Сабақтың тақырыбы Б. Немцова. Гонзик латын тілін қалай үйренді? Күні: 13. 05



Дата23.08.2017
өлшемі45,17 Kb.
#25144
түріСабақ
Сабақ жоспары




Сабақтың тақырыбы

Б.Немцова. Гонзик латын тілін қалай үйренді?





Күні:13.05

Мұғалімнің аты-жөні Базарбаева Нұрсұлу




Сынып:4

Қатысқандар:24

Қатыспағандар:




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Мәтіндегі ойды анықтай білуге, мазмұнын ашып, оқушылардың өз беттерінше негізгі идеясын ұғынуға көмектесу.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін атайды, біледі.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мазмұнын айта алады. Мәтінде талдайды.



Кейбір оқушылар орындай алады: көп тіл білудің маңыздылығын біледі және басқа тілде сөздер айтады.




Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: сөздердің мағынасын түсінеді, оны дұрыс айтады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қазақ тілі-казахский язык

ертегі-сказка



Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: латын тілі, қазақ тілі

5 мин.

Алдыңғы оқу

Суреттер топтамасы. Оқушылардың өздері құрастырған таңғажайып хикаяларын сұрау




Жоспар




5 минут

Басы

Мұғалімнің кіріспе сұрағы.

Бейнежазбадан не көрдіңдер?

Бұл туралы не білеміз?

Бір ғана сөзден бірнеше мағына беретін қандай сөздер білесіңдер?

Сабақтың оқу мақсатымен таныстыру.

Оқу мақсатына сай табыс критерийлерін құру.

Бағалау критерийі:

Таныс сөздерін қолданып, сұхбаттасуға түскенде этика нормаларын сақтайды.

Дескрипторы:

-мәтіннің мазмұнын анықтайды;

- мінездерді топтастырады, дәлелдейді,жинақтайды.

-өздері білетін тілдері туралы айтады.



15 минут

Ортасы

Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. 
Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. 
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. 
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз.

Тіл туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Автор туралы мәлімет беру.

Джигсо әдісі



1 - бөлім. Гонзиктің қарапайым шаруа болғысы келмеуі. (Рөлге бөліп орындау).
2 - бөлім. Гонзиктің латын тілін үйретуі
3 - бөлім. Ата - анасының Гонзиктің латын тілін есіне түсіру үшін ойлап тапқан айласы.
- Ертегі желісі бойынша сұрақтар.
- Сонымен, Гонзик қандай бала?

Топтарға мінездерді таратып беру.
Топтасыру-жинақтау-талдау.

Гонзик

Гонзик




10 мин.

Соңы

«Айтыс» ойыны

Әр топтан бір оқушы шығып, келесі топтағы оқушыны қарсылас ретінде шақырады.



1.Гонзиктің елден үйренген аз ғана сөзі мырза болуға жарар ме еді?

2.Гонзик аз уақыт ішінде өз тілін ұмытып қалуы мүмкін бе?

3.Өз тілінде сөйлеуден бас тарқан баланы ата-анасы қалай емдеді?

4.Гонзиктің керісінше қандай болғанын қалар едің?

5.Өзіңді Гонзиктің орнына қойып көрсең, қандай тілді үйренгің келеді. Неліктен?

6. Қазіргі таңда қанша тіл білгенің дұрыс?
7.Сендер қандай тіл білесіңдер?



3 минут



Бағалау критерийі:

Таныс сөздерін қолданып, сұхбаттасуға түскенде этика нормаларын сақтады.

Дескрипторы:

-мәтіннің мазмұнын анықтады;

- мінездерді топтастырды, дәлелдеді,жинақтады.

-өздері білетін тілдері туралы айтты.



Пәнаралық байланыс:

АКТ, орыс тілі



2 минут

Рефлексия:

1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

3.Оқыту ортасы қандай болды?

4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?

6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Рефлексия сұрақтарына жауап:

Қорытынды бағалау.



Бағалау парақшасы арқылы бағалау

Каталог: uploads -> doc -> 00bc
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00bc -> «Құлсары қаласы №21 орта мектебі»
00bc -> 1-жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас! Бармысыздар жанкүйер, әз-қауымдас! Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық. Біздерде ойын-сауық басталады, Тамаша күй тартылып, ән салады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет