Сабақтың тақырыбы: Балаға көңілін түсіну

Дата02.03.2022
өлшемі27,94 Kb.
#133964
түріСабақ
Байланысты:
Бала көңілін түсіну

Сабақтың тақырыбы: Балаға көңілін түсіну

Балаға ешқандай күш көрсету(ұрып-соғу) болмасын. Балаға қол көтерудің бірден-бір себебі, бала дәл солай жауап бере алмайды.

Бірінші кезең бес жасқа дейін. Бұл кезеңде балаға «хан» секілді құрметпен қарау керек. Ешнәрсеге тиым салуға болмайды. Егер қауіпті бір нәрсе жасағалы жатса, қорыққан адамның түрмен әр-түрлі дауыс шығару арқылы көңілін бөлген жөн. Бала мұндай тілді жақсы түсінеді. Дәл осы шақта баланың айналасындағы әлемге қызығушылығы өте жоғары болады. Бала бұл кезде тізбектелген логикалық іс-әрекеттердің мәнін түсіне бермейді. Мысалы, ол бір қымбат затты сындырып қойды делік. Ол бұл затты сатып алу үшін көп еңбек етіп, ақша табу керек екендігін біле бермейді. Жазалауды күші басым адамның айтқаны дұрыс болады екен деп түсінеді. Сіз балаға заттарға ұқыпты қарауға емес күші басым адамға бағынуды үйретесіз. Сізге осы керек пе?
Екінші кезең бес пен он жас аралығы. Бұл аралықта баланы «құлша» жұмсау керек. Баланың алдына әр түрлі міндеттер қойып және оның орындалуын қадағалауыңыз керек. Орындалмаған міндеттері үшін жазалауға болады бірақ, күш қолданусыз. Бұл кезеңде баланың ойлау қабілеті өте белсенді дамиды. Бала өзінің іс-әрекетіне айналасындағылардың қалай баға беретінін болжап, өзіне жақсы пікір қалыптастырып жаман қылықтардан бойын алыс ұстауды білу керек. Осы уақытта баланың білімге құштарлығын арттыру үшін көптеген тапсырмалармен жүктеуден қорықпаңыз.
Үшінші кезең он жас пен он бес жас аралғы. Бұл кезеңде баланы қалай тәрбиелеу керек? Қалай сөйлесу керек? Өзіңіз бен тең адамдай. Жай ғана тең адамдай емес кәдімгі өзіңіздің құрдасыңыз секілді. Бәрібір де сіздің өмірлік тәжірибеңіз бен біліміңіз көптеу. Балаңызбен барлық маңызды мәселелермен кеңесіңіз, жеке өзінің көз қарасын білдірген жағдайда мадақтап, қолдап отырыңыз. Өзіңіздің қалауыңызды әңгіме барысында бірден білдірмей кеңестермен, мысалдармен айтып жеткізіңіз. Егер сізге бір нәрсе ұнамаса, сол нәрсенің жаман жақтарына көңілін бұруға тырысыңыз. Бірден  үзілді-кесілді тыйым салмаңыз. Дәл осы кезеңде баланың жеке көзқарасы және  дербес ойлау қабілеті қалыптасады.
Соңғы кезең он бес жастан басталады. Балаңызға құрметпен қараңыз. Тәрбиелеуге енді кеш, сізге тек өз еңбегіңіздің жемісін көру ғана қалды.
Бұл ережелерді сақтамаған жағдайда қандай қиындықтарға әкеліп соғады?
Егер балаға бес жасқа дейін жекіп дөрекілік көрсетсеңіз, онда баланың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын, ой өрісін басып тастайсыз. Оны тек қара күшке ойланбай ақ бағынуды үйретесіз. Осылай баланы әр түрлі оңбағандардың оңай олжасына айналдырасыз.
Егер бес жастан кейінде баланы еркелетіп басыңызға көтеретін болсаңыз ол бейқам, ұшқалақ, еңбекке құлықсыз рухани таяз адам болып өседі.
Егерде он жастан кейінде оны кішкентай сәби секілді әлпештейтін болсаңыз, ол өзіне сенімсіздікпен қарап, өзінен әлде қайда сенімді достарына тәуелді болып өседі. Бірақ олар керек кезде оның қасынан табылмай қалуыда мүмкін.
Егер он бес жастан кейін оған құрмет танытпасаңыз, ол сізге  мұны кешірмейді және де бір күндері сәті түскен кезде үйіңізден бір жолата кетіп қалады.
Кішкентай балалардың еркеліктері мен истерикасыЕркеліктердің себептері және ата-аналарға арналған кеңестер
Егер барлық кішкентай ұлдар мен қыздар әрқашан өздерін жақсы ұстап, тек ата-аналарының  рұқсат еткен нәрсесін орындайтын болса, қандай керемет болар еді! Ол кезде балаларды ешқашан ұрып, жазалаудың қажеті болмас еді. Өкінішке бұл мүмкін емес, мінсіз адам болмайды және бұл балаларға да қатысты.
Кейде балалар еденге құлап, айқайлап, жан-жағындағы адамдарды жұдырықтайтын эмоциялар тасқынын көрсетеді.  Балаларда болатын жаман көңіл-күй мен мінез-құлықтың пайда болу себептерін түсіну ата-аналарға жағымсыз эпизодтарды алдын-алу шараларын қабылдауға көмектеседі.
Балалардың жаман мінез-құлқының өршіп кетуі әдетте, олар шаршағанда, аш болғанда және бірдеңеден көңілі қалғанда  орын алады.
Көбінесе бұл мінез-құлық ересектердің қандай да бір тыйым салулары (қандай да бір затты алуға, шалшықта ойнауға рұқсат болмағанда) кезінде немесе ойыншықты, шоколадты сатып алудан бас тарту кезінде  жауап ретінде пайда болады
Кейде мұндай ыза құрдастарымен қақтығыстың салдары болуы мүмкін: мысалы, бір бала екінші баланың ойыншығын алып қойған кезде екінші бала осы ситуацияда не істейтінін білмей, үлкендердің назарын тарту және өзінің ренішін білдіру мақсатында осы қылықтарды көрсетуі мүмкін.
Психологтар мінез-құлықтың бұзылуы негізіндегі төрт маңызды себептерді анықтады:

1. Бала өзіне назар аудартқысы келгенде;

2. Ересектерге бағынғысы келмегенде;

3. Ересектерге үстем болғысы келгенде;

4. Өзін жақсы көрмегені және ренжіткені үшін ересектерден кек алғанда.

Ойыншықтар

Кейбір жағдайларда балалардың жаман мінез-құлқының өршуі дамудың физиологиялық және психологиялық нормалары болып табылады. Жаман мінез-құлық балалардың дамуының келесі кезеңдерінде пайда болатыны анықталды: екі-үш, бес жас, жеті-сегіз жас және жасөспірім кезеңінде. Бұл сыни кезеңде балалар өзінің дара екенін  мәлімдеуге ұмтылып, өзі және қоршаған орта арасындағы көзге көрінбейтін шекараны жасауға тырысады. Әдетте, олардың сыни жас кезеңдеріндегі сөйлеу қабілетінің дамуы олардың эмоционалды дамуына сәйкес келмейді. Бала өзінде болып жатқан өзгерістерді ауызша сипаттауға қабілеті жетпей, солайша өз сезімдері мен тілектерін білдіре алмайды. Бұдан басқа осы жас кезеңдерінде балалардың жүйке жүйесі сезімтал, осал болып, сондықтан  жаман мінез-құлыққа бейімделгіш болады.
"Не істеу керек?"- дерсіз сіз. Балаңыздың эмоцияларына көбірек назар аударуға тырысыңыз. Олардың пайда болу себептерін түсінуге, сондай-ақ, балаға әртүрлі эмоциялар және олардың қалай пайда болатындығы туралы айтып беруге тырысыңыз.

Егер истерика пайда болса, келесі тактика ұсынылады:
Егер бала ересек адамның бас тартуына немесе тыйым салуына жауап ретінде истериканы көрсете бастаса, ата-аналарға өз шешімдерінен тайынудың қажеті жоқ және балаға "жоқ" деп нық айтқаны дұрыс (әрине, егер тыйым шынымен қажет болса) болады.
Егер баланың өзі қолға сұранса, оның өтінішін орындау қажет, бірақ бұл сәтте оған ақыл айту ерте болады.
Бала ашулы болып отырған кезде оны еденнен көтеріп алуға, күштеп қолға алуға тырыспаңыз.
Истерика кезінде  баланы бір өзін қалдыруға болмайды. Бұл қауіпсіз емес.
Алайда, ересек адам қатты ашуланып, өз әрекеттерін басқара алмаса, баладан аулақ болғаны дұрыс.
Ата-аналар ашулы тұрған кезде балаға айқайлайды немесе (соққы күшін есептемей) баланы қатты соққыға алып жатады. Кейіннен осы үшін кінәсін сезініп, өкініш білдіріп жатады. Сондықтан олар қате жасамас үшін балаларды тәртіпке шақырған кезде  алдымен өз эмоцияларын бақылауы тиіс.
Ашудың ең жоғары қарқыны кезінде бала ересектердің көндіруіне бой бермей, оларды естімеуі мүмкін, бірақ "эмоционалдық қызу" төмендеген кезде баланы басқа нәрсеге алдандырып, назарын қандай да бір әрекетке немесе затқа аудару қажет.
Енді ерке балаңызбен қатысу кезінде өз мінез-құлқыңыздың стилін қалай құруға болатындығы туралы бірнеше ұсыныстар.
Мінез-құлқыңыз арқылы балаңызға дұрыс үлгі көрсетіңіз-эмоцияларыңызды ұстауға тырысыңыз себебі,  бала өз мінез-құлқын көрсету кезінде Сізге еліктейді;
Балаға жеткілікті дәрежеде көңіл бөліңіз, ол өзін ешқашан ұмытылғандай сезінбесін, бірақ  сонымен бірге балаға басқа шаруалардың шығып қалуы мүмкін екенін  және оны түсіністікпен қабылдау керек екенін түсіндіріңіз;
Соңғы амалдарға бармаңыз: Балаға ойына келген нәрсені жасауға жол бермеңіз , бірақ сонымен біруақытта бәріне тыйым салып тастамаңыз, өзіңіз үшін не мүмкін және не мүмкін емес екенін нақты шешіп, ол туралы отбасының барлық мүшелерімен келісіңіз;
Есіңізде болсын, дұрыс эмоционалды даму және өзіне деген сенімділік үшін балаға ата-аналардың 8-10 мейірімді достық құшағы мен  күн сайын бірнеше мақұлдап қараған жылы шырайы қажет;
Истерикалық шабуылдарды бала көбінесе өзіне назар аударту немесе аяушылық және жанашырлық сезімді ояту мақсатында жасайтынын түсініңіз. Баланы бетінен қақпай, бар өзіңіз қоятын  талаптарды өзгертіп өсіруге болмайды. Бала тынышталған кезде оған неге басқаша емес, неге  тура осылай жасау керек екенін түсіндіріңіз.
Егер баланың барлық күш салуларға қарамастан истериялар жиі орын алатын болса маманға жүгініңіз.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет