Еркінқала балалар саз мектебінің сольфеджио пәні мұғалімі Айтмұханова Хатима Хасанқызының 2012-2013 ж. 1-ші сыныпқа өткізген ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Жартылық нота, өлшем 2/4.
Сабақтың мақсаты: Музыкалық шығарманы, ән-күйді орындағанда, оның өлшемін,
дыбыс ұзақтықтарын санап, ойнау немесе айту керектігін түсіндіру.
Білімділігі: Оқушылардың жаттығуларды әндеткенде, олардың дыбыс ұзақтықтарын
дәл санау арқылы теориялық білімін арттыру.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Дауыс ырғағының жаттығулары, сольфеджиолау, нота жазу
тәсілдерін қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: Нота ұзақтықтарының, үзілістердің таңбалар салынған
карточкалар, домбыра, қобыз аспаптарын шешуге арналған ребус,
музыкалық математикалық есеп.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Дауыс ырғағына жаттығулар.
3. Сольфеджиолау.
4. Жаңа тақырып.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. До мажор гаммасын әндету. I-III-V. II-IV-VI-VII. Ширектік, сегіздік
ноталармен айту.
3. № 14,15,16,21.
4. Әрбір музыкалық шығарманың бірінші тактісінде нота кілтінің қасында 2/4, 3/4, 4/4, 3/8, 6/8 сияқты бөлшек сандар жазылады. Бұл бөлшек сандар музыканың, ән-күйдің жалпы өлшемін, әр тактінің ішіндегі ноталарлды орындағанда нешеге санап ойнау керек екендігін немесе әндету керек екендігін көрсетеді. Бөлшектің үстіндегі сан әр тактінің ішіндегі ноталарды орындағанда нешеге санап ойнау керек екендігін көрсетсе, бөлшектің астындағы сан әр есептің созылуына қандай ноталар (ширектік, сегіздік) келетінін көрсетеді.
Жарт.нота = ширектік+ширектік
Ширектік+ширектік = Жарт.нота – бір ширектік =
Екі сегіздік+ екі сегіздік = Жарт.нота – екі сегіздік =
Бір ширектік+ екі сегіздік = Бір ширектік – бір сегіздік =
2/4 өлшемі қол қимылымен санау.
Берілген шеңберлердегі әріптерді қосу арқылы аспаптардың аттарын табу.
5. Қорытынды. 1-ші октава ноталарын жартылық, ширектік, сегіздік ұзақтықтарымен әндету. № 22,25- екіге санап, нотамен, жартылық нотамен әндету. Өлшемнің түрлерін білу, олардың схемасын жасап санау.
Достарыңызбен бөлісу: |