Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қыста қалай жылынады? Сабақтың мақсаты



Дата11.03.2017
өлшемі48,64 Kb.
#11443
түріСабақ
Ескарина Бекзат Жалғасбекқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қыста қалай жылынады?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі жайлы түсінік беру

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, қыста жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушыларға жануарлардың қыста қалай жылынатыныны жайлы мағлұмат бере отырыпғ оқушылардың дүниетанымынғ танымдық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, тест.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жануарлардың суреттері, тест

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, еңбек

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, қонақтар!



ІІ.Үй тапсырмасы

Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Мазмұндау

Көп аңдар жемін күндіз де, түнде де аулайды. Мысалы, жапалақ жемін түнде ғана аулайды.Оны біз бірінші сыныптан бастап білеміз.

Ал, соқыртышқан өмірі жарық көрмейді, үнемі топырақ астында жүреді, сонда тіршілік етеді.

Соқыртышқанның тұмсығында өте сезімтал қылшықтары бар. Солардың көмегімен топырақ арасындағы құрттарды, қоңыздарды тауып жейді.

Әрине, көзі көретін жануарларға жарық, жемін іздеп табуға, қауіп-қатерді көріп, қашып құтылуға қажет. Бірақ жануарларға айналадағы дүниені бағдарлап білуге, қауіп-қатерге ұрынбай, тірі қалуға көз ғана емес,басқа мүшелеріттде көмектеседі.Біреуінің терісі, біреуінің аяғы, қолы, т.б мүшелері көмектеседі.Сонымен бірге көп жануарлардың көру қабілеті адамнан да асып түседі екен. Өйткені олар өздерінің әртүрлі сезу қабілеттерімен өте алыстағыны біліп, бағдарлап қояды



Кеспе қағазбен жұмыс

А) Тест


1.Жапалақ жемін қай кезде аулайды?

А) күндіз

Ә) түнде

Б) түсте


2.Соқыртышқан жемін қалай аулап жейді?

А)көзімен

Ә) аяғымен

Б)тұмсығындағы майда қылшықтарымен сезеді.

3.Жануарлар тіршілігіне не қажет?

А)ауа, су, жарық, жылу, қорек

Ә)үй

Б)темір


4.Топырақта ауа бола ма?

А) болады

ә) болмайды

б) мүлде болмайды

5.Жануарларға ауа керек пе?

А) иә


Ә)жоқ

Б) керек емес


ІІІ.Өткенді пысықтау

«Кім зерек? » ойыны.

1.Ауаны негізгі қасиетін ата.

2.Айналадағы дүниеде неше тұс бар?

3.Топырақ дегеніміз не?

4.Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

5.Тұқым нешеге бөлінеді?

6.Жылдың неше мезгілі бар?

7.Жануарлар неше топқа бөлінеді?

8.Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?


ІҮ.Жаңа сабақ

«Жануарлар қыста қалай жылынады?»

Тізбектей оқу, тауып оқу, түсінгенін мазмұндау.

А)Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің ініне тығылады. Өзің ауыл маңын аралағанда , кейбір індерді көрген шығарсың. Бұл індер тышқан, суыр, борсық сияқты жануарлардың баспанасы.Аюдың апаны, борсықтың іні, т.б. болатынын білесің. Ауа райы салқын суық кездерде олар соған кіріп жатып, қысқы ұйқыға кетеді.

Қысқы ұйқыға жануарлар тоңғандықтан емес,жейтін қорегі болмағандықтан соң жатады.

Тиін, тоқылдақ қысқы аязда ағаш қуыстарына жасаған ұяларына жылынып жатады. Қоян, түлкі, тиін, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі.

Шұбартышқан, суыр, саршұнақ та қыста ұйқыға жатады.


Бұл қызық!

Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануарлар да жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң-ақ олар еш нәрсеге шамасы келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда қайта тіріледі.

Шұбартышқан, суыр, саршұнақ та қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті жылдың жартысын ұйқымен өткізеді.

Ә) тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке- жеке оқу.
Б) Дәптермен жұмыс.

Жануарлар - ұя, ін, апан – мамық, жүн.


Ү.Сергіту сәті.

Бойды бекем тік ұста

Еркін тұрып тыныста

Оң қолыңды сол жаққа

Сол қолыңды оң жаққа

Жайғын, енді тұрмағын

Шеңбер жасап зырлағын.

Жақсылап бір байқада

Он шақты рет қайтала.

ҮІ.Сабақты бекіту

Сурет бойынша жұмыс, Жануарларды тану және олар жайында әңгімелеу.

«Жануарларды өз ұяларына қондыр» ойыны.

Тиін, аю, бұлан, түлкі, суыр, қоян, борсық, аламан, кәмшат.

Үш топқа сұрақтар:

1.Қысқа азық дайындайтын аңдар:

2.Қысқы ұйқыға жататын аңдар:

3. Қыста азығын табиғаттан іздейтін аңдар:



Сурет бойынша айырмашылықтарын тап.
Жеке-жеке сұрақтар:

  1. Тиін тоқылдақ ұясын қайда салады?

  2. 2.Қандай аңдардың қысқа қарай жүні түсіп қалады?

  3. Қандай жануарлар ешнәрсеге шамасы келмей қатып қалады?

  4. Қыста ұйқыға жататын жануарларды ата.

  5. Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін аңдарды ата.

  6. Жануарлар тіршілігіне не қажет?



ҮІІ.Бағалау.
ҮІІІ.Үйге тапсырма.
Жануарлар қыста қалай жылынады? Мазмұндау. Әңгіме жазып келу.

ІV. Жаңа материалды меңгертуге дайындық.

Ү.Жаңа сабақ

А)Оқулықпен жұмыс.

ҮІ.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Б)Дәптермен жұмыс.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет