Сабақтың тақырыбы: Жарықтың дисперсиясы



Дата28.06.2017
өлшемі60,61 Kb.
түріСабақ
Хлебодаровка орта мектебі

Мәртөк ауданы

Тақырыбы: "Жарықтың дисперсиясы"

"Жарықтың дисперсиясы" тақырыбын өту.

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың дисперсиясы.

Сабақтың мақсаты: Дисперсия құбылысын тұжырымдап және табиғаттағы дисперсия құбылысын түсіндіру, оқушылардың қызығушылығын және ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру

2. Жаңа материалды түсіндіру

3. Жаңа материалды бекіту

4.Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа материалды түсіндіріп, дисперсия құбылысына мысалдар келтіру арқылы оқушылардың алғаш білімын тексереміз.

Мысалы:

1. Кемпірқосақтың пайда болуы.



Жарық жаңбыр тамшысына түсіп, шағылып аспанда жарық шоқтарына жіктелуінен кемпірқосақ пайда болады.

2. Шөп пен жапырақтың түсі жазда жасыл болып, күзде сары болып көрінеді.

Жазда: жапырақ жеті түстің жасыл түсін шағылдырады да, қалғанын жұтады.

Күзде: Жапырақ жеті түстің сары түсін шағылдырады да, қалғанын жұтады.



Қызыл арай сары алтын шатырына

Күннің кешке кіргенін көрді көзім... (Абай Құнанбаев)

Сұрақ:


1. Күн батарда немесе қызыл арай неліктен пайда болады? Қандай физикалық құбылыс?

2. Жарық түсі жарық толқынының ұзындығына тәуеді ме?

Үй тапсырмасын тексеру үшін "Физика еліне саяхат" ойынын ойнаймыз.

1. Ойшылдар ауылы:

А) Викториналық сұрақтар.

1) Жарық қандай түстерден тұрады?

2) Аспан түсі неге көк?

3) Алыста күн күркірейді. Қай құбылысты бірінші сеземіз, күн күркірін бе әлде жарқылын ба?

4) Қандай жағдайда беті жылтыр емес дененің көлеңкесі толық түседі?

5) Біртекті ортада жарық қалай тарайды?

6) Сағым қалай пайда болады?

Б) Жұмбақ шешу.

Бояуларым қашып кетті

Көк қағазды басып кетті.

Қатарларын тізіп алып

Арттарында ізі қалды. (Кемпірқосақ)

Қусаң қашады-жткізбейді,

Қашсаң қуады. (Көлеңке)

2. Тапқырлар ауылы:

Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық

Сегіз минут шерікте жерге барып. (Шәкәрім)

Сұрақ:


А) Күн сәулесі қандай жылдамдықпен тарайды?

Ә) Күн сәулесінің 8 минутта жететінін дәлелде.

Оны №1005 есепті шығарып дәлелдейміз.

№ 1021 есеп (Жарықтың сыну заңына)

3. Құқық ауылы:

А) Жарықтың шағылу заңы.

Ә) Жарықтың сыну заңы.

( Формуласын, сызбасын тақтаға тақтаға сызып, заңдарын тұжырымдау)

4. Фантазерлер ауылы:

Плакатқа жазылған сөздер мен цифрларды,суретті пайдаланып физикалық мағынасы бар әңгіме құрастыру.

340 жарық 1675

Сағым 300000 дыбыс.

5. Ашылмаған құпиялар ауылы:

А) Сөзжұмбақ шешу.

1. Жарық жылдамдығын ашқан француз физигі

2. Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігі

3. Ағылшын физигі

4. Табиғат туралы ғылым

5. Дүние жүзіндегі ең биік телемұнара

6. Жер бетіне жақын атмосфераның біртекті еместігі қандай оптикалық құбылысты тудырады?

Б) "Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық" мақалының физикалық мағынасын түсіндіру. (Физикалық мағынасы -көлеңке пайда болуы және жарықтың түзу сызықты бойымен таралуы.)













О
















П


































Т
















И




























К
















А










6. Сиқыршылар ауылы:



Тәжірибе:

Бітеу шыны ішіне қарындаш салып, оны бос стақанға саламыз. Стақанға су құйып,шыны ыдыс ішінде қарындашқа су беті арқылы қарайды. неліктен қарындаш көрінбейді, ал шыны ыдыс беті жарқыраған сияқты болып көрінеді. Шыны ыдысқа аздап су құйса, енді қарындаштың біраз бөлігі көрінеді. Түсіндіріңдер.
Каталог: uploads -> doc -> 0e6f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e6f -> Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік технология әлемінде»
0e6f -> Күні: 25. 11. 2015ж Тақырыбы: Қосжақтаулы, басаяқты ұлулар
0e6f -> Сабақ жоспары Күні: Сыныбы: 11 Сағаты: Бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет