Сабақтың тақырыбы: Далалық тәжірибе әдістемесі. Тәжірибелердің оқу-танымдық маңызы



Дата04.11.2022
өлшемі20,01 Kb.
#156594
түріСабақ
Байланысты:
7 lektsiya


7 –дәріс
Сабақтың тақырыбы: Далалық тәжірибе әдістемесі. Тәжірибелердің оқу-танымдық маңызы.
Сабақтың мақсаты: Далалық тәжірибе әдістемесін меңгеру. Тәжірибелердің оқу-танымдық маңызын түсіну.

Оқу тәжірибе үлескісі жұмыс жоспары келесі бөлімдерден тұрады:



  • өткен жыл жұмысының талдауы;

  • үлесі схемасы;

  • бағдарламалық тәжірибе тақырыптары;

  • жүргізілетін жұмыстардың материалдық қамтамасыз етілуі (егетін және

  • отырғызатын материалдар, инвентарь, тыңайтқыштардың қажеттілігі;

  • қоғамдық пайдалы жұмыстар;

  • оқушылардың жазғы жұмыс кестесі;

  • сабаққа қажетті табиғи үлестірме материалдарын дайындау;

  • өнімді жоспарлау, оларды пайдаға асыру және т.б

Тәжірибе жұмыстарын жүргізу әдістері.
1. Тәжірибе жұмысын жүргізу үшін бірдей көлемде тәжірибе және бақылау жүйектері болуы қажет. Жүйектердің аумағы 20 кв. м (2 х 10) ден кем болмауы тиіс. Бағдарламалық тәжірибелерді 5 – 10 кв. м. Жүйектерде жасауға болады.
2. Тәжірибе және бақылау жүйектеріндегі барлық жағдайлар тек тәжірибенің тақырыбында қаралғаннан басқаларында бірдей болуы керек.
3. Барлық тәжірибелерде екеуден кем емес қайталану қажет.
4. Жаңа агротәсілдерді танып білу тәжірибелерінде бақылауға сол шаруашылықта алынғаны бақылауға алынады.
5. Түрді танып-білуде жергілікті жерге әкелінген түр бақылауда болады.
6. Жоғарғы өнім алуда әдеттегідей агротехникада аталған түр бақылауға алынады.
7. Себу немесе отырғызу тәжірибе және бақылау жүйектерінде бірдей уақытта, бірдей қатарға жүргізіледі.
8. Тәжірибеге алынған өсімдіктерге күтім барлық жүйекте бірдей және бір уақытта жасалады. Бір рет қайталағанда бір күнде орындау керек.
9. Өнімді де бір рет қайталағанда бір күнде жинау керек. Өнімді жинар алдында өсімдікті мұқият қарау қерек. Педагогтың міндеті тәжірибе шарты бойынша, тіршілік жағдайына байланысты агротехникалық жағдайларды қолдана отырып, оқушыларға жекелеген жүйектердегі өсімдіктерден аз болса да өзгерістерді байқау, қарау – бақылау кезінде топтың барлық оқушылары қатысады.
Зерттеу нысаны ретінде өсімдік шаруашылығының келесі мәселелері бола алады:
- өсімдіктерді өсірудің жаңа технологиялары;
- өсімдіктерді зиянкестерден және аурулардан қорғау;
- арам шөптер және олармен күрес жолдары;
- тұқымды сұрыптау жұмыстары;
- көкөніс, егіс, жеміс-жидек, гүлді – декоративті өсімдіктердің түрлерін зерттеу бойынша тәжірибелер;
- сирек және аз таралған өсімдіктер биологиясын танып-білу;
Экологиялық таза өнімдерді өсіру өзекті болғандықтан олардың түрлерін немесе өнімділігін арттыру бойынша экологиялық тәжірибелер.
Тәжірибелік – зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері
Зерттеуді жүргізу келесі кезеңдерден тұрады:
1. Проблеманы іздеу, тақырыпты таңдау, мақсат пен міндет қою.
2. Зерттелетін проблемамен танысу, материалды жинау әдістерін таңдау және
игеру.
3. Зерттеу, бақылау жүргізу кезінде материал жинау.
4. Нәтиже алу және оны талдау.
5. Жасалынған жұмыстардың есебін жазу
Мектеп үлескісінің үлкен тәрбиелік мәні бар, бірақ мектеп практикасында ол тек бір жақты пайдаланылады, жеміс бағына, гүлді декоративті үлескіге немесе бау – бақшаға айналады. Оқушылардың бойында экологиялық-биологиялық білімді қалыптастыруда оқу - тәжірибе үлескісін дұрыс пайдалану биологиялық, экологиялық білімді ұйымдастыруда үлкен пайда келтіреді. Оқу– тәжірибе үлескісінде мақсатқа бағытталып ұйымдастырылған оқу – тәрбие процесінің басты проблемасы оқушылардың теориялық білімін іс – жүзінде қолдану проблемасын сәтті шешеді. Осылайша оқушыларға биологоиялықэкологиялық білім беру жүйесінде оқу – тәжірибе үлескісінің маңызы зор.
Педагогикалық және эдістемелік құралдарда бұл проблема негізінен жалпы дидактикалық аспектте ашылған, ал әдістемелік аспект заманауи мектеп жағдайына жеткіліксіз. Оқушылардың бойында биологиялық-экологиялық білімдерін қалыптастыруда мектеп үлескісінің мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды. Ал сабақтар тек эпизодты түрде өткізіледі, кейбір қала мектептерінде бұндай үлескілер жоқ. Сондықтан биологияны оқытуда оқушылардың биологиялық – экологиялық білімдерін қалыптастыруда оқу – тәжірибе үлескісі базасын әр уақытта мақсатқа бағытталып ұйымдастырылмайды және жүйелі жасалмайды.


Бақылау сұрақтары:
1. Оқу тәжірибе үлескісі жұмыс жоспары қалай құрылады?
2. Тәжірибе жұмыстарын жүргізудің неше әдісі бар?
3. Мектеп үлескісінің үлкен тәрбиелік мәні қандай?

Ұсынылған әдебиетер:


1. Калачихина, О.Д. Исследовательский подход в преподавании "школьной" биологии. // Методики исследовательской деятельности учащихся в области естественных наук / Ред.-сост. А.С. Обухов. – М.: МИОО; журнал «Исследовательская работа школьников», 2006. – C. 25–31.
2. Качурина, Е.Е, Шацких, М.А. Школьный эксперимент как основа исследовательской деятельности. 2013 г. [Электронный ресурс] (URL: http://kopilkaurokov.ru/biologiya/prochee/165594)
3. Бинас, А.В. Биологический эксперимент в школе: Книга для учителя/ Р.Д. Маш, А.И. Никишов и др. - М: Просвещение – 1990 – 192 с. (доступно в PDF формате в сети Интернет)
4. Петрова, Е.Б. Изучение биологии с использованием учебного физического эксперимента/ Е.Б. Петрова// Биология в школе. – 2012. - № 10. – С. 45-48
5. Долгих С.Т. Үй жанындағы учаскелерде көкөніс дақылдарының тұқымын өсіру. М: Россельхозиздат, 1986, Б.68.
6.Құрманбаев С.К. Мектеп жанындағы учаскелерде көкөніс дақылдарымен тәжірибе жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар. Семей 1995, б 18.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет