Дала зонасындағы 16 кг жететін құс?
Жайық өзенінен Алтай тауларына дейін 2900 км дейін созылып жатқан табиғат зонасы?
Дәрілік мүйізі үшін қырылу шегінде тұрған сүтқоректі жануар?
Шөл зонасында кездесетін сантион дәрісі алынатын Қызыл кітапқа енген өсімдік?
Қорытындылау.
Жаңа сабақ.
Қазақстан жері қарлы биік шыңдарымен, жазиралы далаларымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстарымен, күрделі геологиялық құрылысымен ерекшеленетін 9 табиғи ауданға бөлінеді. Олар (Шығыс Еуропа жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран жазығы, Орал, Сарыарқа, Алтай, Жетісу Алатауы, Сауыр Тарбағатай, Тянь-Шань.
Шығыс Еуропа жазығы - Жер шарындағы ең ірі төбелі жазық. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Шығыс Еуропа жазығының құрамына еліміздің аумағындағы Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт қыраты, Жем үстірті кіреді. Қазақстанға Тұран жазығының солтүстік бөлігі кіреді. Тұран жазығы Қазақстанның оңтүстік батысынан шығысына дейінгі кең алқапты алып жатыр. Жазықтың аумағына Маңқыстау,Үстірт, Арал маңы, Сырдария, Қызылқұм, Мойынқұм, Балқаш - Алакөл аймағы кіреді.
Солтүстік Қазақ жазығы Қазақстанның солтүстігін алып жатыр. Солтүстік Қазақ жазығы Орал тауынан Алтай тауларына дейінгі 200 -250 шақырымды алып жатыр.
Сарыарқа тауы - Қазақстанның орталығын алып жатқан аласа таулы өлке. Сарыарқа тауы Баянауыл, Кент, Қарқаралы, Қызыларай сияқты таулардан тұрады. Олардың ең биігі Қызыларай тауы, себебі онда Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсораң орналасқан. Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы кіреді. Мұғалжар тауы Орал тауының Қазақстандағы табиғи жалғасы.Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырымға созылып жатыр.
Алтай тауы Жайсаң көлінен басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай Саян тау жүйесінің бір бөлігі. Алтай тауының ең биік шыңы Ресей жеріндегі Мұзтау болып саналады, оның биіктігі 4506 м, ол Қатын жотасының шығысында, Қазақстан мен Алтай өлкесінің шекарасында орналасқан.
Жетісу Алатауы еліміздің оңтүстік шығысында орналасқан таулы өлке. Жетісу Алатауы Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғары аралығында орналасқан. Сауыр жотасы Сауыр Тарбағатай тау жүйесінің ең биік бөлігі болып саналады.Бұл жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 шақырым. Ең биік нүктесі Мұзтау, оның биіктігі 3816 м.
Тянь-Шань тауы Қазақстанның оңтүстік шығысын алып жатыр. Тянь Шань сөзі қытай тілінен аударғанда «Тәңір шыңы, Аспан тау» деген мағына береді. Павлодар облысының күңгірт қара топырақты ауданын қамтиды.
Жаңа сабақты бекіту.
Кестемен жұмыс.
Өлкелер
|
Табиғи зоналар мен өлкелер
|
Аудандар (провинциялар)
|
Орыс (Шығыс Еуропа) жазығы
|
Қуаң дала зонасы
|
Жалпы Сырт Елек
|
Шөлейт зонасы
|
Өзен Жайық Жем
|
Шөл зонасы
|
Каспий маңы
|
Батыс Сібір (Солтүстік Қазақ) жазығы
|
Орманды дала зонасы
|
Есіл жазығы
|
Дала зонасы
|
Тобыл маңы жазығы
|
Қуаң дала зонасы
|
Ертіс маңы Құланды
|
Тұран жазығы
|
Қуаң дала зонасы
|
Солтүстік Торғай
|
Шөлейт зонасы
|
Оңтүстік Торғай
|
Шөл зонасы
|
Үстірт, Бетпақдала, Мойынқұм т,б.
|
Орал тауы
|
Оңтүстік Орал тауы
|
Мұғалжар, Орал Сырт үстірті
|
Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқылары) өлкесі
|
Дала зонасы
|
Көкшетау
|
Қуаң дала зонасы
|
Атбасар, Теңіз, Баянауыл
|
Шөлейт зонасы
|
Ұлытау, Сарысу-Қызылжар
|
Алтай-Саян таулы өлкесі
|
Алтай облысы
|
Батыс Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы
|
Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай өлкесі
|
Сауыр-Тарбағатай облысы
|
Зайсан, Тарбағатай, Сауыр
|
Жоңғар облысы
|
Жетісу, Батыс Жоңғар тауы
|
Тянь-Шань таулы өлкесі
|
Солтүстік Тянь-Шань облысы
|
Іле Алатауы, Қырғыз жотасы
|
Оңтүстік-батыс Тянь-Шань
|
Өгем жотасы, Қаратау
|
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Қазақстан аумағының физикалық-географиялық аудандастыру мазмұндау. Кескін картаға түсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |