Қосымша 1
Сабақтың тақырыбы: Қиық конус және оның элементтері. Қиық конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары.
Сабақтың мақсаты: қиық конустың бүйір беті ауданыныңформуласын қорытып шығару;
қиық конустың толық беті ауданының формуласын қорытып шығару;
көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасау.
№1
1. Қиық конустың кіші табанының радиусы 5-ке, биіктігі 6-ға, ал кіші табанының центрінен үлкен табынының шеңберінің бойына дейінгі қашықтық 10-ға тең. Қиық конус пен толық конустың бүйір беттерінің ауданын табыңыз.
2. Қиық конустың жасаушысы, биіктігі, үлкен табанының радиусы сәйкесінше 26 см-ге, 24 см-ге, 22 см-ге тең. Осы конустың бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданын табу керек.
№2(ауызша)
1. Суретте көрсетілген жазбалардың қайсысы пирамида жазбасы болады?
Неге? Пирамиданың қанша жазбасын көрсетуге болады ?
2. Суретте көрсетілген жазбалардың қайсысы призма жазбасы болады?
Призманың қанша жазбасын көрсетуге болады ? Призмалар қандай?
Қосымша 2
Үй тапсырмасы:
1. Қиық конустың осьтік қимасы бүйір қабырғасы 13 см, ал табандары 12 см және 22 см болатын тең бүйірлі трапеция болады. Осы конустың толық бетінің ауданын табыңыз.
2. Қиық конустың табандарының радиусы 12 см және 9 см, ал жасаушысы табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Биіктігін табыңыз.
3.Қиық конустың табандарының радиустары 2:5 қатынаста. Конустың жасаушысы см және ол табан жазықтығына 45° бұрышпен көлбей орналасқан. Конустың осьтік қимасының ауданын табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |