Сабақтың тақырыбы: «Дін экстремизмның алдын алу»



Дата09.08.2017
өлшемі62,25 Kb.
#23108
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Дін экстремизмның алдын алу»
Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд суреттері – плакаттар, ватман.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Келген қонақпен таныстыру, сабақ жоспарымен таныстыру
1 Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
2 Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
3 Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
4 Мұсылмандар
5 Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
ІІІ. Қорытындылау

Қатысқан оқушылар саны: 9-11 сынып оқушылары. (20 оқушы)



Қатысқан мұғалімдер және қонақтар:

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Базарова Құралай Есетовна

  2. Мектеп психологы- Аскарова Дана Хамзановна

  3. Математика пәнінің мұғалімі – Катренова Ғалия Шамшетденовна

  4. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі – Калиякбарова Рыскүл Ахметовна

  5. Шұқыркөл селолық округінің кітапхана меңгерушісі – Кабдуннасова Зульфия Мерзозагитовна

Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында 9 - 11сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен ба, секталарға кіру себебі, Бүгінгі «Діни экстремизмнің алдын алу.» тақырыбы да осы арнаға келіп сыйады. Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біздің оқушылармен сіздерге ой тастаймыз.

Асылжан: Ислам араб сөзі, аллаға бойын ұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік
Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?
Даурен: Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс.
Назерке: Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
Малика: менің ойымша біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.
Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Дархан: қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау деуге болады.
Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.
Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
Айнұр Ерболовна Қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне болған жарылыстардан ұйқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле - шала Ақтөбе, Қазір халық енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Кеше Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі қоғам көңілін басқан қалың тұманды сейілту үшін шұғыл жиын өткізіп, діни экстремизмнің алдын алу мәселесін жан - жақты талқылады. Тұрымтай кеңесте Елбасы лаңкестерді түбегейлі жоюға мемлекеттің күш - жігері жететінін нық сеніммен айтты. Десе де, енді бұл дертпен құқық қорғау орындары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек секілді. Өйткені, діни экстремизм мемлекет тұтастығына сыза түсіріп отырған бірден - бір қауіпке айналып отыр. Ендеше, еліміздегі діни шиеленіскен ахуалдың себеп - салдарының күрмеуін ағытуға біз де өз тарапымыздан азаматтық пікір білдіруді жөн санаймын.
Меруерт: Бұрын біздің ата - әжелеріміз Кеңес кезінде дінді ашық ұстай алмады. Себебі....
менің жеке пікірім бойынша Біріншіден, еліміз тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіздікті нығайту үшін мемлекеттің күш - жігерін негізінен экономикалық әлеуетті арттыруға жұмсады. Осының әсерінен руханият саласы мешеулікке ұрынды. Қожа - молдалар үшін аласапыран заман саналған жетпіс жылдық атеистік дәуірдің өзінде дәл тоқсаныншы жылдардағыдай қазақ халқының руханияты тым төмендемеген еді.
Раушан: Кеңес билігі кезеңінде ұлт зиялылары руханиятқа деген қажеттілікті әдебиет пен өнер арқылы өтеп, халыққа шама-шарқынша дұрыс тәлім - тәрбие беріп келді. Ал тоқсаныншы жылдардағы әлеуметтік - экономикалық дағдарыс осы тәрбие мектебіне де өз салқынын тигізді. Дәлел келтіретін болсам, Мемлекет халықтың рухани бағытын айқындап бермеген соң, қаталаған қалың бұқара шөлі қанбаса да секталардың жалаң діни ақпаратынан су ұрттай бастады. Ал, миссионерлер болса, халықтың осы мағынауи һәм материалдық қажеттілігін өз мақсаттарына ұтымды пайдалана білді. Егер біздің билік Кеңестік кезеңде белгілі бір деңгейге көтерілген мәдениет пен әдебиетімізді аман сақтап қала алғанда, бәлкім, дәл бүгінгідей рухани дағдарыс орын алмаған болар еді.
Ерғалым: Осыған байланысты 2006 жылғы 8 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.
Айгерім: Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған Біріккен Ұлттар Ұйымының «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын.
Қайсар: Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға болады.
Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
Тоғжан: Оқушылардың бойына діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Еліміз бойынша мектептерде «Зайырлылық және дінтану негіздері»пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек. Өкінішке орай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз, мамансыз дінтану пәнін жүргізу – ең үлкен қателік, егер де жас азаматтардың діни санасын қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім бермесе оның дүние танымы, діни санасы қайда бағытталары белгісіз.

Түйін: Айнұр Ерболовна әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет