Сабақ: қазақ тілі
|
Мектеп: №252 Г.Н.Ковтунов
|
Күні: 05.12.2017
|
Мұғалімнің есімі: Алдабергенова З.А.
|
Сынып: 5 «б»
|
Қатысқандар саны: 10
|
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Интернет шығу тарихы
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
Интернет ұғымымен таныстыру, оның шығу тарихы туралы жалпы мағлұмат беру.
|
Сабақ мақсаттары.
|
Барлық оқушылар істей алады:
|
Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ғаламтордың адам өміріндегі рөлін түсінеді, оның өзіндік ерекшелігі жөнінде ақпарат бере алады.
|
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
|
Тақырыпқа қатысты қысқа сөйлемдерді қолдану арқылы ғаламторды, оның тиімділігін сипаттайды.
|
Кейбір оқушылар істей алады:
|
Ғаламторды қолдану жөнінде мәтін құрайды.
|
Тілдік мақсат
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: ғаламтор, ерекшелік, пайда,зиян, электронды пошта, смайлик, желі, модем.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар , бағалау.
|
Басталуы.
2 мин
3 мин
3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. «Жүректен- жүрекке»
Оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады.
Мен саған денсаулық тілеймін.
Мен саған қуаныш тілеймін.
Мен саған жақсы көңіл-күй тілеймін.
Топқа бөлу. Оқушыларға әр тақырыпқа қатысты сөздер жазылған кішкене парақшалар беріледі. Сол парақшада берілген сөз арқылы 2 топқа бөлінеміз. Бұл жерде топқа бөлінген кезде оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауға мүмкіндік туады. Топқа бөлу тақырыппен тығыз байланысты алынған.
1 топ: желі, электронды пошта, хаттар, смайликтер, модем ,агент.
2 топ: денсаулыққа зиян, сананы улау, тәуелділік, адамның психикасы, онлайн ойындар.
Үй тапсырмасын сұрау. Дәптерлеріне септеп келген сөздерін оқу.
|
Парақшалар
дәптер
|
Ортасы
3 мин
2 мин
8 мин
4 мин
4 мин
3 мин
4 мин
|
Қызығушылық ояту. Интернет туралы жалпы мәлімет ретінде слайдтар көрсетіп,
«Интернет» деген сөзге ассоциация құру.
Жаңа сөздер: ғаламтор, пайда, зиян,
электронды пошта,смайлик , желі, модем.
1 топ. Интернеттің пайдасын түсіндіру. /постермен жұмыс/
2 топ. Интернеттің зиянын түсіндіру. /постермен жұмыс/
Оқылым . Интернет туралы ұғым.
Интернет жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған. Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдерді біріктіреді. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келді. Интернет арқылы көптеген адамдармен танысуға болады. Интернетті пайдаланатындар интернеттен керекті ақпараттарды, жаңалықтарды іздей алады. Интернет деген термин –халықаралық желі деген сөзді білдіреді.
Сұрақтарға жауап береді. Екі топ бір-біріне сұрақ қояды.
Жазылым: Сөйлемдерге тиісті етістіктерді қойып жазу.
Интернет жиырмасыншы ғасырдың аяғында ... ... . Интернет 1960 жылдары АҚШ-та ... ... Интернет арқылы көптеген адамдармен ... ... Керекті сөздер: танысуға болады, пайда болған, дүниеге келді.
Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны Интернет сөзіне қатысты сөздерді тауып жазу
|