Сабақтың тақырыбы:Христиандықтың таралуы,негізгі бағыттары мен қазіргі жағдайы
Сабақтың мақсаты:Христиандықтың таралуы мен негізгібағыттарын және қазіргі жағдайын анықтай білу. Сабақтың міндеттері: -Хрстиандықтың пайда болғанын талдау; -Інжіл- адамзат бойының көрнекті ескерткіші екенін сараптау -Діннің қоғамдағы бейбітшілікті сақтаудағы рөлінің маңызы зор екеніне көз жеткізе отрырып қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі:Карта,кесте,сызбалар,интерактивный тақта,пламастер,филпчарт,түрлі-түсті қағаздар, Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру: 1.Оқушыларды түгендеу 2.Сабаққа дайындығын тексеру (шаттық шеңбер,топқа бөлу,топ басшыларын сайлау) ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 1.Ой түрткі сұрақтар қойу 2.Ойындар ойнау Кім жылдам (догматтарды) 3.Қорытындылау.(Бағалау бағдар шам) ІІІ.Жаңа сабақ 1.Сабақ жоспары: 1.Христиандықтың басты кітабы-Інжіл 2.Христиандықтың басты бағыттары. 3.Православие және орыс шіркеуі 5.Католиктік 6.Протестанттық. А)Христиандықтықтың пайда болуы мен таралуының тарихи себептері не? Ә)Сіздер Ғайсаның дүниеге келуі,өмірі және қызметі туралы тарихтан , көр кем әдебиеттен оқып- білгендеріңізді қосып эссе жазыңыздар. Б)Рим империясында біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырында христиан діні қалай таралды? А)жауабы :1ғ пайда болған.әлемдік дін.Палестинанаың солтүстігіндегі Галилеядағы Назарет деген шағын қалада.Орысша-Исус,евреейше- Иешуа,арабша ,қазақша-Ғайса. Құдайдың жер бетіне жіберген елшісі Христос.«Христос»-көне еврейтіліндегі «Машиахтың»-грек тіліндегі «Мессияның» баламасы.Исус туралы екі ғылыми бағытта айқындалады:1)Исус шын болған адам;2)Исус деген миф ,мұндай адам болаған.Исус (Ғайса ) өмірі өлген соң Евангелиелерден алынған.«Евангелие » грек тілінде «ізгі хабар».Оған дейін иудей діні болған.Ғайсаға 30 жасында пайғамбарлық келген.Ғайса адамдарға білім шырағын төгуші. Ә)324 жылы христиандық мемлекеттік дінге айналуы император Константиннің тұсында.325 жылы император Константиннің басқаруымен Никееде Бірінші әлемдік собор шақырылды.Онда дін Рәмізініңбірінші үлгісі қабылданды.381 жылы дін рәміздеріне өзгеріс енгізіліп,Константинопольде екінші соборда бекітілді. Бекітілген домгматтар: 1.Құдайдың біреулігі (монотеизм). 2.Құдайды дүниені жаратушы деп тану.Ілім- «креационизм» деп аталады .Латын тілінде «жарату» деген ағына береді. 3.Ғайсаның құдай дағуасын мойындау,оның тұтастығын,яғни Құдай-Әкемен толық теңдігін және жаратылмағандығын,яғни мәңгілігін мойындау. 4.Құдай Ұлының дүниені жаратуға қатысуын ойындау. 5.Ғайсаның адам бейнесінде болуы,оның Қасиетті Рухтан жаралып,Бейкүнә Мариамнан тууы. 6.Ғайсаның құтқару үшін келгендігі,атап айтқанда,оның адамдарды құтқару үшін азап тартып өлуі. 7.Ғайсаның азап тартуы мен өлуңнің шындығы. 8.Ғайсаның жер үстіндегі ғұмырын нақты тарихи дәуірмен байланыстыру («Понти Пиалат кезінде»). 9.Ғайсаның тіріліп ,көкке шығуы. 10.Ғайсаның екінші оралуы, оның тірілер мен өлілерді таразылауы,шексіз патшалық құруы. 11.Қасиетті Рухтың Құдайдан екендігі ,оның Әкеден таралуы (католиктерде-сонымен бірге Ұлдың өзінен де). 12.Інжіл пайіамбарларының Қасиетті Рухпен шабыттануы. 13.Шіркеудің тұтастығығқасиеттілігі,даралығы және елшілерден (апостол) басталуы. 14.Тазарудың (шоқынудың) қажеттілігі. 15.Өлгендердің тірілуі және мәңгілік жасау.
1.топ. «Інжіл» 2.топ «Христиандық бағыт» 3.топ «Православие және орыс шіркеуі» 4.Католиктік 5.Протестанттық (сергіту сәті)3мин
«Өкіл» (7мин) Критериалды бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» Өздерін бағалау
БҮБ .қорытындылау.Бағалау Үйге тапсырма
Бекітілген домгматтар: 1.Құдайдың ... (монотеизм). 2.Құдайды дүниені жаратушы деп тану.Ілім- ... деп аталады .Латын тілінде «жарату» деген ағына береді. 3... құдай дағуасын мойындау,оның тұтастығын,яғни Құдай-Әкемен толық теңдігін және жаратылмағандығын,яғни мәңгілігін мойындау. 4.Құдай Ұлының ... жаратуға қатысуын ойындау. 5.Ғайсаның адам бейнесінде болуы,оның Қасиетті Рухтан жаралып,... ...тууы. 6.Ғайсаның құтқару үшін келгендігі,атап айтқанда,оның адамдарды құтқару үшін ... ... ... . 7.Ғайсаның азап тартуы мен ... шындығы. 8.Ғайсаның жер үстіндегі ғұмырын нақты ... ... байланыстыру («Понти Пиалат кезінде»). 9.Ғайсаның тіріліп ,... .... 10.Ғайсаның екінші оралуы, оның тірілер мен өлілерді таразылауы,шексіз ... .... 11.Қасиетті Рухтың Құдайдан екендігі ,оның ... ... (католиктерде-сонымен бірге Ұлдың өзінен де). 12. ... ...Қасиетті Рухпен шабыттануы. 13.Шіркеудің тұтастығығқасиеттілігі,.. және ... (апостол) басталуы. 14. ... (шоқынудың) қажеттілігі. 15.Өлгендердің тірілуі және ...
Сұрақтар:
Христиандықтың батыстық (католиктік) және шығыстық (православия ) болып бөлінуінің себептері қандай?
Католик және православия ілімдерінің ортақ белгілерін ашып көрсетіңіздер. Олардың айырмашылықтары неде?
Протестанттықтың пайда болуына алып келген себептерді атаңыздар. Неліктен оны жаңа заман діні деп атайды?
Інжіл неге Көне және Жаңа өсиеттер болып бөлінеді? Олардың айырмасы неде?
Жаңа өсиетке енетін кітаптар қандай? Қандай кітаптар Евангелие деп аталады және олардыңосылай аталу себебі не?
Христиандықтың қазіргі замандағы орны қандай ?
1.Інжіл-Христандардың кітабы.Гректің «кітаптар»деген сөзінен алынған.Қасиетті аяндары негізінде жазылған кітап. «Інжіл»6 ғасырда пайда болған.Екі бөлімнен тұрады.Көне және жаңа өсиет.1-сі христиандыққа дейінгі жазылған.Оны идейлер мен христиандар қатты құрметтейді.2-шісі грек тілінде жазылған.Олардың авторлары-апосталдар мен евангелишілер.Көне өсиеттің канонға еңбеген кітаптарын есептегенде 77 кітаптан тұрады.Көне өсиет католиктер де,православие шіркеуі де синодтық басылым 39канонды және 11.канондалмаған кітаптар.Көне өсиет бірнешеге бөлінеді.1)Мұсаның бес кітабы н/еЗаң (еврейше Тауарат).2)тарихи кітаптар,3)пайғамбарлар,4)жазулар,5)мазмұны жағынан сан алуан (новелла,поэма,өлеңдер жинағы т.б).Жаңа өсиет 27 кітаптан тұрады.Олар –апосталдар Матфей ,Марк,Лука,Иоанн жазған Евангелиелер.Евангелиелергрек тілінде 1ғасыр жартысында жазылды.Інжіл –әлемдік мәдениет.
2.Христиандық басты бағыт.
Рим империясы 2-ге бөлінуі.(б.д дейінгі 395жыл)шіркеу дің ыдырауына әкелді.Оған Батыстан латын ,Шығыста грек тілдерінің үстедік етуі,мәдени дәстүрлердің өзгешелігі бір жағынан себепші болса,екінші жағынан әлеуметтік –экономикалық және саяси мүдделер ,ықпал үшін күрес,дінтану мәселесіндегі келіспеушілік.Рим христиан қауымы мен Константинополь қауымы қақтығыссипат алды.867 ж Рим папасы Николай І мен Канстантинопол патрихаты Фотий бір-бірінен қол үзді.Христиандық тарихында екі бағыт пайда болды.Батыс шіркеу рим-католик шіркеуі ( «католик»-латынша).Шығыс-грек –православие шіркеуі.19 ғасырдағы Батыс Европадағы буржуазия мен феодаодар арасындағы қақтығыстан католик шіркеуіне «Ревормация »деп аталатын қарсы қозғалыс орын алды.Осыдан христиандықтың бір тармағы –протестанттық пайда болды.
3.Правславие діні 1054 жылданбастап Шығыс Рим империясындағы (Византияда)басым дінге айналды.Правславие ілімінің негізі –Қасиеті Жазу (Інжіл) және Қасиетті өсиет Православие дін ілімінің негізгі қағидалары жоғарыдағы дін рәміздерінде айтылады.Православиелерде культ үлкен рөл атқарды.Культ басты элементтері Құпиялар.Құпиялар жетеу: -шоқыну-белгілі дұғаларды айтып үш қайтара суға түсіріп христиандыққа қабылдау. -мирро жағу-шоқынушы адамның ір мүшесіне микрро аталатын хош иісті заттыжағу арқылы оны Қасиетті Рухтың шапағатына ортақтастыру: - күнәні мойындап ,одан арылу –дін қызметшісіне өзінің жасаған күнәларын тізіп айтаып,сол арқылы Құдайдан кешірім сұрау: -евхаристия немесе ортақтасу-бейнелі түрде Ғайсаның тәні мен қаны деп қабылданатын квас наны мен жүзім шарабынан дәм тату: -неке-құдайалдындағы антпен жұбайласу: -қасиетті мәртебе беру шіркеу дьяконы ,қасиеттіуағызшы немесе епископ мәртебелерін беру: -елеймен дәріптеу немес соборлау –науқас адамды бірнеше дін қызметшісінің (собор) қатысуымен саналатын маймен сылау.Аталған құпиялардың тарихы тереіге .атап айтқанда магия дейін кетеді.Правславиеге тән нәрсе –Құдай Ұлын (Ғайсаны) ғана емес ,оның анасы бейкүнә Мариамды Қоса дәріптеу.
4.Католиктік
Рим –католик шіркеуі Батыс Европада 16 ғасырға дейін айырықша үстемдік етті.католик шіркеуінің басшысы-Римпапасы.Ол апостол Петрдің мұрагері,сол арқылы Ғайсаның жер бетіндегі өкілі болып табылады.Оны кардиналдар коллегиясының жиыны –конклав сайлайды.Папа шіркеудің ғана емес ,Ватикан мемлектінің де басшысы .Ватикан Рим территориясында орналасқан.Ол дүние жүзінің көптеген елдерімен дипломатиялық байланыс жасайды.20 ғасырдың аяғында Папаның кафедрадан сөйлеген сөздерін күмәнсіз қабылдау туралы догмат қабылданды.Бұл христиандық өзге салалардан айырмашылығы.катоиктің ең басты айырмасы-Қасиетті Рухтың Әке –Құдаймен бірге Құдай Ұлының өзіне таралуы.Бұл түсінік 589 жылы Толедо соборында қабылданды.Рим папсы құдайдың жер бетіндегі өкілі болғандықтан ол құлшылық үстінде осы «жақсылықтарды»өзгелерге үлестіріп ,құдайатынан кешірім жасайды.
5.Протестантық .
Христиандықтың өзішінен үшінші рет ірі коефессияға бөлінуі 16 ғасыр.Осы кезеңде Еуропада феодализмге қарсы бағытталған әлеуметтік –саяси күрес басталған .Бұл қозғалыс «реформация»деп аталады.Реформацияның басталуы Мартин Лютердің (1483-1546)есімімен байланысты.Ол талантты адам.Діни ілімнің профессоры,неміс тілін өте жақсы білген.Інжілді бірінші болыпнеміс тіліне аударған.1517 жылы 31 қазанда өзі қызмет қылатын храмның есігін шегелеп,оған атақты 95 тезисін жазып іліп ашық қарсы шыққан.Осыдан жаңа «протестантизм» пайда болды. Лютердің реформатылық идеяларын
Критериалды бағалау
1.Мазмұнын айта білуі.(7балл)
2.Даталарды және жылдарды толық айтуы.(5балл)
3.Мемлекетті және басқарған жетекшілерін анық атауы(3 балл)
4.Тарихи маңызын түсіндіре алуы. (7балл)
Достарыңызбен бөлісу: |