Сабақтың тақырыбы: Бұрыш және фигуралар салу Оқу мақсаты: Тік бұрыш салуды үйрену



Дата29.04.2022
өлшемі213,46 Kb.
#141262
түріСабақ
Байланысты:
матем Қмж (1)2 г



ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІСАБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Айбасова Жанель

Пән/Сынып:

Математика 2-сынып

Күні:

15.01.2021

Сабақтың тақырыбы:

Бұрыш және фигуралар салу

Оқу мақсаты:

Тік бұрыш салуды үйрену

Бағалау критерийі:




Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

5 минут

Ұйымдастыру



-Сәлеметсіз бе ? Математика сабағына қош келдіңіздер . - Бүгінгі сабағымызда «тік бұрыш салуды үйренеміз»
Психологиялық ахуал.

Балалар біз кімбіз?


Жарық болса күніміз
Жарқын шығар үніміз
Елін сүйер ер жетер
Біз болашақ гүліміз
-Балалар бүгінгі сабағымызға сәттілік, өзімізге сәттілік!


« Миға шабуыл» әдісі арқылы өткенді қайталау.

Тік төрт бұрыш дегеніміз не? Төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұратын фигура.


Шаршы дегеніміз не? Шаршы деп сыбайлас қабырғалары өзара тең тіктөртбұрышты айтады



  1. Тапсырма . Балалар орманға баратын саяхаттың планың сызбақ болды. Бұл үшін оларға не қажет?


Суретке деп салып қарандар. Жауабын суреттен табасындар. Орманға баратын саяхаттың планың сызу үшін бізге не керек? Блакнот, сызғыштар , карта қажет.



Не меңгеретінін білу үшін



Қалыптастырушы бағалау;
Жарайсың, Ақылдым, Керемет!

Слайд



8 минут

Тәжірибе




Суретке назар аударыңдар. Бірінші суретте яғни, тік бұрыштың бірінші қабырғасын сызып аламыз. Екінші суретте сол тік бұрыштын екінші қабырғасын сызамыз. Яғни бір нүктеден шыққан әр түрлі сәулелер бұрыш жасайды. Біз тік бұрышты сыздық. Енді осы үш бұрышты сызғышпен тік төрт бұрыш сызып көріндер.
Алдымен тік төрт бұрыштын екі қабырғасын сызып алындар, содан кейін үшінші қабырғасын сызасыңдар. Соңғы үшінші суретке көрсетілгендей соңғы қабырғасын тағыда сол сызығышпен сызыңдар.
Бізде не пайда болды? Ия тіктөртбұрыш
Тік төрт бұрыштын қарама қарсы қабырғалары тең болады.
3.Тапсырма.



4.Тапсырма
«Ойлан, тап»әдісі. Есепті шығар.
Серуен кезінде Сырым 15 фотосурет, ал Әлия одан 6 фотосурет артық
түсірді.Балалар барлығы неше фотосурет түсірді?
Есептің шарты
Сырым-15 ф.
Әлия-? 6 ф. сурет артық
Барлығы-?
Алдымен Әлияның неше ф. сурет түсіргенің табайық .
Шешуі: 15+6 =21. 15 пен 6 қосындысы 21 тең . Демек Әлия 21 ф.с. түсірді. Енді барлығын табу үшін Сырым мен Әлияның түсірген ф.с. санын қосамыз. 15+21= 36 . 15 пен 21 қосындысы 36 тең.
Жауабы: барлығы 36 фотосурет


Дескрипторы
- есептерді шығара алады.


5.Тапсырма.
«Зертте» әдісі.Есептер шығару.
Серуенде балалар 1 сағ.15 минут болды. Оның 20 минутында демалды,35 минутында серуендеді,ал қалған уақытында жидек терді. Балалар қанша уақыт жидек терді?
Шешуі: 75-20-35 =20
Жауабы: 20 минут жидек терді.



Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Алған білімін қолдана алу



Жарайсың
Керемет
Өте жақсы

Слайд




Сергіту сәті

Қыдырып қайтайық.







Видеоролик

3 минут

Бекіту

Кері байланыс






Тапсырма. Есепте


Мұнда қалам дәптерден қымбат демек қадамның бағасы 50 тг. Ол дәптерден қымбат. Ал дәптердің бағасы қарандаштан қымбат. Демек дәптер 20 тг. Ал қарандаш 15 тг.
Сонда ең қымбаты қалам, ал арзаны қарандаш.
«
Алма ағашы »


Тақырыпты меңгергенін анықтау

Өздік жұмыс жаңа тақырыпты пысықтауға бағытталған.



Бағалау бас бармақ

Слайд





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет