Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ешімшенің түрленуі туралы түсінік беру



Дата29.06.2017
өлшемі61,21 Kb.
#20649
түріСабақ
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ешімшенің түрленуі туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Есімшенің түрлену жолдарын түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген

қызығушылығын арттыру,негізгі

мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға

дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу.

2) Түгендеу,оқу құралдарын тексер.

3) Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

4) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Бұйрық рай дегеніміз не?

2. Рай категориясы дегеніміз не?

3. Райдың неше түрі бар?

4. Ашық рай қалай жасалады?

5. Бұйрық райға -шы,-ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?

6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімше - сөйлемде екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп келіп етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп ( септеліп, тәуелденіп, көптеліп), есім қызметін атқарады. Есімше (яғни есімдер сияқты) деп аталуының өзі осы қасиетіне байланысты.

Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:

1) -ған, -ген, -қан, -кен: ал-ған, көр-ген, айт-қан, кет-кен;

2) –ар, -ер, -р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін -е: бар-ар, кел-ер, оқы-р, айтпа-с, көрме-с;

3) –атын, -етін, -йтын, -итін: айт-атын, кел-етін, тыңда-йтын, сойле-йтін;

4) –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек: бар-мақ, кел-мек, жаз-бақ, без-бек, шаш-пақ, төк-пек;

Есімшенің тәуелдену үлгісі

оңаша

I

II

III



айт – қан – ым

айт - қан – ың айт - қан – ыңыз

айт - қан – ы


ортақ

I

II

III



айт - қан – ымыз

айт - қан – (дар) ың

айт - қан – (дар) ыңыз

айт - қан – (дар) ы



Есімшенің септелу үлгісі

А.

І.

Б.



Т.

Ж.

Ш.



К.

айтқан

айтқанның

айтқанға

айтқанды


айтқанда

айтқаннан

айтқанмен


Есімшенің жіктелуі

жекеше

I. көргенмін

II. көргенсің

көргенсіз

III. көрген



көпше

I. көргенбіз

II. көргенсіңдер

көргенсіздер

III. көрген



Жеке оқушылармен жұмыс: тапқан, барған,білетін, тозбас деген есімшелерді ауызша септеңдер.

Тақтамен жұмыс: Тәуелденген есімшелерді қатыстырып,сөйлем құрастырып, морфологиялық талдау жүргізеді.

Көргенім,келетіні,жазатының, көмектескеніңіз,бармайтыны, тыңдағанымыз.



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Есімшенің түрлену жолын түсіндір.

  2. Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады.

  3. Етістіктің неше шағы бар?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Есімшенің жұрнағы арқылы жасалған мақал- мәтелдер жазып, олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратыңдар.

Есімшенің тәуелдену үлгісі

оңаша

I

II

III



айт – қан – ым

айт - қан – ың айт - қан – ыңыз

айт - қан – ы


ортақ

I

II

III



айт - қан – ымыз

айт - қан – (дар) ың

айт - қан – (дар) ыңыз

айт - қан – (дар) ы



Есімшенің септелу үлгісі

А.

І.

Б.



Т.

Ж.

Ш.



К.

айтқан

айтқанның

айтқанға

айтқанды


айтқанда

айтқаннан

айтқанмен


Есімшенің жіктелуі

жекеше

I. көргенмін

II. көргенсің

көргенсіз

III. көрген



көпше

I. көргенбіз

II. көргенсіңдер

көргенсіздер

III. көрген



тапқан

барған

білетін

тозбас

39 жалпы білім беретін орта мектеп



Сабақ жоспары

Тақырыбы: Есімшенің түрленуі


Машықкер:

Әдіскер:


Мұғалім:

Баға:
2014-2015 оқу жылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет