Жоспары
1.Мазмұны
2.Кіріспе
3.Аймақтың топырақ-климат жағдайына сипаттама
4. Бақ алқабын құру
5.Жеміс сорттарына сипаттама
6.Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Жеміс-жидек шаруашылығы — жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдікшаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады.
Жеміс-жидек шаруашылығы — өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор.
Орыс ғалымдары А.Т.Болотов, М.В.Рытов, Р.И.Шредер, Н.И.Кичунов, сондай-ақ тәжірибелі жемісшілер шаруашылығының ғылыми негізін қалады және алғашқы оқулықтарын жазды (М.В.Рытов, Р.И.Шредер). Н.И.Кичунов ресейдің революцияға дейінгі бақшашылық тәжірибесін жинақтап, қорытынды жасады.Ғылыми жеміс шаруашылығы – белгілі ғалым-бағбандардың И.В.Мичуриннің, В.В.Пашкевичтің, Л.П.Симиренконың еңбектеріне негізделінген. Н.И.Вавиловтың ежелгі егіншілік елдеріне жасаған экспедициялары, селекциялық жұмыстар үшін құнды материал саналатын, ауыл шаруашылық (оның ішінде көкөністік, бақшалық, жеміс-жидек) дақылдардың әлемдік топтамасын (коллекциясын) жинауға мүмкіндік берді. Н.И.Вавиловтың маңызды мәдени дақылдардың шығу орталығы туралы жасаған ілімі өсімдік биологиясын білудің теориялық негізі болып табылады.Қазақстанда жеміс-көкөніс шаруашылығының дамуына Қазақ бақ шаруашылығы және жүзім шаруашылығы ҒЗИ-ы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, облыстық тәжірибе стансалары өз үлестерін қосуда.Бақ шаруашылығының дамуына баға жетпес үлесті А.Д.Жанғалиев, В.А.Колесников, А.П.Драгавцев, С.С.Олейченко, В.В.Мищенко, т.б. қосты. Жеміс шаруашылығының (Б.Г.Матаганов, К.Д.Аяпов), көкөніс шаруашылығының оқу құралдары (М.Ю.Юсупов, Е.Петров, Ф.Ахметова) Қазақстанның көкөніс және жеміс өсірушілерінің қолдан түсірмейтін кітаптарына айналды.Қазақстанның солтүстігінің жеміс шаруашылығы сібір жеміс шаруашылығымен тығыз байланыста. Сібірдің көптеген сұрыптары ішінара «мәдениленгендер» дегендер немесе ірі жемісті «қытайлықтар» әртүрлі жолдармен Қазақстанның солтүстігіне жетіп отырған.1932 жылы С.М.Рытов пен агроном А.С.Крюков Қарағанды облысының Долин ағаш тұқымбағында суландырылатын бір гектар жерге алғашқы тәжірибелік жеміс бағын салды. Бұл тұқымбақта сібірлік жидекті алмаға телінген ұсақ жемісті сібірлік сұрыптардың жүз шақты алма ағашы, уссурийлік жабайы алмұрттың бірнеше екпе көшеттері және оншақты канадалық және уссурийлік алхоры ағашы болды.
1935-1941 жылдары бағбандар И.К.Фортунатов және В.М.Савич Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе стансасында 28 га жерге тәжірибе бағын салды. 1950 жылдары ағаштардың жасы 9-17 жеткенде тәжірибе бағындағы алманың әр гектарынан 137 ц өнім жинаған, бүлдіргеннен – 62,5-80,0, таңқурайдан – 55 ц өнімді жинап алған.Жеміс ағаштарымен өзінің зерттеу жұмыстарын Шортанды тәжірибе стансасында 1935 жылы бастап, сегіз жыл бойы агромелиорация бөлімінің меңгерушісі белгілі ботаник В.В.Штейн жүргізді. Бұл станса кейбір тұқымдықтарды өсіру мүмкіндіктерін және оларды үсуден қорғау тәсілдерін зерттеген болатын. Бұлардың бәрі барлаушылық сипатта болды.Жеміс-жидек дақылдарын жерсіндіру бойынша Қарағанды ботаникалық бағында көп жұмыстар атқарылды. 1958 жылдан Қостанай облысының Қарабалық ауыл шаруашылық стансасында жеміс және жидек дақылдарының түрлі сұрыптарын зерттеу жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 1945 жылы Қарағанды, кейінгі жылдары Шортанды тәжірибе стансаларында және БОАШҒЗИ-да (Шортанды) жаңа сұрыптар шығаруда А.А.Гудзенко селекциялық жұмыстар жүргізді. Бақтардың санағы бойынша 1945 жылы Қазақстанның солтүстігінде жеміс-жидек екпелерінің 431 га ғана болды, оның 382 га шаруашылықтарда болса, 49 га – әуестенушілерді. Бақтағы негізгі тұқымдық – алма (53 %) болды, сүйектілер (шие, алхоры) – 12 %, жидектілер – 35 %. Жидектілердіңішінде таңқурайдың үлесі 36 %, қарақаттікі – 47 және қарлығанікі – 13 %. Бүлдірген бүкіл жидек екпелерінің 4 % алған.
Қазақстанның солтүстігінде жеміс шаруашылығы өте күшті дамуын тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде бастады. 1960 жылдан 1986 жылдар арасында ашық жерлердегі көкөніс дақылдарының егіс көлемі 9 мыңнан 15 мың га жетті, өнімділік – 54 центнердан 161 ц/га дейін. 1950 жылдары шаруашылықтардағы бақтың көлемі 2300 га болды. Бақтар мен жидектердің негізгі егістігі қалалардың маңайында, қалаға жақын аудандарда орналасты. Жеміс шаруашылығы салыстырмалы түрде дамыған аудандарға Ақмола облысының Целиноград ауданы (14 га), Қостанай облысының Қостанай ауданы (60 га) жатады. Озат шарушылықтар бақтың әр гектарынан 40-60 ц дейін жеміс және жидек жинады.Суландырылатын бақтар мен бақшалар бұрынғы «Некрасов», «Пригородный», «Чайковский», «Майлин» атындағы кеңшарларда (Қостанай облысы); «Николаевский», «Мичурин», «Налобинский», «Заря» (Солтүстік Қазақстан облысы); «Победа», «Қима», «Ярославский» (Торғай облысы); «Акмолинский», «Пригородный» (Ақмола облысы; «Песчанный», «Боровский», «Прииртышский» (Павлодар облысы); Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай ауыл шаруашылық тәжірибе стансаларында болған-ды.
Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау-мақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (бо-тоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.). Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақы-лының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы.Жеміс – құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т.б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек. Шырынды же-містің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий) жылтыры: шие, алма, балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік, қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ.Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.
Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді.Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.Ал, заттай өнімге шағар болсақ, 2006 жылдың тиісті мерзімінің деңгейіне қарағанда мақта талшығы - 644 тоннаға, мақта майы-78 тоннаға аз өндірілді. Нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзімімен саластырғанда 79,4%-ті құрап отыр.Соңғы 3 жылда өнеркәсіп өнімдері көлеміндегі мақта тазалау зауыттарының үлес салмағы жылдан жылға бәсендеп 67% дейін, ал шағын кәсіпкерлердің үлесі керісінше ұлғайып 33% дейін жетті.
2007 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша ауданда тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 4404,2 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 4461,5 млн.теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 566,0 млн теңгеге артып отыр. Орта мерзімдік даму жоспары 101,3 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 2006 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.
Аудан дихандары 139 мың гектар егістік жердің 122744 гектарына шитті мақта, 4834 гектарға дәнді дақылдар, 5092 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп,) 860 гектарға жеміс-жидек, 566,2 гектарға жүзім, 5830 гектарға азықтық дақылдар егіп, бүгінгі таңға 1400 тонна бидай, 29000 тонна көкөніс, 37500 тонна бақша өнімдері өндіріліп алынды.Есепті кезеңде биылғы көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған минералды тыңайтқыштар тікелей шаруа қожалықтарына жеткізіліп таратылды. Сондай-ақ, егілген дақылдардың құрылымына қарай жұмсалған жанар-жағар майға 616,6 млн. теңгенің көлемінде субсидия бөлініп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысындабос жатқан, бұрын шарап өндірумен әйгілі болған жерлерді игеріп, жүзім шаруашылығын дамыту жөнінде тапсырма берді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша ОҚО 2008 жылдан бері “ОҚО-да тамшылатып суаруда қолданып, жеміс-көкөніс кластерін құру мен дамыту” инвестициялық жобасын іске асыру жолымен елдің оңтүстік өңірлерінде жеміс-көкөніс кластерін құру мен дамытуға қатысып келеді. Операторы – “Агрофирма – “Жаңа Ақдала” ЖШС аффилиирленген компаниясы жоба аясында жыл сайын 600 га-ға дейін ауданда өнеркәсіптік ауқымды қызанақ өсіріліп, өңделеді.Қазіргі кезде Қазақстанда тіпті елсіз жерлердің өзінде де (Ақтау, Бақанас аудандарында және т.б. жерлерде) жерасты тұщы сулар жербетіне жақын орналасқан жерлерде бақтар гүлдеп, жеміс беруде. Бақ шаруашылығын тек қуаты аз, жаппай тұтас тасты жерлерде ғана өсіру өте қиын, бірақ та мұндай жерлердің өзін қопару жұмыстары, терең және орлар қазу арқылы және жарамсыз топырақтарды басқа жақтан әкелген құнарлы топырақтармен алмастыру арқылы игеруге болады.
Таулы, шөлді, далалы және орманды-далалы жерлерде бақ шаруашылығының маңызы өте зор, себебі бақтар тау беткейлерін су эрозиясынан және су апаттарынан сақтап бекітеді, қардың жиналуына мүмкіндік туғызады. Кейбір жеміс дақылдарын жыраларды бекіту үшін және қорғау алқабын құру арқылы шөлмен күресу үшін пайдаланады. Сонымен қатар бақтың эсте-тикалық маңызы да зор, ол біздің өмірімізге сән береді.
Бақтарды ірі елді мекендерге және жақсы жолдарға жақын орналастыру қажет. Егер де жылдық жауын-шашын мөлшері 750-800 мм-ден аз болса бақ-ты суармалы жерлерге отырғызу керек немесе болашақ бақ отырғызылатын учаскені суару үшін су көзімен қамтамасыз ету қажет. Бақ отырғызылатын учаскенің топырақ және микроклимат жағдайлары салыстырмалы түрде бірдей болғаны дұрыс.
Бақ отырғызылатын учаскенің ең қолайлы пішіні – 1:2 немесе 1:2,5 қатынастағы тікбұрышты төртбұрыш. Пальметті бақтар үшін солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған учаскелер жақсы. Учаске көлемі кем дегенде 50 га болуға тиіс, бұдан аз болса оның тиімділігі де төмендейді.
Бақ отырғызуға жерді таңдағанда ол жердің климат жағдайларын жетелей зерттеп, қандай да болмасын отырғызылатын тұқымдардың тиімділігін анық-тау қажет. Мұнда ең бастысы белсенді жылы температуралар жиынтығын, қысқы ең төменгі температураны, вегетациялық кезеңнің ұзақтығын, жауын-шашын мөлшерін, желдің бағыты мен күшін ескеру керек. Сонымен қатар рельефтің де маңызы өте зор. Оның әртүрлі болуы микроклимат пен топырақ жағдайларының да әртүрлі болуына әкеліп соғады.
Ең алдымен учаскені тазалап, тастарын шығарады. Егер учаске өзен немесе көлдің жағасына жақын жанасатын жерде болса, шекарадағы қатар-ларды азайту үшін өзен арнасын тегістеу керек. Тіпті рельефі күрт өзгер-мейтін учаскелердің өзі күрделі жоспарлауды қажет етеді. Жерді жүйелеп-жоспарлауда топырақты 50-60 см-ден терең жыртуға болмайды.
Бұл жағдайда тек жалпы жер бетінің тегістігіне ғана емес, сонымен қатар қажет бағыттағы еңістігіне де қол жеткізуге болады. Болашақ отырғы-зылатын бақтың суару және жел қақтыру жағдайларын ескере отырып ең тиімді еңістік 0,002-ден 0,007-ге дейін (яғни 1 км-ге 2-ден 7-ге дейін м) бол-ып саналады. Ағашбөркі дөңгелек болып келетін бақтар үшін еңістік бағыты нақты жағдайларға байланысты таңдалады, ал жалпақ ағашбөрікті бақтар үшін ең жақсы бағыт солтүстіктен оңтүстікке қарай.
Алдын-ала отырғызылған аралас шөптерді жақсылап күтіп-баптаған жағдайда топырақтың құрамы жақсарады және ондағы қоректік заттар құрамы көбейеді. Одан кейінгі топырақты өңдеуде әр гектарға 25-30 т. көң, 8-10 ц суперфосфат, 2-3 ц калий тыңайтқыштары беріледі.
Егер де топырақты бақты отырғызардан бір жыл бұрын мәдениелендірсе жасыл тыңайтқыш ретінде (сидерат) біржылдық шөптерді себеді. Егер де бақ отырғызатын топырақты мәденилендіруге бір жылдан аз уақыт бөлін-се көңді беру нормасын 50-60, ал құнары жоқ нашар топырақтарда 60-80 тон-наға дейін жоғарылату қажет.
Бақ отырғызу үшін беткейлердегі (5-тен 100-қа дейін) топырақтарда мәде-ниелендіруде жұмыс сипаты біраз өзгереді. Күрделі жоспарлау жалпы бағыт-ты және беткей сипатын өзгертпей орындалады. Егер де кейбір ірі тегіс емес жерлерді қазып тегістейтін болса, онда қазылған және көмілген жерлерге көпжылдық шөптер себіледі. Кейіннен жүргізілетін топырақты қабаттар бой-ынша жүйелі тереңдеп өңдеуді ескере отырып тыңайтқышты жолақтап ен-гізеді.100-тан жоғары беткейлерде бақты тек отырғызу террассаларына ғана отырғызуға болады. Қазіргі кезде біздің елімізде өндірістік бақтарды егу қатаң түрде ғылыми жүйеде жүргізіледі. Ол үшін бақ отырғызу жобаларын жасаумен шұғылданатын арнаулы мекемелер құрылған Қазақстанда Казсадпроект. Шаруашылықтар жоба жасату үшін жобалаушы мекемелермен өзара шарт жасасады және жобалауға тапсырмалар беріледі. Жобалаушы мекемелер бақтың құрылымын, қажетті тұқымдарды, сорттарды, телітуші лерді, бақ алқабын ұйымдастыруды, суармалы бақтарды суару тәсілдерін негіздейді және отырғызуға қажетті көшеттердің тыңайтқыштардың есебін, сондай ақ бақты отырғызудың құнын есептеп береді.2007 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша ауданда тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 4404,2 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 4461,5 млн.теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 566,0 млн теңгеге артып отыр. Орта мерзімдік даму жоспары 101,3 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 2006 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айыныңжылдықорташатемпературасы 25 – 29°С.Шөлдіаймағындажауын-шашынныңжылдықорташамөлшері 100 – 150 мм, тауалдында 300 – 500 мм, биіктаулыбөлігінде 800 мм.
Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.
Бақ алқабын құру
Бақ алқабын құруды дұрыс ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Өйткені, бұл шараларды құрыс жүргізудің арқасында механикалық құралдарды, эрозияға қарсы шараларды тиімді қолдануға болады. Бақ алқабын құруды ұйымдастыру олардың жобасын жасаудан (техникалық жоба) басталады. Онда кварталдарда,бақ қорғайтын жолақтарды, жол жүйелерін, шаруашылық құрылыстарын, суару жүйелерін, тұқымдастардың және сорттардың пісу мерзіміне қарай орналастыру, олардың топыраққа және жергілікті жер жағдайларына қоятын талаптары ескеріліп қамтылады.
Бақ отырғызу жобасын құру тек жеміс өсімдіктері отырғызылған бақтың пайдалы көлемін анықтаудан басталады(1-кесте). Жалпы баққа арналған алқаптың ауданы 100 процентке теңестіріліп алынады. Бақтардың жалпы көлемі 100-га аспаса, шаруашылық құрылыстарына, бақ қорғайтын жолақтарға, жолдарға олардың 15-%-ті бөлінеді, бақтың көлемі 100 га асса, онда 12 % бөлінеді. Шаруашылық құрылыстары (қоймалар, жаппа қалқалар, жеміс сақтайтын қоймалар, ауыл шаруашылық машиналарын, улы химикаттарды және минералды тыңайтқыштарды сақтайтын орындар, бақта жұмыс істейтін жұмысшылардың демалыс жайлары) үлкен (магистральді) жолға жақын кварталдардың біреуіне орналастырылады. Алқаптың пайдалы көлемі мына формула бойынша есептелінеді: П=Ж-А
мұнда: П-пайдалы көлемі, га;
Достарыңызбен бөлісу: |