Сабақтың тақырыбы: Газет, журнал оқисыз ба? Мезгіл үстеуі. Сабақтың мақсаттары



Дата08.06.2018
өлшемі54,5 Kb.
#41997
түріСабақ
Күні: 19-20-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Газет, журнал оқисыз ба? Мезгіл үстеуі.

Сабақтың мақсаттары:

1) өткен сабақтарды арнайы тапсырмалар арқылы пысықтап, естеріне түсіру.

2)тыңдаушылардың жаңа сабақты қабылдауына назар аударып, жаңа сөздермен таныстырып, олардың мағыналарын арнайы сөздіктерді пайдалана отырып сөздік дәптерлеріне жазғызу.

3) тіл үйренушілердің күнделікті өмірде жиі кездесетін етістіктерін қолдана отырып, өз ойын еркін жеткізе білуге және ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, жаттығу, мәнерлеп оқу, сұрақ жауап.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.236- беттегі сөздермен танысыңыз.
2.Синонимдерін табыңыз.

1

ат

есім

2

маңызды

жолдас

3

бағдарлама

кісі

4

атақты

құрбы

5

дос

шыдамды

6

таныс

телехабар

7

сабырлы

белгілі

8

адам

қажетті


3. Сұрақтарды жауабымен сәйкестендіріңіз.

1

Өзің туралы қазақша айта аласың ба?

Жазамын, бірақ қысқа.

2

Қандай газет-журналдарды оқи аласың?

Оқи аламын, бірақ кейбір сөздерін түсіне алмаймын.

3

Интернеттен қажет ақпараттарды іздей аласыз ба?

Шағын мақалалар жазатын газеттерді оқи аламын.

4

Қандай жаңалықтарды тыңдағанда түсіне аласың?

Иә, айта аламын.

5

Қазақ тіліндегі жаңалықтарды оқи аласың ба?

Жоқ, іздей алмаймын.

6

Қазақша хат жаза аласың ба?

Қызықты оқиғалар туралы жаңалықтарды тез түсінемін.

7

Сабырлы

белгілі

8

Адам

қажетті


ІІ.Жаңа сабақ.

Үстеу – қимыл, іс-әрекеттің әртүрлі белгілерін (амал-тәсілін, мезгілін, мекенін, жай-күйін) білдіретін сөз табы. Үстеулер қалай? қашан? қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Үстеу – түрленбейді, көптелмейді, жіктелмейді, тәуелденбейді, септелмейді.

Мысалы ерте, кеш, қазір, бұрын, тез, жылдам, ақырын, жорта, әдейі.

Үстеулер мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын-қимыл үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеу, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі, топтау үстеуі.

Мезгіл үстеуі – іс-әрекеттің мерзімін, мезгілін, уақытын білдіреді.

Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, кеше, биыл, былтыр, ерте, ертеден, ежелде, таңертеңнен, күндіз, қазір т.б.

Бұл бағдарлама ертең басталады.

Кеше қызық кино болды.

Ол таңертең газет оқиды.



Кешке маңызды жаңалықтар айтылады.
Сұрақтары: қашан? қашаннан? қай уақытта?

  • Асанаға қашан барасың?

  • Он күннен кейін барамын.

Мезгіл үстеуі + - ғы, - гі, -қы, -кі жұрнақтары

Ол ертеңгі поездбен келеді.

Кешкі бағдарламаны Сәуле жүргізеді.
Жазылым

4. Тиісті сөзді қойыңыз.

1.Қазір кеңсе жабық, таңертең келіңіз. /таңертең/қазір/

2.Мен әкеме ................... телефон соға алдым. /кеше/ертең/

3.Журнал баспасының мекенжайын ........................кейін аласыз. /түстен/түннен/

4.Бұл жайлы ақпаратты............................ теледидардан көре аласыз. /ертең/кеше/

5.Қызықты мәліметті интернеттен ...................... алтыға дейін көре аласыз. /кешкі/түскі/

6.Мен жұмысқа ........................... таңғы тоғызда барамын. /ертең / түскі/
5. Теледидардан берілетін жаңалықтар уақытын көрсетіңіз.

(«Қазақ тілі» В1, 46 бет, 10-тапсырма)


6.Оқыңыз. Сіз сөйлеушімен келісесіз бе? («Қазақ тілі» В1, 47 бет,

2-тапсырма)

Тыңдалым №1 диалог

(«Тіл құрал» В1, 199 бет) (Тыңдалым бөлігінің қосымшасы)



Диалог бойынша тапсырмалар.

7. Сәйкестендіріңіз.

Сергей қазақ тілін жақсы біледі.

Сергейдің жасы қазақ.

Сергейдің досы үйренгісі келеді.

Сергей қазақша он бесте.
8. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс және қате ақпараттарды анықтап, кестені толтырыңыз.

Сергей тіл үйренудің қажеті жоқ деп ойлайды.

дұрыс ақпарат

қате ақпарат

Сергей қазақ тілін досынан үйренгісі келеді.







Сергей қазақ тілі курсына жазылды.







Сергей – университеттің студенті.







Сергей бастауыш топқа тіркелді.







Сергейдің досы – қазақ.







Оқылым

9. («Қазақ тілі» В1, 48 бет, 4-тапсырма) Кімнің миллионер болғысы келеді?
10. Аударма жұмысы. Кімнің миллионер болғысы келеді? мәтінін аудару.
11. Мәтіннен мезгіл үстеулерін табыңыз.
12.Сауалнаманы толтырыңыз.

Кімнің миллионер олғысы келеді? Телешоу!

Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.

Аты-жөніңіз: .....................................................................................

Туған жылыңыз,күніңіз, айыңыз:...................................................

Қызметіңіз:.......................................................................................

«Кім миллионер болғысы келеді?» телешоуын көресіз бе?..............

Телешоу сіз үшін қызық па?................................................................

Қандай кемшілігі бар деп ойлайсыз? ................................................

Сіздің ұсынысыңыз:...........................................................................................

..............................................................................................................................

Күні:................. айы: ..................... жылы: .................

Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін рақмет!
13. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Бүгін ...............................................

2. Таңертеңнен ...................................

3. Ертең ...............................................

4.Күндіз ..............................................
Қорытынды.

14. Сұрақтарға жауап беріңіз. Өз ойыңызды айтыңыз.

(«Қазақ тілі» В1, 47 бет, 1-тапсырма)


Үйге тапсырма. Бүгін, кеше, биыл, былтыр, ерте, ертеден, ежелде, таңертеңнен, күндіз мезгіл үстеулерін пайдалана отырып, шағын мәтін жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет