Қордай аданы. Жамбыл ауылы
Жамбыл жабаев атындағы№26 орта мектеп.
Ержанова Гүлсім Бисенбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі.
Сыныптан тыс сабақ
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер әлемінде
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі әлемінде
Әдіс – тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, практикалық.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері суреттері, кеспе әріптер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан достарым,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, Қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
Сәлеметсің бе Күн Ана,
Сәлеметсің бе Жер Ана.
Сәлеметсің бе Көгілдір аспан,
Сәлеметсің бе сіз.
Сәлеметсің бе біз,
Күндей жадырап.
Айдай арайлап,
Судай таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
– Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!)
– Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегінің аты «Бауырсақ». Бұл ертегінің ішінде сендерге арналған көптеген тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше ертегімізді бастайық.
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бауырсақтың тапсырмасы – жұмбақ шешу.
І топқа 1. Өзі жап – жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйді,
Түкті тонын шұп-шұбар. (Мысық)
2. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. (Жапырақ)
1.Үй үстінде алтын тас,
Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда;
2.Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар. (бор; мел;
3.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап; книга;
4.Білімді мыңды жығады,
Білекті … жығады. (бір; один;
5.Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (алма; яблоко;
ІІ топқа
Қиқу салып бақырып,
Айқайлауды тауыпты.
Қыт-қыт дейтін шақырып,
Кім біледі...? (Тауық)
Лақтырып бөркін басынан,
Бүйірі қызса, тасыған.
(Құман)
1.Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа; воздух;
2.Айдағаны … ешкі,
Ысқырығы жер жарады. (бес; пять;
3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыз; линейка;
4.Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су;
5.Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам; ручка;
– Өте жақсы, балалар! Бауырсақтың тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Бір кезде оған Қоян жолығып:
– Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
– Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым
Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілген терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!»
Қоянның тапсырмасы:
Сиқырлы алма ағашынан әріптерді ата және дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырат:
А, Р, О, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң, Ғ, Ж, І, Ә, Ө, Қ, К, Е, Б, И, Й, Г. Осы әріптен бір әріп таңдау
Сөз тапқанға…(Әр топ бір әріптен таңдайды)
Өз тілін жетік біліп үйренсе кім,
Ең жақын ұрпағы сол Жиреншенің.
Құрбы-құрдас,сергітіп бірін-бірі,
Шешендігін білдірер бүгін,міне.
Сұрақтар.
1.Бүгін қандай күн?
2. Сенің досың кім?
3.Ол қандай адам?
4.Жарыстан соң не істейсің?
5.Апайың ұрыса ма?
6.Ұйықтағанда не көресің?
7. Қандай тамақты ұнатасың?
8.Досыңа не айтасың?
9.Әлемдегі ең жүйрік кім?
10.Күннің ішінде не бар деп ойлайсың?
11. Кемпірқосақты қашан көруге болады?
12.Бізге тырнақ не үшін қажет?
13. Қар жана ма?
14. Сабақтан қиналғанда не істейсің?
15. Аспанда құс ұша ма?
– Өте жақсы, балалар! Қоянның тапсырмасын жақсы орындадыңдар! Содан бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Қасқырдың тапсырмасы:
«Кім жылдам?»
І топқа:
1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
Ыбырай Алтынсарин
2. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?
Бір аллаға сиынып
3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?
Қарызың
4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?
Ақын
5. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?
Ахмет Байтұрсынұлы
6. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
7. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
8. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
9. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
10. 1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
11. ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
12. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (Күй)
13. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанло)
14. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
15. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим))
І топ
1. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген?
Ілияс Жансүгіровтің
2. Қартқожа қай жазушының кейіпкері?
Жүсіпбек Аймауытовтың
3. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов туралы жазған жазушы кім?
Сапарғали Бегалин
4. Абайдың нақыл сөзін аяқта.
«Адам баласының ең жаманы -...»
Талапсыз
5. Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
6. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
7. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1- желтоқсан)
8. Қазир қай жыл? (мешін)
9. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
10.Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
11. Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)
12. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
13. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)
14. 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)
Аюдың тапсырмасы:
Балалар біз енді аю дың тапсырмасын орындайық
1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң, қанша екен тез есепте
Алдында екеу, екеу келеді артында
Екі - екіден келеді қос бүйірде.
(4)
2. Табақтағы жемісті
Былай ғана бөлісті
Екі анасы, қос баласы
Әжесі мен немере
Бір - бірден тиді алмасы
Айтшы қанша жан басы?
(Әжесі, шешесі, немересі)
3. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
4. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
5. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
6. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
7. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
8. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
9.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
10. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
11) 11 түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі,
2 қоян, 3 түлкі
таба алмасаң бол күлкі!
(барлығы 28)
12) Бір алманы төртке бөлдік,
Бір бөлігін жеп те көрдік.
Қалған үлкен үш бөлігін,
Қасымдағы үш досқа бердім.
Қанша болды? ( 0 )
13.) Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен,
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жұп саны,
Нешеу болды түп саны? (10)
12.) Ортаға әкеп тосты Оспан,
Отыз жеті қаламды.
Тиді әркімге қос - қостан,
Балалардың бәрі алды.
Өзгелерден бір қалам,
Өзгелерден бір қалам,
Артық тиді Күләшқа.
Береді айтып кім маған,
Неше жан бар класта? (37: 2=18 (1қ)
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Оңға-оңға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Жоғары-төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.
Балалар енді біз түлкінің тапсырмасын орындайық
1 - топ. «Сандар»
1 - оқушы: Цифрлардан әр түрлі сандар құрастырылады. Олар бар болғаны он цифр. Әр санның өз сырына үңілейік.
2 - оқушы: 1 саны
1 - жалғыз, дара, жеке сыңар. Бір елі ауызға екі елі қақпақ. Екі жарты - бір бүтін. Жақсы сөз жарым ырыс.
Бір құдірет: 18 мың ғаламды жаратушы жалғыз - Алла
3 - оқушы: 2 саны
2 - жұп, қос, егіз, пар. Екі құлағы екі езуінде. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. Жұбын жазбады. Екі құлағынан күн көрінеді.
Екі арыс: Ата, ана. Екі мәңгілік: Ай мен күн. Екі дүние: Бұл дүние. О дүние.
4 - оқушы: 3 саны
3 - орта баға. Ер кезегі үшке дейін. 3 би, 3 жүз, 3 арсыз, 3 қадірсіз, 3 жақын, 3 тоқтам, 3 тәтті, 3 қайнаса сорпасы қосылмайды.
Үш жұрт: Ағайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.
Үш байлық: 1 - денсаулық, 2 - ақжаулық, 3 - қорадағы бес саулық.
Үш дана: Абай. Шоқан. Ыбырай. Үш арсыз: Ұйқы. Тамақ. Күлкі жамандық,
5 - оқушы: 4 саны
4 амал, 4 бұрыш, 4 құбыла. Дүниенің 4 бұрышы. 4 аяғы тең жорға. Түн ұйқысын 4 бөлген. Төрт түлігі сай. Төрт көзі түгел.
Төрт тұлға: От, су, жел, жер. Төрт құбыла: Шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік.
Төрт маусым: Көктем, жаз, күз, қыс. Төрт тоқсан: Қыс тоқсан, жаз тоқсан, шілде тоқсан, күз тоқсан.
Төрт мұрат: Дау мұраты - біту.
Саудагер мұраты - ұту.
Қыз мұраты - кету.
Жол мұраты - жету.
6 - оқушы: 5 саны
5 үздік баға, 5 қару, 5 асыл іс, 5 дұшпан, 5 тас ойыны, 5 парыз.
Бес қару: Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
7 - оқушы: 6 саны
6 - жұп сан. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Алты айлық жол. Азуы алты қарыс.
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылған.
1.Үлы жүз,2.Орта жүз,3.Кіші жүз,4.Қарақалпақ,5.Қырғыз,6.Қазақтың құрама ұрулары.
Алты игілік:1.Денсаулық,2.Қазына,3.Дос,4.Әйелі(жар),5.Білім,6.Бала(Ұрпақ)
Алты парыз:Адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар.
1.Бір-біріне салем беру(әдеиі барып)
2.Шақырса баруға.
3.Кеңес сұрауға ақыл сұрауға
4.Сұрағына жауап беруге.
5.Ауырып қалса көңілін сұрауға,
6.Қайтыс болса жерлеуге қатысуға
Алты асқар: 1.Ақыл, 2.Білім,3.Жамарттық,4.Әділдік,5.Шыншылдық,6.Кең пейілділік.
8 - оқушы: 7 саны
7 қазына. 7 жетім. 7 жоқ. 7 аптаның 7 күні. 7 жарғы. 7 жұп. 7 ата. Жұт жеті ағайынды. Жеті атасын білмеген ер, жеті жұрттың қамын жер.
Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік таз.
9 - оқушы: 8 саны
8 - сегіз сері. Сегіз қырлы, бір сырлы.
10 - оқушы: 9 саны
9 құмалақ ойыны.
11 - оқушы: 10 саны оқу
Хормен: 1 - білім ал
2 - ерлік көрсет
3 - үлгі тұт
4 - тәртіп керек
5 - бестік баға
6 - алғыс ал
7 – жеңіс біздікі
8 - сенім керек
9 - талпыну керек
10 - оқу керек
Топ басшысы: Бірлік, ондық, жүздік бар,
Сандар сырын айтатын.
17 миллион халқым бар.
Айбарлы барыс қазақпыз.
ІІ топ. «Өлшемдер»
Топ басшысы: Қазақта бар өлшемдер,
Сөзімді менің көркемдер.
Елі қарыс қадам бар,
Қазақша нағыз өлшемдер.
Жақсы – жаман арасы,
Бес елі деп өлшенер.
1 - оқушы: Халық тұрмыста қазақтың байырғы өлшемдерін қолданған. Кейде адамдардың іс - әрекетін, қадір - қасиетін бағалап, басқамен салыстырғанда «бес саусақ бірдей емес» деген сөзді мәтел есебінде айтады.
2 - оқушы: Саусақпен өлшенетін сыйымдық өлшемдер.
Шым, шөкім, бір уыс, қос уыс
3 - оқушы: Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдер.
Білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере.
4 - оқушы: Саусақпен өлшенетін ұзындық өлшемдері.
Елі, тұтам, сүйем, сынық сүйем, қарыс сүйем, сере, қарыс, кере қарыс.
5 - оқушы: Қашықтық өлшемдер.
Аттам(бір аттам) жер, бөрік тастам жер, иек артпа жер, қозы көген жер, қол(құлаш) созым жер, қырық қадам, тас лақтырым жер, таяқ тастам жер, сідік шаптырым жер.
6 - оқушы: Адам бойына байланысты тереңдік өлшемдері.
Тобыққа дейін, тізе бойы, белуар (белбуар) бойы, кіндік бойы, кісі бойы.
7 - оқушы: Ауырлық өлшемдері
Мысқал - 5 грамға жуық ауырлық өлшемі.
Қадақ - 400 грамға жуық ауырлық өлшемі.
Пұт - 16 килограммға жуық ауырлық өлшемі.
Қап - 4 пұтқа жуық ауырлық өлшемі.
Батпан - 10 пұтқа жуық ауырлық өлшемі.
8 - оқушы: Көлем өлшемдері
Титімдей, бас бармақтай, жұдырықтай, кесектей, қазандай
9 - оқушы: Экологиялық уақыт өлшемі
Ай туғанда, алғаш қар жауғанда, жер көктегенде, жұлдыздар өшкенде, күн батарда, күн арқан бойы көтерілгенде, күн көтерілгенде, күн күркірегенде, күн төбеге көтерілгенде, қансонарда, қырау түскенде, таң бозарып атқанда, таң шүбірлеп атқанда, шөп сарғайғанда.
Топ басшысы: Білу үшін шырағым,
Білмегенді сұрағың.
Жүрген елдің ойынды,
Ескі өлшемдер мол екен.
Бұл өлшемдерді білейік,
Есте ұстап жүрейік.
Енді балалар біз атаның тапсырмасын орындайық
Мақал – мәтелдер ойыны.
Тақтада берілген әріптерден мақал құру.
Л І Л Т І К І Б І Ы М І Д
І Б Ы І Б Р Ж Д Ғ
М Л І Т Б І К Л Е Т
Енді біз бағана таңдаған әріптерімізге сөйлем құрау.
1 топ А
2 топ Ә
Асан азанда алма алды.
Айбар азанда автобус алды
Айнаш Айжанннан ананас алды
Ағам Асан Айжан Астананы айналды
Айжан апкем автобуспен Алматаны аралады
Апам апкем Айжан Алматадан аппорт алма алды
2 топ
Әкем Әсет әтеш әкелді
Әсем әдемі әнші
Әлима әсем әнші
Әмина Әсима Әкесімен әдемі әншіні әкелді
Әлима әлемдегі әдемі әнші
Әли мен Әди әлемнің әсем әлдилер
Сергіту сәті:
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
Әжейдің тапсырмасы
Мақалды жалғастыру
І топқа:
1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащы да тіл)
2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)
3. Өнер алды… (қызыл тіл)
4. Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)
5. Тіл қылыштан … (да өткір)
6. Отан … (оттан да ыстық)
ІІ топқа:
1. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)
2. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)
3. Ер жігіт елі үшін туады, … ( елі үшін өледі)
4. Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)
5. Жақсы жолдас жанға серңк, … (жаман жолдас малға серік)
6. Қыз елдің көркі,… (гүл жердің көркі)
Бауырсақтың тапсырмасы
Жарайсындар балалар енді біз және бауырсатың тапсырмасын орындайық бауырсақты суркеттейік суретін салайық.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықтық бүгін шыңдарына.
«Ертегі әлемінде» сайысы аяқталды,
Білімді ұл қыздардың арқасында.
Достарыңызбен бөлісу: |