Сабақтың тақырыбы: Интернет арқылы деректерді жіберу Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата01.04.2024
өлшемі92 Kb.
#200412
түріСабақ
Байланысты:
ЦС 4 сынып. Ибрагимова А


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Болашақтың компьютерлері

Педагогтың аты-жөні

Ибрагимова А

Күні




Сынып: 4

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Интернет арқылы деректерді жіберу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.2.2 файлдары қоса берілген хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Фйалдарды электрондық пошта арқылы қабылдайды

Көптеген оқушылар:

файлды электронды адресіне жібереді

Кейбір оқушылар:

Электрондық поштамен келег файлды толықтырып, қайта жібереді



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру, жұмыс дәптері.

ҚБ: жұлдызша





1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Үй тапсырмасын көрсетеді

жұлдызша

Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Интернет арқылы деректер жіберу үшін электронды поштаны қолданамыз. Өткен сабақта жеке электронды пошта ашуды меңгердік. Ендеше осы пошта арқылы бір-бірімізге хат жіберіп көрейік.
Көрсетілім.
Электронды пошта жәшігіндегі барлық хабарламалар бумаларға бөлінеді:

  • Кіріс хаттар,

  • Жіберілген хаттар,

  • Шимай дәптер,

  • Спам,

  • Себет.

Өз пошта жәшігіңе баптауларды өзгертіп, қосымша бумаларды қосуға болады.
Электронды пошта хаттан басқа сурет, видеожазбаларды, дыбыс, программа т.б. ақпарат түрлерін де тасымалдай алады.
Көрсетілім.
Электронды поштада қосымша бумалар құру немесе жою үшін бумалар реттелген қатарда жанама мәзірді шақырып, Жаңа құжат қалта құру немесе Жою батырмасын басамыз.
Электронды пошта арқылы хаттарды, файлдарды қабылдап және жібере аламыз.Сонымен қатар бір немесе бірнеше электронды адреске бір мезгілде жолдай аламыз. Адрес қатарына жіберілуге тиісті адрестердің бәрін көрсету керек.
Электронды хабарламалардың негізгі элементтері:
Кімге: қабылдап алушының электронды адресі.
Тақырып: қабылдап алушыға жіберілетін хаттың тақырыбы жазылатын өріс. Хабарлама немесе файл жібері үшін поштаға кірген кезде сол жақ бөлігінде орналасқан бумалар қатарында тұрған Хат жазу батырмасын басамыз.
Хат жазу→Файлды қосу→Кімге→Тақырып /хаттың мазмұны/→Жіберу

Жеке жұмыс. 1-тапсырма. «Хат» әдісі


Кез келген мәтінді компьютерде теріп, бумаға сақта. Фалды досыңның электронды адресіне жібер.

Дескриптор:


-мәтіндік редакторды іске қосады;
-мәтіндік редакторында мәтін жазады;
-файлды бумаға сақтайды;
-файлды досыңның электронды адресіне жібереді.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі


Жеке жұмыс. 2-тапсырма. «Хат» әдісі.


Электронды поштада келген хатты ашып, жіберілген мәтінді толықтырып, досыңа жолда.

Дескриптор:


-келген файлды электрондық пошта арқылы қабылдайды;
-келген хатты оқиды;
-мәтін жазады;
-хатты жібереді.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі



Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды


2-тапсырманы орындайды

«Басбармақ» әдісі


«Басбармақ» әдісі



Интербелменді тақта

Интернет желісі


Компьютер / телефон


Интернет желісі

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:
барлығын түсіндім
Бір нәрсе түсінемін, бірақ
бәрін емес
Түсінбедім, қайталап қарау қажет



Өзін-өзі бағалау.




Плакат слайд

Үй тапсырмасы

§ 28, жұмыс дәптері 48-49-бет











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет