Сабақтың тақырыбы: «Ерлердің ұлттық киімдері»



Дата17.02.2017
өлшемі49,22 Kb.
#9759
түріСабақ
Күні: 11. 12.14 ж. 11 – сынып Сабақтың тақырыбы: «Ерлердің ұлттық киімдері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұлттық киімдер туралы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық киімдерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың сабақ барысында халықтың өнерін, салт - дәстүрді бағалай білуге, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақ көрнекілігі: слайд, ұлттық киімдердің суреттері, түрлері
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу
2. Сабаққа даярлығын тексеру
3. Техника қауіпсіздік ережесін сақтау

II. Үй тапсырмасын сұрау: Берілген мәтіннің мазмұнын айту.
Әйел киімдерінің ең бастысы көйлек, одан кейін сәукеле, бөрік, тақия, кимешек - жаулық, бас киімдер мен қамзол, желетке болған. Әйел көйлегінің кеудесі мен етегі екі бөлек тігіліп, соңынан етекті кеудеге бүріп қосатын. Кеуденің етекке қосылған жерін көйлектің белі немесе бүрмесі деп атаған. Көйлектің жағасы тік, бір жақ иық үстінен түймеленеді. Ал қыз - келіншектердің көйлегінің жағасы кестеленеді немесе қол инемен көркемдеп қайып тігіледі. Кейде жағаның үстіңгі шетін бүрмелеп желбірлеп қояды. Қыз - келіншек көйлегінің жағасының өңіріне бірнеше түймені тізіп қадайды.
Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады.
III Жаңа сабақ
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы —киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын - сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу). Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою - өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой - дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.



IV. Мәтінмен жұмыс . Ер адам киімі 
Ішік - әр түрлі аң терілерінен тігеді. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, үш топ барқыт, атлас, манат сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек - жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, қайырма жағалы болып келген.

Шапан - Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан астарына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігеді. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар болып келеді.
Тон - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны қойдың, ешкінің және құлынның терісінен тігеді. Тон тігетін теріні ең алдымен шел майынан арылтады. Одан соң оны күбіге салып не ашық күйінде илейді. Қой мен ешкінің терісінен тон тіккенде терінің жүні мен тігісі ішіне қарайды. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап тіккен

Шалбар - барқыт, пүліш, шұға, шибарқыт, шегрен, сияқты ширақы маталардан, қой - ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп - тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Қой терісінің әр түрлерінен (жүндес, қырықпа, тақыр және т. б.), ешкі және құлын терілерінен, былғарыдан тігілген шалбарды көбінесе тыстамайды. Оны бір түске бояп, кестелейді, балағын құндыз, сусар сияқты аң терілерімен тіккен. Теріден тігілген шалбарды матамен тыстап та жүрген. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуді бірнеше метр матадан ораған.

V. Мәтін бойынша сұрақтар қою.

1. Қандай ерлердің киімдерімен таныстыңдар? 2. Өздеріңе қай киім таныс? 3. Шапан ол қай халықтардың ұлттық киімі?

VI. Дәптермен жұмыс.

Білдім

Білемін

Білгім келеді

Шалбардың ешкі терісінен жасалады.

Тон – қазақтың ұлттық киім – кешегі.

Тон қай халықтардың ұлттық киімі?

VII. Рефлексия «Ыстық орындық» ойыны арқылы сабақты қорытындылау.

VIII. Үй тапсырмасы Ұлттық киімдер туралы қосымша мәлімет әкелу.

Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет