Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебі
Қысқа мерзімді.
Сабақтың тақырыбы: Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Күні: 11.05.2012ж
1-ші сабақ Уақыты:
Физик пәнінің мұғалімі: Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы.
7-сынып
Информатика кабинеті
Уақыт:
5мин
11:20-11:25
3мин
11:25-11:28
5мин
11:28-11:33
7мин
11:33-11:40
3мин
11:40-11:43
2мин
11:43-11:45
8мин
11:45-11:53
6мин
11:53-11:59
3мин
11:59-12:02
1мин
12:02-12:03
2мин
12:03-12:05
|
Мұғалімнің қызметі: Мен не істеймін?
Оқыту мақсатымен және жаңа ұғымдармен таныстыру. Сабақтың критерийлерімен таныстырамын.
Ой толғай ойнатамын.
Электрондық оқулық бойынша видео ойнатылады.
Сынып берілген жаттығуды жұппен орындайды.
Дұрыс жауаптарын тақтаға жазғызу. Тексеру.
Топқа бөлу. Ең алдымен мен оқушыларды үй жануарының, құстардың, жабайы жануарлардың аттары арқылы оқушыларды топтастыру.
Сынып берілген жаттығуды жұппен орындайды.
Сабақта әр түрлі берілген жағдайларға қарап энергия қолдануын бекітемін.
Оқушыларға стикерлер таратамын.
Үй жұмысын беремін
Бағалаймын:
Мадақтау сөздермен ынталандырамын.
Бақылаушылардың берген сумативті бағасынан, формативті баға қоямын.
|
Оқушылардың жұмысы; оқушылар не істейді?
Оқушылар тақтадан күнді/атауын және жаңа тақырыпты жазып алады.
Оқушылар Энергияға байланысты өз білімдерін жинақтайды.
Оқушылар мұқият видеоны 3 рет тындайды. Потенциалдық және кинетикалық энергия арасындағы байланыс.
Өз ойларын видео бойынша дәптерге жазады..
Әр жұптан 1 бала оқиды, ал 1 бала тақтаға жазады.
Берілген презентация бойынша әр топ мүшелері топ ішінде өз ойларын айтады. Әр топ мүшелері өз-өздерін тексереді. Топ лидері жауабын тақтаға жазады.
Экранда берілген суреттерге қарап, әр түрлі денелер қандай энергияға ие болғанын анықтайды.
Өз ойларын жазады.
Мен бүгінгі сабақтан ….
Мен енді …
Қызықты болды, себебі …
Бүгінгі сабақта алған мәлімет омірде …
Деген сұрақтарға жауап жазады. Әр топтың басшысы өз бағасын қойып, айтып кетеді, мұғалімге тапсырады.
Экранда берілген жаттығуын орындау.
Бақылаушылардың берген сумативті бағасынан, формативті баға
|
Ресурстар: Кітаптар, электронды оқулық, құрал-жабдық, АКТ және т.б.
дәптер
Презентация
Видеопроектор
Видео
Дәптер
Дәптер, видеопроектор, тақта, кітап
Презентация
Дәптер, стикерлер, маркерлер
|
Сабақты талдау.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Бестерек орта мектебі.
Сабақ өткен күн: 11.05.2012
Пән: Физика
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға энергияның түрлері жайлы білім беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, тереңдету, жіктеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану.
Тәрбиелік: оқушыларды жүйелік түрде жұмыс істеуге дағдыландыру.
Дамытушылық: біліктілік дағдыларын жетілдіру, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.
Мектептегі тәжірибемде 7 сыныпта «Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия» тақырыбын білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолданып сабақ өткіздім.
Сабақ барысында психологиялық атмосфераны қалыптастырудан бастадық. Топтың ережесін сақтауларына дағдыланды. Блум таксаномиясын сабақта жүйелі түрде қолданысқа енгізу-өте тиімді. Оқулықтағы тапсырмаларды орындап, бірсарынды білім алу оқушыларға аса қызықсыз екені байқалып тұрды. Неғұрлым шығармашылық тапсырмалар, өздік жұмыстары көп болса, оқушының бойындағы қабілетті аша білуге көп көмегін тигізеді. Сабақ барысында сергіту сәттері, тренингтер өткізу оқушының сабақтан жалықпауы, көңілі көтеріңкі болуы, тез шаршамауға көмек береді. Сабақ ортасында оқушылар өздері қандай тренинг өткіземіз деп қызығып, қалған сабақта білім алуға жаңа күшпен кіріседі.
Ой қозғау барысында оқушыларға жоғарғы, төмен дәрежелі сұрақтар қойылып, потенциалдық және кинетикалық энергияға байланысты әртүрлі тәсілдерін пайдаланып, анықтамасын оқып, түсініп, есептер шығаруда қолдана алды. Есептер шығару барысында оқушылар сенімсіздік танытып, қолдарын кітаптан алмады. Бұл жерден осындай жаңа тәсілдерге әлі төселе алмағаны көрінді. Сабақтың соңында сыныптағы 15 оқушының 7 - і сұрақтарға толық, нақты жауап бере алды. Талдау кезеңінде өзіндік жұмысты дәптерлерінде орындап, талдау жұмыстарын жүргізді.
Егер оқушылар өздері жұппен, топпен жұмыс жасағанда өздерін сабақтан тыс жүрген уақыттағыдай тең ұстайды, бір-біріне көмекке келуге дайын, топқа бөлінгенде топ құрамына риза болуы, наразы болғанын кері қатынас жасағанда байқалды. Нашар оқитын оқушылар, үндемей отыратын оқушылар белсенділік таныта бастады. Бұл нәтиже - білім беру және білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдердің жемісі.
Тек осы тәсілдерді үнемі ізденіспен қолданса, шығармашылық тапсырмаларды жиі қолданса оқушының қабілетіне шек қоюға болмайды деген шешімге келдім. Кері қатынас барысында оқушылар өзімізді - өзіміз бағалау өте ұнады деген ойлар көп кездесті. Егер оқушылар бағалау критерийін әр сабақ барысында жүйелі қолданса, бағалау да жеңіл, дау да болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |