Сабақтың тақырыбы Бір таңбалы сандарды қосу және азайту Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата07.02.2022
өлшемі81,63 Kb.
#85299
түріСабақ
Байланысты:
қмж


Бөлім: Сандар мен цифрлар




Педагогтің аты-жөні

Қажет Наргиза Хамбарқызы

Күні: 05.10.2020ж




Сынып: 1

Қатысушылар саны:4 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бір таңбалы сандарды қосу және азайту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Сандарды қосуды және азайтуды қолданады.
Көбі: Бір таңбалы сандарды ауызша және жазбаша орындай отырып машықтанады.
Кейбір оқушылар: Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдаланады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
8 минут

Психологиялық ахуал(қимылмен көрсете отырып, хормен айтып, бір-біріне жымия қарайды)
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!

Қолымыздағы күннің бөліктерін құрастырайық.
(Ұ) «Тез сана» әдісі арқылы 1-10 дейін тура және кері ретпен санау.









Күннің бөліктері

Сабақтың ортасы

«Қосып көр» Суретке қарап, қосу амалына мысалдар құрастыр. Неше сары балапан? Неше қара балапан? Қосуға қандай мысал құрастырауға болады?

Жауабы: а) 4+2=6;
б) 5+3=8;
в) 4+5=9.

«Азайтып көр» Азайту амалына берілген мысалдарды шығар. Суретке қай мысал сәйкес келеді?

Жауабы: 8-3=5;
7-5=2;
6-2=2;
7-2=5 суретке арналған мысалдар.

«Орындап көр» Қосуға берілген әр мысалға азайтумен орындалатын мысал құрастыр.
Жауабы:
6+3=9; 7+3=10;
9-6=3; 10-7=3;
9-3=6; 10-3=7.

«Шығарып көр» Суретке қарап, мысал құрастыр.
«Текше» ойыны арқылы
Қолымдағы текшені лақтырамын.Түскен өрнектерді тақтаға жазып, есепті шығарамыз.

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.

Дәптермен жұмыс


Сандық сәуле арқылы суретке қарап, қосуды және азайтуды орындайды.


Сызғыштың көмегімен қосуды және азайтуды орындайды.


Поезд вагондарының көмегімен амалдарды орындайды.


Сергіту сәтін жасайды.

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.





Сандық сәуле


сандар жазылған поезд вагондарының суреті



текше

Сабақтың соңы

Рефлексия

Бүгінгі сабаққа байланысты смайликтерді таңда.

Бүгінгі сабаққа байланысты өз смайликтерін көрсетеді.




смайликтер




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет