Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Энергия
|
Мектеп: №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі, Сырдария ауданы
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Баймырзаев Нұрхан Бекболатұлы
|
Сынып:7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Энергияның сақталуы және айналуы.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
|
7.2.3.6 механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар істей алады:
Механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолданады.
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Механикалық энергияның сақталу заңын түрлендіре отырып В-деңгейлі есептер шығарады.
|
Кейбір оқушылар істей алады:
Өмірде энергиялардың түрленуін анықтайды және күрделілігі жоғары есептер шығарады.
|
Ойлау дағдысы
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
Механикалық энергияның сақталу заңын анықтайды.
Механикалық энергияның сақталу заңын түрлендіріп есептер шығарады .
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану(5-сынып).
Тарих (6 сынып)
|
Құндылықтар |
Өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдылану
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Не істей алады?
Механикалық энергияның сақталу заңын тұжырымдайды, есептер шығаруда қолданады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):
Толық механикалық энергия, энергияның сақталу заңы.
Кинетикалық, потенциалдық, энергия, энергияның өлшем бірлігі - Джоуль
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:
Энергиясы бар деп қандай денелер туралы айтылады?
Энергия бұл физикалық шама дегенді қалай түсінесіңдер?
Энергияның түрлену себептерін анықтайды.
|
Алдыңғы білім
|
Потенциалдық және кинетикалық энергия, механикалық энергияның сақталу заңы
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
4 мин
3 мин
|
Жағымды ахуал туғызу. «Мен саған сенемін» (2 мин)
Топқа біріктіру (2 мин)
Формула жазбаларын таңдау арқылы топқа бөлемін.
1топ – кинетикалық энергия
2 топ – потенциалдық энергия
3 топ – механикалық энергия
4 топ – өлшем бірлігі
3.Үй тапсырмасын "Кір жаю" әдісі арқылы тексеру. Энергия ұғымын іліп қоямын, әріптердің бір бетінде сұрақтар жазылған.
Э - Дененің жұмыс істеу қабілетін сипаттайтын шама
Н – Күштің өлшем бірлігі
Е – Юпитердің қазақша атауы
Р - Дененің салмағын белгілейтін әріп
Г – Пішінін де, көлемін де сақтамайтын агрегаттық күй
И – Денелердің қозғалыс кезіндегі әрекетсіздігі
Я –Кинетикалық, потенциалдық дегеніміз...
ҚБ. Смайлик арқылы бағалау.
|
Формула жазбалары
Әріптер жіпке ілінеді.
|
4 мин
Сабақтың ортасы
8+2=10 мин
5 мин
2 мин
|
Ой қозғау. Бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазбаны талқылау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашып аламыз.
Қандай энергия түрлері көрініс тапты?
Дененің механикалық энергиясы деп нені айтады?
Вертикаль жоғары лақтырылған дене қозғалысы кезіндегі кинетикалық және потенциалдық энергиялар қалай өзгереді?
Топтық жұмыс. «Кім жылдам?»
№1-топ
№1. Массасы 100 г, тік жоғары қарай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілгендегі ең жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
№2. Жаңа форматта кездесетін көп нұсқалы есептер
Массасы 2 кг дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса, оның жылдамдығын анықтаңыз.
А) 20 м/с В) 50 м/с С) 72 км/сағ D) 40 м/с Е) 36 км/сағ
F) 30 м/с G) 108 км/сағ Н) 10 м/с
№2-топ.
1. Массасы 400 г, 2 м биіктіктен құлап түскен дененің жерге соқтығысуы алдындағы кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
2. Жаңа форматында кездесетін көп нұсқалы есептер
Потенциалдық энергиясы 25 Дж-ға тең дене нөлдік деңгейден 2 м биіктікте тұр. Дененің массасын табыңыз.
А) 1250 г В) 1,25 кг С) 1,15 кг D) 1,35 кг Е) 1150 г
F) 1,55 кг G) 1350 г Н) 1550 г
№3 -топ.
1. Биіктігі 100 см үстелде массасы 200 г суы бар стакан тұр. Суы бар стаканның еденге қатысты потенциалдық энергиясын табыңыз.
2 . Жаңа форматта кездесетін көп нұсқалы есептер
2 м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан 400 г дененің жерге соғылар мезеттегі кинетикалық энергиясын анықтаңыз
А)6 Дж В) 10 Дж С) 0,005 кДж D) 0,006 кДж Е) 8 Дж
F) 1,55 кг G) 1350 г Н) 0,008 кДж
№ 4-топ.
1.Массасы 9 г оқ винтовка ұңғысынан 800 м/с жылдамдықпен шығады. Оның кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
2 . Жаңа форматта кездесетін көп нұсқалы есептер
Потенциалдық энергия 10 000 Дж, массасы 2 т дененің нөлдік деңгейдегі биіктігін табыңыз.
А) 0,5 км В) 0,05 м С) 5 м D) 0,5 м Е) 0,05 км
F) 0,0005 км G) 500 см Н) 50 см
Қ.Б: «Екі жұлдыз,бір тілек»
Жұптық жұмыс «Түрлендіретін жалғаулар»
Жеке жұмыста берілген есептерде кездесетін туынды бірліктерді негізгі бірліктерге түрлендіру
1кДж =__________ Дж 0,001Дж =___________Дж
1МДж =__________ Дж 15000Дж =____________Дж
1мДж = __________ Дж 35·104 Дж =____________Дж
1мкДж =__________ Па 107 Дж = ___________Дж
ҚБ: Жұптардың өзара бағалауы
Дұрыс жауабы: тақтада беріледі
Сергіту сәті «Сиқырлы сандық» «Chest»
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Музыка ойналады. Музыка тоқтағанда сиқырлы сандық кімнің қолында болса, сол оқушы ішінен шыққан асықтағы санға байланысты сұраққа жауап береді.
16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні
2017 жыл – ЕХРО-2017
1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні
9 мамыр –Жеңіс күні
|
Бейне материал
https://www.youtube.com/watch?v=boAaOhIdidc
немесе
https://www.youtube.com/watch?v=BQnyN4bi9_c
Тапсырмалар жазылған ресурстар
Оқулықпен жұмыс
Қима қағаздар
Әуен, сандық, асық
|
7 мин
6 мин
|
Жеке жұмыс.
1 тапсырма. «Кеңейтілген тапсырма» есептер шығару (тапсырма сараланған)
Тақтада «Астана-Бәйтерек» монументі ілініп тұрады. Карточкада А, В, С-деңгейлі есептер жазылады. А-деңгейлі есеп «Астана-Бәйтеректің» төменгі жағында, В-деңгейлі есеп орта тұсында, С-деңгейлі есеп жоғары жағында орналасады.
А-деңгейі
Массасы 10 г оқ 800м/с жылдамдықпен ағашқа тиеді де 10 см тереңдікте тоқтайды.Ағаштың кедергі күшін тұрақты деп есептеп,оның шамасын табу керек.
В-деңгейі
Массасы 100 т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200м/с болады. Оның Жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?
С-деңгейі
Массасы 5т жер серігін 100 км биіктікке 8 км/с болатын бірінші ғарыштық жылдамдықпен шығару үшін қандай жұмыс шығындалады? Жер серігінің орбитадағы механикалық энергиясы неге тең?
Кейбір оқушылар үшін:
Массасы 2 кг дененің 10 м биіктікке 20 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы толық механикалық энергиясын анықтаңыз.
2 тапсырма. «Физикалық диктант»
Егер дененің жылдамдығы 3 есе артса, оның кинетикалық энергиясы ____________ ( 9 есе өседі)
Егер дененiң жылдамдығы 5 есе артқанда, оның кинетикалық энергиясы ____________ (25 есе өседi)
Тас 10 м/с жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Тастың кинетикалық энергиясының потенциялдық энергиясына тең болу биіктігі______ (2,5 м)
Дененің жылдамдығы __________ азайса, оның кинетикалық энергиясы 4 есе кемиді. (2 есе азайса)
Жер бетінен 2 м биіктікте тұрған дененің биіктігін 6 м-ге жеткізгенде оның потенциялдық энергиясы ___________ (3 есе өседі)
ҚБ: дескриптор
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
1.Механикалық энергияның сақталу заңын анықтайды.
2.Механикалық энергияның сақталу заңын түрлендіріп есептер шығарады .
|
1.Механикалық энергияның
сақталу заңын қолданды.
2.Механикалық энергияның сақталу заңына сай есептің берілгенін жазды.
Формуласын түрлендіре білді.
Шешімін тапты.
|
|
Есептер жазылған карточкалар
Карточка таратылады.
Жауаптары интербелсенді тақтада тұрады.
|
Сабақтың соңы
3 мин
|
ҮІІ. Кері байланыс. «Шоллиер табақшасы»
Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз.
№1 Барлығын білемін, қолдана аламын.
№2 Түсінемін, бірақ әлі де көмек қажет. Неліктен?
№3 Мен үшін барлығы қиын. Неліктен?
|
|
1 мин
|
Үйге тапсырма: §34 161 – 162 бет. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және
қауіпсіздік ережелерін
сақтау
|
Оқушылардың барлығы:
Механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолданады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Механикалық энергияның сақталу заңын түрлендіре отырып В-деңгейлі есептер шығарады.
Оқушылардың кейбірі
Өмірде энергиялардың түрленуін анықтайды және күрделілігі жоғары есептер шығарады.
|
1.Смайлик арқылы бағалау
2.«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі,
3.«Өзара бағалау»,
4.Бағалау критериі және дескриптор
5.Кері байланыс «Шоллиер табақшасы»
|
Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау.
Қауіпсіздік ережесін сақтау.
|
Рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Бұл берілген бос орынды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту меноқуға қатысты)
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту меноқуға қатысты)
Осы сабақтың барысындамен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|