Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін жануарлар. 4 сынып. Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі55,46 Kb.
#4395
түріСабақ

Қарақия ауданы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айманова Құрбангүл Мадияровна

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда мекендейтін жануарлар. 
4 сынып. 
Сабақтың мақсаты :Оқушылардың Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білім-біліктерін арттыру. 
Міндеттері: 
1.Біліктілік: Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.Білгендерін қайталау,тереңдету,дүниетанымдарын кеңейту. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау. 
2.Дамытушылық: Сауатты жазуға, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жануарлардың мінезін сипаттауға үйрету. Ойлауға, салыстыруға, ізденуге баулу. 
3.Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ. 
Сабақтың әдістері: интерактивтік тақта, компьютермен жұмыс, диалог, ой қозғау. 
Пәнаралық байланыс: дүниетану, информатика,жаратылыстану. 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Оқушылармен сәлемдесу. 
2. Оқушыларды түгендеу. 
3. Сабаққа кіріспе. 
Психологиялық дайындық. 
- Бүгін кезекші кім? 
- Бүгін нешесі? 
- Аптаның қай күні? 
- Жылдың қай мезгілі? 
- Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету) 
- Сабаққа дайынбыз ба? 
II. Үй жұмысын тексеру. 
- Оқушылардың дайындап әкелген жануарлар туралы қысқаша мәліметтерін тыңдау.
- Жануарлар туралы жаттаған өлеңдерін тыңдау. 
III. Негізгі бөлім. Сабақтың мақсатын және тақырыбымен таныстыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
- Бүгін қазақ тілі сабағы күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтпекші. Себебі, бүгін бізде кіріктірілген сабақ, яғни ресурс орталығы оқытушысымен байланыстырып отырмыз. Және сабағымызда қонақтарымыз бар. Сөз кезегін ресурс орталығының оқытушысына береміз. 

IV. Ой қозғау. Ассоциация. 
Су Құрлық Орман Хайуанаттар бағы Адам досы Жыртқыш Табиғат 
а. Сөз тіркестерін құру. Жыртқыш аң, әдемі табиғат, хайуанаттар бағы, қу түлкі, орман қожасы,қорқақ қоян. 
б. Сөйлем құрау. Аю-орман қожасы. Қазақстанның табиғаты әдемі.Мен хайуанаттар бағында болдым. 
V. Сөздік жұмыс. 
Жолбарыс-тигр жыртқыш- хищник 
Күшті-сильный Ірі-крупный 
Зіл-бегемот Мекендейді- обитают 
Керік- жираф Қабан- дикая свинья 
VI. Мәтінмен жұмыс. 
Жануарлардың мекені. 
Алтай,Алатау,Тарбағатай таулары-Қазақстан жануарларының мекені. 
Жабайы жануарлар мен жабайы құстар таулы, орманды, жазық жерлерде тіршілік етеді. Бұл жер- олардың тіршілік ететін тұрақты мекені.Олар осында қыстайды. 
а)Жабайы аңдардың мекенің ата. 
ә)Жабайы аңдарды ата. 
б)Жануарлардың мінезі қандай? 
VII. Сергету сәті. 
VIII. Лексика-грамматикалық тақырып. Септіктерді қайталау. 
1. Септеу. Интерактивті тақтамен жұмыс. 
2.«Жануарларды топтасыру» ойынын өткізу. 
Бір бағанаға үй жануарларын, екінші бағанаға дала жануарларын топтастыру. Интерактивті тақта бойынша жұмыс. 
4. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. 
№1 
Көп нүктенің орнына а немесе ә әріпін қойып,көшіріп жазындар. 
Ж...яу, ж....й, ш...й, д...птер, ...демі, с...біз, с...н, т...р, т...н, с...л. 
№2 
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғандар. 
Ақын, қазақ, ғалым, қала, оқушы, мұғалім, бөлме, ұшқыш, мектеп, сөздік. 
№3 
Көп нүктенің орнына ұ немесе ү әріптерін қойып, көшіріп жазындар. 
Ж...мыс, к...н, қ...с, т...н, т...р, б...гін, с...т, д...кен, б...л, ...шқыш, м...ғалім. 
№4 
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғандар. 
Өшіргіш, кітап,қағаз, сөре, оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, сөмке, сурет дәптер. 
5. Ребус бойынша жұмыс. 
IX. Сабақты бекіту. (Рефлексия) 
1.Бүгін сабақта қандай жұмыс жасадық? 
2.Не білдік? 
3.Ең жүйрік қандай аң? 
4.Қоянның неше түрін білесіндер? 
Көңіл-күйлерін қалай? (смайлик көрсету) 
X. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына, білімдеріне байланысты бағалау. 
XI. Үйге тапсырма. «Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың ортақ қасиеттерін жазу», сөздік жаттау.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет