Сабақтың тақырыбы: ХҮііі ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті



Дата10.10.2020
өлшемі1,71 Mb.
#64102
түріСабақ

Сабақ жоспары

ХҮІІІ – ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті

Мектеп: Талапкер орта мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: Бекбергенова Лариса Ермековна

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы:

ХҮІІІ – ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.2.4 – қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалай алады.

Көпшілігі: Көшпелілер мәдениетінің маңызын ашып айта алады.

Кейбір оқушылар: Материалдық мәдениет пен рухани мәдениетті бір - бірімен салыстырып, талдау жасай алады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Тарихи концепт

-ұқсастық және айырмашылық

-дәлел .


Бағалау

критерийлері

- Қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалайды.

- Көшпелілер мәдениетінің маңызын ашып айтады.

- Материалдық мәдениет пен рухани мәдениетті бір - бірімен салыстырады, талдау жасайды.


Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология: кесене, жебе, киіз үй, сандық, садақ, жебе, ер тоқым, жүген

Құндылықтарға баулу



- Отансүйгіштік;

- ұлттық сана – сезім;

- сын тұрғысынан ойлау;

- өмірде қолдану;

- өмір бойы оқуға дайын болу.


Пәнаралық байланыстар

Технология, музыка, қазақ әдебиеті.

Бастапқы білім

Материалдық мәдениет пен рухани мәдениетке жататын ұғымдарды өмірде кездестірген

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


5 минут

3 минут


3 минут


Сәлемдесу. «Амандасу» тренингін өткізу арқылы жағымды психологиялық ахуал орнату. Оқушыларды үш жүздің тайпалары арқылы 3 топқа бөлу.

«Қар көшкіні» әдісі арқылы сұрақ жауап өткізу. Қолдарындағы қар кесегін бір-біріне лақтыра отырып сұрақтар қояды.

ҚБ: лайк, дизлайк.

Қызығушылықты ояту «Ойлан, тап!»

Оқушылардың сабақ қызығушылығын арттыру және сабақ тақырыбына шығу мақсатында, оқушылардың назарына суреттер ұсынылып, сұрақ қойылады.

Суреттен нені байқап тұрсыңдар?




Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.



  • Мәдениет дегеніміз не?

  • Біз қандай мәдениетке жататын заттарды білеміз?

Оқушылар мәдениет туралы БББ стратегиясын толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім










Мақсаты: Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады.

Үлестірмелі материал


Суреттер


Қазақстан тарихы

Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық




Сабақтың ортасы

7 минут


8 минут

10 минут


Бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы:

Қазақ халқының қандай мәдениетін бүгінгі күні жиі өмірде кездестіресіңдер.

«Үш қадамдық сұхбат» әдісі Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөлеміз:

А және Ә, Б және В.

1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.



2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.

-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

Мақсаты:

Ақпарат алу, терминдерді түсінуді дамыту, алынған ақпаратты өңдеу және талдау дағдыларын, бақылаушы рөлі арқылы өзінің іс-әрекеттеріне талдау жасау дағдыларын дамытуға бағытталған тәсіл.


«Айналмалы бекет» әдісі

Барлық оқушылар:

Топтар бірлесе отырып бекеттер тақырыптарына байланысты өз ойларын жазып өтеді. Өз орындарына келген топ беккеттерінде жазылған тұжырымдарды қорытындылап, өз ойларын қосып ортаға салады.

1-бекет «Ер тоқым»

2-бекет «Көкпар»

3-бекет «Саятшылық»



Дескриптор:

-Қазақ халқының дүниетанымын сипаттайды

-Мәдениетттердің мағынасын аша біледі

-Көкпар ойынының ерекшеліктерін атап айта алады



-Саятышылық кәсібінің мәнін анықтайды
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы
«РАФТ» әдісі

Көпшілік оқушылар:



Топтарға мәдениеттердің атауы жазылған қағаз беріледі. Олар көрініс ретінде бейнелейді. Көрші топ қандай мәдениетке жататынын тауып, маңыздылығын айтады.
Дескриптор:

-Мәдениеттерді атап айта алады

- Көшпелілердің мәдениетінің маңызын түсінеді

-Мәдени дәстүрлерді ажырата алады


ҚБ: «смайлик» арқылы

Қазақстан тарихы

Жалпы білім берет ін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық

С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева – Астана: НЗМ, 2017


Ежелгі Қазақстан тарихы:

Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық

Мәтін


Сабақтың соңы

3 мин


2 минут

2 минут


Кейбір оқушылар:

«Еркін әңгіме»

Сауалдар төңірегінде өзара пікір алмасу

- Бүгінгі күні көшпелілердің қандай мәдениеті сақталған?



-Мәдениеттің көшпелілер дүниетанымына әсері қандай болды?
ҚБ: «алақан-жұдырық» әдісі арқылы
Дескриптор:

-Көшпелілер салт-дәстүрлерін қазіргі салт-дәстүрлермен салыстырады

-Бүгінгі күнге дейін сақталған мәдениетті атап айта алады

-Материалдық мәдениеттің көшпелілер дүниетанымына әсерін анықтап айта алады

«БББ» стратегиясын толтырады

Білемін

Білгім келеді

Білдім







Кері байланыс



«Баспалдақ» әдісі бойынша кері байланыс алу

Үйге тапсырма: «Материалдық және рухани мәдениет» тақырыбына эссе жазу



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Жалпы сабақ барысында тапсырма, дереккөздермен жұмыс қолданылды. Диалог және қолдау көрсету.

«БББ» кестесін толтыру

Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін, оларда қандай олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия ретінде пайдаланылады.



«Үш қадамдық сұхбат» әдісі

Ақпарат алу, терминдерді түсінуді дамыту, алынған ақпаратты өңдеу

және талдау дағдыларын, бақылаушы рөлі арқылы өзінің іс-әрекеттеріне

талдау жасау дағдыларын дамытуға бағытталған тәсіл.



«Айналмалы бекет» әдісі

Бұл әдіс арқылы оқушылар алған білімдерін жинақтап, ойларын қорытындылайды.



«РАФТ» әдісі

Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын ортаға салады, салт-дәстүр жөнінде түсініктері дами түседі.

Үйге тапсырма: «Отбасымның салт-дәстүрлері» тақырыбына эссе жазу


Оқушылардың оқытудың қандай деңгейде тұрғаны, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керектігін анықтау үшін өзін-өзі және өзара бағалаудың түрлі әдістерін ұйымдастырдым. Әр тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау түрлері болды.

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.



Бармақ көрсету әдісі арқылы

«алақан немесе жұдырық» арқылы бағалайды









«Бағдаршам» түстерімен мұғалімнің бағалауы

«Қызыл түс» ­ 1 сұрақ қамтылған

«Сары түс» ­ 2 сұрақ қамтылған



«Жасыл түс» ­ барылық сұрақтар қамтылған



Сабақ басында оқушылардың ойын жинақтау үшін сергіту сәті өткізіліп, психологиялық ахуал қалыптастыру. Топтық жұмыс. Жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар дайындау.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылды. Оқушылардың барлығы ОМ қол жетті.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.



Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.









Каталог: public -> files -> 2019
2019 -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
2019 -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
2019 -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
2019 -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
2019 -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
2019 -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
2019 -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
2019 -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»
2019 -> Сабақ «Ананың аялы алақаны»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет