Сабақ жоспары
Пәні : Биология
Топ:16 «ә»
Сабақтың тақырыбы: Бейімделушілік-эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардағы бейімделушіліктің түрлерінен мысалдар келтіріп, бейімделушіліктің табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі екендігінен студенттерге толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Бейімделушіліктің алуан түрлеріне мысал келтіріп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы студенттерге түсіндіру. Бейімделушілік, оның түрлері мен пайда болуын түсіндіру. Бейімделушілік туралы түсіндіре отырып, тірі ағзаларға тән ерекшеліктерді сипаттай білуге үйрету.
Дамытушылық: Организмдердегі бейімделушіліктің пайда болған жолдары туралы білімдерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік:Табиғаттағы жануарлардың және өсімдіктердің бейімделу жолдарын анықтап, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Кіріктірілген
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Репродуктивтік, ізденіс, салыстыру, кері байланыс, түймедақ әдісі, болжам жасау, нұсқаулық құрастыру әдісі, баланс дөңгелегі, синквейн, басбармақ әдісі
Сабақтың техникалық құралдары: Интербелсенді тақта, презентация, бейне ролик
Көрнекілігі: Кесте, таратпа материал, сурет, бейне жазба
Пәнаралық байланыс: Жануартану, математика, география
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі -5 мин
II. Оқу іс әрекеті мотивациясы -20 мин
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру -30 мин
ІV. Бекіту-10 мин
V. Сабақты қорытындылау -15 мин
VІ. Бағалау-5 мин
VІІ. Үй тапсырмасы-2 мин
Рефлексия -3 мин
Сабаққа қажетті әдебиеттер тізімі: Р.Сәтімбеков «Жалпы биология» 11 класс, Алматы, Мектеп, 2006.§ 10. 58-63 бет.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Психологиялық ахуал тудыру, топтастыру. «Сағат» ойынын ойнату арқылы студенттердің көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, сағатқа жапсырған стикер түстерімен топтастыру.
Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Студенттерге «Сіздің өзіңізге ұнаған ең қолайлы уақытыңыз?» деген сұрақ қойылады, әр студент стикерге атын жазып, өзінің ұнатқан уақытына стикерді жабыстырады.Уақытты атаған кезде студенттер топтасады да келесі әрекеттер жасайды:
12-15 (00-03) сағат аралығындағылар – амандасу,
15-18 (03-06) сағат аралығындағылар – мұрын түйістіру,
6-9 (18-21) сағат аралығындағылар –көз қысу,
9-12 (21-00) сағат аралығындағылар – ауада сыйлық сыйлап, сәттілік айтады бір-бірлеріне.
II. Оқу іс әрекеті мотивациясы
1.“Құпия сан” ойыны
Ч.Дарвин
|
К.Линней
|
1. Мутациялық өзгергіштік
2. Түрішілік күрес
3. Қолдан сұрыптау
4. Мутация
5. Жыныстық сұрыптау
|
6. Түраралық күрес
7. Эволюция
8. Модификациялық өзгергіштік
9. Популяция
10. Табиғи сұрыпталу
|
1) Бір түрге жататын даралардың арасындағы қорек, орын, жарық, ылғал үшін күрес ( 2)
2) Түрдің көбеюі, ұрпақтарының әрі қарай өніп-өсіп тіршілігін қамтамасыз ететін, табиғи сұрыпталудың формасы (5)
3) Организмдердің тікелей сыртқы орта жағдайларының әсерінен өзгеруі (8)
4) Гендер мен хромосомалардың өзгеріске ұшырауы (1)
5) Бір түрге жататын даралардың арасында жүретін күрес (6)
6) Өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінің өзгеріске ұшырауы (10)
7) Бір кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, дербес генетикалық жүйе құрайтын, белгілі бір жерде мекендеп, ұрпақ қалдыратын даралар тобы (9)
8) Өсімдіктер мен жануарларды адамға пайдалы жақтарына қарай іріктеп алу (3)
9)Тарихи дамуға, қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруге қабілетті процесс (7)
10) Кенеттен болатын тұқым қуалайтын өзгергіштіктің тұрақты түрі (4)
2. Суреттер сөйлейді. (студенттер тақтада берілген суреттерді қандай тіршілік үшін күрес түріне жататындығын анықтау)
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
“Ой қозғауˮ ассоциация құру, болжам жасау. Берілген тапсырма арқылы топ болып нұсқаулық құрастыру.
Бейімелушілік (қорғану, жасырыну, көндігу, табиғи орта, бір жерге үйрену)
Нұсқаулық құрастыру әдісі арқылы тақырыпты ашу.Топта мәтінді оқып. Өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады, бір-біріне толықтырып түсіндіреді. Берілген тапсырма бойынша нұсқаулық құрастырып, қорғайды.
Бейімделушілік – адаптация - тірі организмдердің тіршілік ету ортасына түрліше бейімделуінің пайда болуына негізгі себебі-табиғи сұрыпталу. Бейімделушілік дайын күйінде бірден пайда болмайды, ұзақ жылдар бойы қалыптасады.
Бүркеніш рең - жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін ағзалардың жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік.
Сақтандырушы рең - әсіресе улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән. Реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы. Сақтандырушы рең жыртқыштардың қорқыту үшін жасалған мінез-қылығымен үйлесімді әрекет жасайды.
Қызықтырушы рең - бұл рең әсіресе көбейер кезде пайдалы. Жайшылықта реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып, жауына байқалмайды.
Қауіп төндіруші рең - кейбір жануарлар қауіп төнген кезде айбар шегіп, денесін әр түрлі пішінге келтіре алады.
Еліктеуші рең - (мимикрия; грекше «mimikos» - еліктегіш) – өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттың белгілі бір өлі затына және тірі организмдерге еліктеуі.
«Көңілді жаттығу» сергіту сәтін орындау. Сергіту сәті (дыбыстарды тыңдау)
Әртүрлі жануарлардың дыбысын естіп бейімделушіліктің қай түріне жататынын анықтау.
ІV.Бекіту:
Синквейн- 5 жолды өлең жазу әдісі
1. Зат есім- Бейімделушілік.
2. Сын есім-Қауіпті, көрнекі.
3. Етістік-Қорғанады, сақтанады, жасырынады.
4. Сөз тіркесі-Табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі
5. Синоним-Үйрену, бейімделу.
V. Сабақты қорытындылау: нұсқаулық арқылы (Венн диаграммасы)
Бейімделушілік Тіршілік үшін күрес
Жануарлар арасындағы
қарым-қатынастың
күрделі жиынтығы
Жануарлардың
сыртқы орта
жағдайларына
бейімделуі
Табиғи сұрыпталудың бір түрлері
VІ. Бағалау: Баланс дөңгелегі
VІІ. Үй тапсырмасы: § 10. 58-63 бет.
Кесте толтыру
р/с
|
Өсімдіктер
|
Бейімделу сипаты
|
Таралу жолдары
|
|
|
|
|
Рефлексия: Кері байланыс баланс дөңгелегі
Колледж: Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
Оқытушы: Куспанова Л.У.
Достарыңызбен бөлісу: |