8 сынып. Физика. Тараз қаласы №5 гимназия Пән мұғалімі: Айбекетова Лида Сабақтың тақырыбы: Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік;
1. Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғамын қалыптасмтыру, сыну заңы мен формуласын үйрету,
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;
а) Сыну құбылысының схемалық суретін сала білу;
Дамытушылық;
Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау.
Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру,.
Тәрбиелік:
Өзі және топ мүшесі үшін жауапкершілік ала білуге тәрбиелеу;.
Көрнекіліктер:
Диагностикалық карталар, семантикалық карталар, карточкалар
Тәжрибелер:
Стакандағы суға батырылған заттың сынуы
Тыйынның «көтерілуі».
«Үш қабатты линза» тәжрибесі
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Блум жүйесіне негізделген аралас сабақ.
Көрнекілігі:
Геометриялық оптика құралы (оптикалық диск);
Өмірде кездесетін сыну құбылысын көрсету (тарелка, су, тиын);
Тебен иненің сатакандағы суда сынуын көсрету;
Тапсырмалар және бағалау крийтерилері жазылған карточкалар.
Сабақ жоспары:
Кезеңі
|
Ұзақтығы, мин.
|
Оқыту түрі мен әдісі
|
Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімін белсендіру, (актуализация)
|
10
|
Жалпы сұрақ-жауап, карточкамен жеке жұмыс жасау
|
Сабақтың мақсатын қою, жаңа тақырыпты ашу
|
5
|
Судағы тиын қалай көтеріледі?...
Бала неге су түбіндегі тасты көздей алмады?...
|
Жаңа материалды игеру
|
15
|
Мұғалімнің әңгімесі, оқушылармен сұқбаттасу, тәжрибелер көрсету,
|
Оқылған материалды бекіту
|
10
|
Тақтада есеп шығарып, оның кезеңдерін талдау, топтық жұмыс.
|
Сабақты қорыту
|
5
|
Бағалау, үйге тапсырма, т.б хабарламалар.
|
Сабақтың барысы
Бөлімі
|
Мұғалімнің әректі
|
Оқушының әрекеті
|
Білім (2)
|
І. Ұйымдастыру
Бағалау жүйесімен таныстырады. Диагностикалық картаға өз фамилияңды жаз. Сабақ бөлімдеріндегі тапсырманы орындаған оқушы диагностикалық картаға өзіне тиісті ұпайын қойып отырады. Оқушыларға таратылады.
Денгейі
|
баға
|
ұпай
|
жоғары
|
«5»
|
21-42
|
жеткілікті
|
«4»
|
10- 20
|
ауытку
|
«3»
|
2 - 9
|
төмен
|
«2»
|
0-1
|
|
|
1. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Жалпы сұрақтар.
1. Үйге берілген есептерді қарап шығу.
Геометриялық оптика нені оқытады?
Жарық сәуелесі және сәуленің түсу жазықтығы деген не?
Шағылу заңын кім айтады?
Оның матемтаикалық өрнегін тақтаға кім жазып көрсетеді?
Жазық айнада айнадағы кескіннің шын кескіннен қандай айырмашылықтары бар?
2. «Жарықтың шығылу заңы» тақырыбына карточкалар бойынша өзбетіндік жұмыс орындау.
Тапсырманың мысалдары:
1-топ. Күн сәулесі жер бетіне 300 бұрышпен түседі. Күн сәулесін құдық түбіне қарай бұру үшін, жазық айнаны вертикалмен қандай бұрыш жасай бағыттау керек?
2-топ. Бір-біріне 900 бұрышпен орналасқан екі айнадағы нүктелік жарық көзінің кескінін салыңыз.
3-топ. Қабырғада биіктігі 1м айна ілінген. Айнаның алдында 2м қашықтықта адам тұр. Айнадан арытқы қабырғаға дейін 4м. Арытқы қабырғаның айнадан көрініп тұрған кескінінен, адамға дейінгі қашықтық қанша?
Жаңа сабағымыз түсінуге оңай болу үшін, алдымен бұрын өткен геометриялық оптиканың негізгі түсініктерін және жарықтың шағылу заңын еске түсірейік. Таза суға қарасақ өз бейнемізді көруге болады, неге?
|
Оқулықтары мен дәптерлерін дайындайды.
Жарықтың түзу сызықпен таралу және шағылу құбылыстарын зерттейді.
жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі д.а., жарық сәулесі мен түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр жатқан жазықтық.
Қарама-қарсы бағытынан басқа айырмашлығы жоқ. Мыс: адамның жүрек тұсы.
Таратпа материалдармен жұмыс істейді.
Торкөз қағазға сызып көрсетеді:
150
6м
Бұл су бетінен шағылу құбылысынан болады. (ТАПСЫРМАНЫ ДҰРЫС ОРЫНДАҒАНДАР ӨЗДЕРІҢЕ 2 ҰПАЙ ЖАЗЫҢДАР)
|
|
ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім: (Проблемалық ситуация)
Стакандағы суға ұзын тебен-инені салып, оны центрден шетке қарай жылжыта отырып сыну құбылысын көрсетеді. Қандай өзгеріс/құбылыс көрдіңдер? Неге болат ине су-ауа шекарасында «сынып» көрінеді?
Бүгінгі сабағымызда жарық сәулесінің аса бір қызықты қасиеті жарықтың сынуы мен мен оның қолданылуын қарастырамыз.
/Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазады/
|
көрегінін айтады
|
Түсіну (4)
|
Тәжірибе-1. Тарелке, су, тыйынмен жасалатын тәжірибені көрсету.
Тарелкеге тиын салып қойып, оған тиын көрінбейтіндей қырынан қарап тұрып жәйлап су құямыз. Аздан соң тиын көрінеді.
Тыйын неге «көтерілді»?
2. Бұл тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында, яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір бөлігі екінші ортаға өтетінін және өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын) дәледейді.
Осы құбылыстан қандай тұжырым жасауға болады?
Жауап: Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз.
Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш () сыну бұрышы деп аталады.
Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар тұсу бұрышын сан мәнін (градус)сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.
Бұдан қандай тұжырым айтуға болады?
Жауап:
Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.
, бұл формула мен анықтаманы сыну заңы деп атайды.
Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы n – сындыру көрсеткіші деп аталады.
Сыныдыру көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы к өрсеткіші «абсалют сындыру көрсеткіші» деп аталады.
|
Оқушылар өз сөздерімен білгендерінше жауап береді.
***
***
|
3. Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.
Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.
Сонда берілген екі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны...) заттың сындыру көрсеткіші
формуласымен де анықталады. С- жарықтың вакумдағы жылдамдығы, v –ортадағы жылдамдығы, Онда екі формуланы біріктіріп былай жазуға болады.
Оптикалық диск көмегімен осы формуланың дұрыстығына көз жеткізетін демонстрациялар көрсету.
|
(жақсы түсінгендер және белсенді қатысып отырғандар өздеріңе 2-4 ұпай жазыңдар)
,ның орнына оптикалық дискіден алынған түрлі мәндерді формуланың дұрыстығын тексереді.
|
Қолдану (6)
|
ІІІ. Сынып жұмысы. Қазіргі кезде көптеген заттардың сындыру көрсеткіштері тәжірибеде анықталып жазыған кестеге жазылған.
Заттар
|
Ауаға хатысты сындыру көрсеткіші
|
Су
глицерин
Алмас
Мұз
Тұз
Кварц
Лағыл
Қант
Шыны сорттары
|
1.33
1,47
2,42
1,31
1,54
1.54
1,76
1,56
1,47 до 2.04
|
Екі қабатты линза тәжірибесі.
Әртүрлі мөлдір заттар жарық сәулесін түрліше сындырады. Стакандағы судың бетіне кастор майын (ол жоқ болса басқаша мөлдір май) қалыңдығы 1 см болатындай етіп құямыз. Стаканға жақсылап жарықтандыру керек
Ине алып оны стаканның дәл ортасынан майға батырамыз. Май қабатынан өткен соң ине суға да 1 см –дей еніп тұруы керек. Еегер стаканның бүйірінен қарасақ жуандығы әртүрлі бір бүтін инені көреміз: иненің суға батып тұрған астынғы бөлігі қолымызға ұстап тұрған үстінгі бөлігінен жуандау, ал, майда тұрған ортанғы бөлігі бәрінен жуан болып көріненді
Инені аздап оңға – солға стакан шетіне қарай қозғап көреміз, сонда ол күтпеген жерден үш бөлікке «кесіліп» кетеді; иненің жоғарғы бөлігі мен астынғы бөлігі шетке қарай аздап ығысса, ортанғы бөлігі тіптен ығысып кетеді...
Инені жылжытуды жалғастырамыз. Сонда мынаны байқаймыз: ортаңғы бөлік бәрінен де тез ығысады, одан соң астынғы бөлік, ал үстінгі (ауадағы) бөлік ең баяу жылжиды. Ине үшке бөлініп кетті. (Әрине оптикалық тұрғыдан ғана)?
|
Кестені талдайды:
Суда дененің геометриялық өлшемдері 1,33 есе өзгеріп (үлкейіп) көрінеді.
***
Себебі; ауада инеден шыққан сәуле сынбайды, май мен суда ол заттардағы жарықтың сынуы себепті біз иненің бөліктерін шын орнынан басқа жерден көреміз. Судың сындыру көрсеткіші 1,33 майдан 1,55 аз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |