Ширату
Диалог құру.
-Әли, менің кафеге барғым келіп тұр.
-Жоқ, Мерей, кафеге үлкендермен бірге бару керек. Одан да балалармен ақылдасып, сыныбымыздың ішінен өз кафемізді жасап алайық.
-Оны қалай жасаймыз? Кафеге не керек?
-Болашақ кафеміздің немен жабдықталатынын төмендегі суреттен көруге болады.
Жақсы, ендеше оқулығымыздағы 1-жаттығуға қарайық.
А Суретпен жұмыс.
-Қане, балалар, «Біздің кафе» бұрышын қалай жасауға болатынын айтып көрейік.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
-Мерей, «Біздің кафеге» қонақтар да келіп қалды. Оларды қарсы алайық.
Қонақтарды қарсы алу.
-Қазақ халқы қандай халық?
-Қонақты қалай қарсы алған?
-Қонақты қандай ізетті сөздермен қарсы аламыз?
-Өте жақсы, балалар, олай болса, кафе сөзін үш тілде айтып көрейік
Кафе-кафе-cafe
-Кафені тағы қалай атауға болады?
-Дәмхана
Т/А Мәтінмен жұмыс.
2- жаттығу. «Не дәмді?» әңгімесін аудиожазбадан тыңдау.
-Балалар, жануарлардың қайсысы дұрыс айтты деп ойлайсыңдар?
-Неліктен барлығының да жауабы дұрыс деп есептейсіңдер?
-Ия, дұрыс айтасыңдар, балалар, әр жануар өздерінің сүйікті тамақтарының дәмді екенін айтып өтті.
-Ал, сендер қандай тамақты дәмді деп есептейсіңдер?
-Олай болса, мәтін мазмұнын сахналайық.
А Сахналау. (Кейіпкерлер: автор, тауық, ит, қоян, ешкі, мысық).
-Балалар, мәтінде кездескен тауық, тары, мысық, сүйек сөздерін буынға бөліп жазайық.
А/О/Ж Та-уық, та-ры, мы-сық,сү-йек.
-Балалар, тауық, сүйек сөздеріне назар аударайықшы. У, й дыбыстары қандай дыбыстардың ортасында тұр.
-Олар нешінші буынға жазылған?
-Ереже шығарып көрейікші.
-Ия,балалар.
Й, ң, у дыбыстары екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, онда олар екінші буынға жазылады.
сү-йек қо-ңыз та-уық
А/О/Ж 3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, буын санын анықтау. 1-деңгей.
2б. 2б. 4б. 3б. 3б. 2б.
Тары адам ағзасына пайдалы. Тарыдан түрлі
3б. 4б.
тағамдар жасалады.
-Тары сөзінде неше буын бар?
-Екі буын бар.
-Не себепті екі буын бар деп ойлайсың?
-Өйткені, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
-Ия, дұрыс айтасыңдар, балалар!
-Жақсы, қазір бойымызды бір сергітіп алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
А/О/Ж Топтық жұмыс.
1-топ. Буындардан сөз құрау.
(Тамақ, тауық, тары, тарақ; білім, білек т.б.)
2-топ. «Жоғалған буын»
Ша-... ...-рақ, жа-... ...-лық, қо... ...-рау,
жа-... ... ...-гер, ба-... ... ...-мал, ел-... ... ...-ба.
3-топ. Берілген суреттерден пайдалы және зиянды тағамдарды бөліп жапсыру.
Әр топ жұмыстарын қорғайды және бір-бірін бағалайды («Басбармақ» арқылы)
А. Жұптық жұмыс.
Суреттерге мұқият қараңыз. Сөздердің буын санын анықтаңыз. Оларды буын санына қарай топтастырып бір-біріңе айтыңыз.
Ж. 4-жаттығу.Буындардан мақал құрап жазу. 2-деңгей.
Не ек сең со ны о ра сың
Қызықты тапсырма «Буындар сыйлығы». 3-деңгей.
Әнұранды әнімен айтқаны үшін оқушылар сыйлық алды. Оқушылардағы сыйлық саны әртүрлі. Мысалы: Айгүл 2 сыйлық, Перизат 3 сыйлық алды. Сыйлықтың қалай бөлінгенін тауып айт.
-Сендер қалай ойлайсыңдар? (пікірталас)
|