IX – модуль.
Тұңғыш ғалымдар.
4- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, ұстаз.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: лексикалық тақырыпты меңгерту, тақырыпқа байланысты сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айтып, сөйлемде дұрыс қолдана білу, өз сөздерімен мәтінді қазақ тілінде мазмұндай білу.
Дамытушылық:модуль тақырыбы бойынша бір-бірімен ауызекі тілде сөйлесе білу, қазақ тілінде сауатты жазуға үйрену, әдіс-тәсілдерді толық меңгерту, тілін дамыту, негізгі ойды табуға үйрену.
Тәрбиелік: қазақтың тұңғыш ғалымдары туралы айта отырып, ұлы тұлғаларды таныту, өлеңдері, әңгімелері арқылы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, білім алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреті, деңгейлік кеспелер, таблицалар, мониторинг парағы,
рөлдік ойындар кеспелері.
Әдіс- тәсілдері: модульдік технологиядағы өзара бақылау, оқыта үйрету ойындары, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың құрылымы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
3.Жаңа тақырыпты меңгертуге даярлық.
4. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
5. Бекіту кезеңі.
6.Сабақты қорыту кезеңі.
7. Үйге тапсырма беру.
8. Бағалау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.Түгендеу. Оқу құралдарын қарау.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Cынып 3 топқа бөлінген. Өз тілектері бойынша топталады.
II. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: а) Ш. Уәлиханов туралы мазмұндау. б) Тұңғыш ғалым мәтінін аудару. в) Жаңа сөздерді жаттау.
1.Өзін-өзі тексеру диктанты. Сөздер оқылады, өздері алдарындағы кеспелер бойынша тексереді, бағалайды.
Құсмұрын, қабілет, ұйытқысы, шаһар, Әулиеата, Мұхаммедханафия, Омбы, саяхатшы, тәрбиеленуші, үздік, Сібір, Көшен-Тоған, сүйегі.
2. 3 топқа кестелер таратылады. Қандай тұңғыш ғалымдарды білесіңдер?
Аты- жөні
|
Туған жылы
|
Туған жері
|
Алған білімі
|
Қызметі
|
Шығарма-
шылығы
|
Қайтыс
болған
жылы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. «Ш.Уәлиханов» туралы аударма. Рөлдік ойын арқылы сұралады.
Бірінші, екінші, үшінші бөліктерді – 3 топ аударғандары тексеріледі.
Бірінші топтан –« жақсы оқушы», «қорғаушы» шығады да, мазмұндайды және жағымды жақтарын айтады.
Ал екінші топтан – «сыншы» шығып, жағымсыз жақтарын айтып, сынайды.
Үшінші топтан – «сарапшы» шығып, әр оқушының жауабын талдайды.
III. Жаңа тақырыпты меңгертуге даярлық кезеңі.
«Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, ұстаз»
Тақтаға оқушыларды қатыстыра отырып мақсатын жазамыз.
Нені білуі тиіс?
а) Ы. Алтынсарин туралы. б) Балалық шағы. в) Мектептері г) Кітаптары
д) Жаңа сөздерді е) Мәтінді қазақша айта білуі.
«Кел,балалар, оқылық», «Өнер , білім бар жұрттар» өлеңдерін естуіміз бар ма? Бұл кімнің өлеңдері?
IV.Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.
Үш топқа 3 түрлі мәтін беріледі: а) Ы. Алтынсарин балалық шағы.
б) Алтынсарин мектептері.
в) Ғалымның еңбектері.
Мәтіндерді оқиды. «Аквариум» әдісі арқылы тақырыптарын қорғайды. Әр топ өкілдер сайлайды. Әр топ қағаз жазып, өкілге берулеріне болады.
Тайм-аут ала алады.
Өкіл
Өкіл
Өкіл
2. Тірек сөздер ұсынады.
Ағартушы, педагог, қайраткер, этнограф, мектеп, ашу, Балқожа, хрестоматия, Орынбор, жазушы, тілмаш.
3. Жаңа сөздермен жұмыс. 1- топ тақтаға жаңа сөздерді жазады.
2- топ жаңа сөздерді ауызша аударады. 3-топ сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Жаңа сөздер.
тілмаш – переводчик ағартушы – просветитель
тәрбиеледі – воспитывал жомарттық – щедрость
тапқырлық- находчивость жетік – знающий
лайықты – достойный қолға алу-начинать
4. Бірінші топ - 2- тапсырманы орындайды. Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастырады. Үлгі:
Ыбырайдың әкесі Алтынсары ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті.
Екінші топ - Мына сөйлемдердің басын өзіңіз тауып жазыңыз.
..... қайтыс болды. .... тәрбиеледі. .... оқыды. .... көп жұмыстар атқарды.
..... қазақ тіліне аударды. ..... Ы. Алтынсарин есімі берілді.
Үшінші топ – мына сөздерге синоним табыңыздар.
Ұстаз, есім, өлу, белгілі, оқыту, талантты, құлақ салу, жұмыс.
V. Бекіту кезеңі.
«Кластер» әдісі арқылы жаңа сабақты бекітеміз. Тақтада орындалады.
Тірек сызбаны әр топтан шығып, жазады, толықтырады.
Ыбырай Алтынсарин
( 1841-1889)
Ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері, фольклорист.
1860 ж қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан.
1850ж Орынбор қаласын-дағы 7 жылдық мектепке оқуға кірген.
1857-1859ж атасы Балқожа бидің хатшысы .
VI.Сабақты қорыту кезеңі. «Ой толғау». Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз ойларын айтады. Үлгі:
1. Маған бүгінгі сабақ өте ұнады.
2. Сабақта Ы.Алтынсарин туралы көп мағлұмат алдым.
3. Менің ойымша, «Нені білуіміз керек?» бойынша қойған мақсатымыз орындалды.
VII. Үйге тапсырма беру кезеңі.
Өз таңдауы бойынша тапсырмны орындайды.
1. Ы. Алтынсарин туралы мазмұндау.
2. Мәтінді аудару.
3. Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру.
4. Барлығына жаңа сөздерді жаттау.
VIII. Бағалау. Топтар мониторинг арқылы бағаланады.
Жекелеген оқушылар жеке бағаланады.Мониторинг төмендегі параметрлер бойынша жасалады. 3 топтың бағалануы әр түрлі сиямен сызылады.
Сабақ талдамасының параметрлері:
1.Үй тапсырмасының дұрыс орындалуы.
2.Жаңа сабаққа қатысы.
3. Оқушы жауабының дұрыстығы, толық болуы.
4. Сабаққа деген қызығушылығы.
5. Өз ойын еркін айта алуы.
6. Сабақта қазақ тілінде сөйлеуі.
7. Сөздік қорлары.
8. Әдіс-тәсілдерді меңгеруі. 2
1 3
4
8
5
7
6
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |