№2 мамандандырылған орта мектеп
Тәрбие сағаты
« Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»
Дайындаған: Қадырова М.Қ
Ақтөбе – 2009 жыл
Сабақтың тақырыбы: « Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік »
Сабақтың мақсаты: а) Қазақстан Республикасы туралы
түсініктерін кеңейту.Отан өзінің
тұратын, өмір сүретін жері
ретінде түсіндіру. Егеменді ел
жетістіктері туралы таныстыру.
б) Туған елі, Отаны туралы оқушының
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік
қорын молайту, есту сақтау қабілетін
дамыту.
в) Оқушының еліне деген сүйіспеншілік,
мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой-түйіндеу, сипаттау,
мәнерлеп оқыту, топпен жұмыс.
Көрнекіліктер: қазақ ел рәміздерінің суреттері,Н.Ә.Назарбаевтың
суреті, плакатка жазылған нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Амандасу.
- Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
ІІ. Кіріспе.
а) Тарихқа тоқталу.
Алматы қаласы. 1986 жылдың 17 желтоқсанында таңғы сағат 8-де Брежнев алаңына (қазіргі Жаңа алаң) жастардың алғашқы тобы келді. « Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!», « Қазақстанды әркімге билетпейміз!» т.б ұрандар жазылған. 17-нен 18-не қараған түні алаң айнала қоршауға алынды. Жастардың жүздерінде үрейдің ізі де білінбейді. Бір кезде өрт сөндіретін машиналар көрінді. Жастардың үстіне су шашып, жаңбырдай боратты. Милиционерлер әуелі шерудің алдыңғы сапында жүрген қауіпті белсенділерін күшпен алып кетіп жатты.Күрек, сойыл, арсылдаған иттер пайдаланылды.
Бұл оқиға тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік бостандық әкелді.
Жазықсыз жазаланғандар:
Қайрат Рұсқұлбеков
Асанова Ләззат
Мұхамеджанова Сәбира
Әбдіқұлов Мызағали
Тәшенов Түгелбай
Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова мен Қайрат Рұсқұлбеков.Бұл екі қаһарманды айта кетпеу мүмкін емес.
Ләззат Асанова Алтынқызы қазақ жастарының ішінде көтеріліске белсене қатысқандардың бірі.Ол республика алаңына «Қазақтар! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен шықты.
Қайрат небәрі 21 жыл ғұмыр кешті.Ол батыр ғана емес, ақын да еді. Ол түрмеде көз жұмды.
Келесі өлең шумақтары Қайраттың өміріндегі соңғы күндері шығарған өлең жолдары.
Елбең, елбең жүгірген
Елбелек атқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ну сауыт киген темірден
Алатаудай балалар!
Аруағыңмен жебей көр.
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар
Ермек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
(1 минуттік үнсіздік)
Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың
Ата-баба қанымен
Келген бізге
Тәуелсіздік құт болып.
Қонды елге.
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ мемлекетінің тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қ.Р Тәуелсіздік күні деп алтын әріптермен жазылды. Сондықтан да 16 желтоқсан бүкілхалықтық мереке.Тұрғылықты халық үшін теңдесі жоқ аса маңызды тарихи оқиға.
1992 жылы 4 маусымда Қ.Р Жоғарғы Кеңесінің сессиясында елімдің рәміздері қабылданды.
-Балалар Қ Р рәміздерін атаңдаршы:
- Әнұран, ту, елтаңба.
ә)Сабағымызды әрі қарай 3 топқа бөліп сайыс түрінде жалғастырамыз.
1.Топпен танысу
2.Мақал - мәтел аяқтау
3.Астана, Тәуелсіздік, ел, Бәйтерек сөздерін пайдаланып өлең құру.
4. «Отан» сөзіне тірек сөздер жазу.
5. Сурет салу: 1-топ Тәуелсіздік монументін, 2-топ Бәйтерек, 3-топ Елтаңба
1.1-топ «Ту» тобы, өз тобы туралы мағлұмат береді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Мемлекеттік Жалауымызда алтын күні алаулаған зеңгір көк аспан бейнеленген. Сол көк аспан төсінде қалықтаған дала қыраны. Қырық құс қазақ халқының дархан да бітімшіл, бейбіт көңілің шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік Жалаудың авторы – Шәкен Ниязбеков атамыз.
Ту
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда-қызыл күн,
Көк аспанда –жас қыран.
Естілгендей біздің үн.
Сол ғарыштың астынан.
Жанатындай өзі отша,
Жалын шарпып бетінді
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді
Туымызға жас тұнған
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында
Көгереміз,көктейміз
2-топ «Елтаңба»
Елтаңба
Елтаңба жобасына 245 сурет, 67 хат-пікір ұсынылды. Солардың ішінен Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібековтың үлгілері ең таңдаулы деп танылып, қазіргі Қазақстанның Елтаңбасы болып бекілтілді.
Елтаңбаның негізгі идеясы – шаңырақ. Шаңырақтың екі жағында қос қанатты ай мүйізді ат суреті. Есік қорғанынан табылған алтын адамның бас киімінен алынған образ. Жылқы халық үшін ең қастерлі жануар болғандықтан, елтаңбада самғап бара жатқан тұлпар өркениетке көтеріліп бара жатқан елімізді бейнелейді.
Елтаңба
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл-таңба елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Қара щаңырақ-ел күні
Асқақтаған тұр мұңы
Елтаңбасы-елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
3-топ «Әнұран» тобы:
2006 жылдың 7- ші қаңтарында еліміз жаңа Мемлекеттік Гимнің қабылдады. Мемлекеттік Гимнінің сөзі мен әні бәрімізге белгілі атақты ақын Жұмабек Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композатор Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні. Ән мәтіннің кей тұстары өзгертілген. Өзгертулерді еңгізген еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Әнұран айтылады.
2. 1.Ер найзасыз болады (Ел таңбасыз болады)
2.Туған жерге (туың тік)
3.Туған жер – ұлдың Отаны, (Атамекен – ұлттың Отаны)
4. Бірлігі жоқ ел тозар (Бірлігі күшті ел озар)
5. Отансыз адам (Ормансыз бұлбұл)т.б
3. Астана, Тәуелсіз, ел,Бәйтерек сөздерін пайдаланып өлең құру.
4. «Отан» сөзіне тірек сөздер жазу.
Ту Қазақстан ел
Президент ОТАН ата заң
Астана елтаңба туған жер
5. Сурет салу: 1-топ Тәуелсіздік монументін,
2-топ Бәйтерек,
3-топ Елтаңба
ІІІ.Қорытынды
-Сөзжұмбақ шештіру.
Достарыңызбен бөлісу: |