Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттейді
Сабақтың мақсаты
Жер бедерінің қалыптасуы мен таралуының негізгі заңдылықтарын анықтайды.
Жер бедерінің қалыптасуының және таралу заңдылықтарын талдай отырып, зерттейді.Физикалық және тектоникалық карталарды салыстырып, жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді, карталарда талдайды.
Бағалау критерийлері
Жер бедерінің түрлерін ажырата алады.
Жер бедерінің қалыптасуын зерттеп, түсіндіреді;
Физикалық және тектоникалық карталарды салыстыра отырып, жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарына баға бере алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар берілген тасырмаларды орындау кезінде: карталар мен мәтіндерді оқу кезінде, постер құрғанда және оны қорғағанда, жеке, жұптық, топтық жұмыс арқылы оқылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын жетілдіреді.
Пән бойынша сөздер мен терминдер: Тау, жазық, эндогенді, экзогенді, қатпарлану, тектоника, литосфералық тақта, платформа, плита
Құндылықтарды дарыту
Оқушылар жұптасып және топтасып жұмысістеу кезінде ынтымақтастықта жұмыс жасауды, бір-біріне құрмет көрсетуді үйренеді.
.
Пәнаралық байланыс
Физика,химия
АКТ қолдану дағдылары
Интерактивті тақта, презентациялар.
Алдыңғы білім
7 сыныпта өткен тақырыптар: литосфераның құрылысы мен заттық құрамы. Жердің тектоникалық құрылысы. Литосфераның тектоникалық қозғалыстары. Литосфералық катаклизмдер
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу
Сергіту сәті: «Қолтырауын»ойыны
Жақсы көңіл-күймен оқушылар орындарына отырады.
Сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын таныстыру.Саналу арқылы топқа бөліну.
Сабақтың ортасы
1.Тапсырма.
1-2 топқа арналған тапсырмалар.
«Кубизм стратегиясы» әдісі. Кубик жасалынып, қырына түрлі тапсырма жазылады. кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы сұраққа топта болып жұмыс атқарады, , өзара талқылайды, постер қорғайды.
I- топ. Жер бедерінің қалыптасуына ішкі (эндогенді) күштерінің әсері. Постер арқылы көрсету.
II-топ. Жер бедерінің қалыптасуына сыртқы(экзогенді) күштерінің әсері. Постер
2. тапсырма: Жеке жұмыс.
1. Суреттерде не бейнеленген?
2. Олардың басты айырмашылықтары қандай?
3. Жергілікті жерде жер бедерінің қандай түрлері кезектеседі? Мысал келтіріңіз.
Бағалау_критерийлері_мен_дескрипторы'>Бағалау критерийлері мен дескрипторы:
Жер бедерінің түрлерін ажырата алады.
Жер бедері түрлерін ажыратады.
Жергілікті жердің жер бедерінің түрлерін атап, мысал келтіреді.
Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар бір-бірінің топтарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды
3.тапсырма. Жұптық жұмыс.
Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын анықтау үшін тектоникалық және физикалық карталарды салыстыру арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп, мысалдар келтіреді.
Сұрақтар:
а.Тауылы аймақтар қандай тектоникалық құрылымдарға сәйкес келеді?
б. Плиталарға жер бедерінің қандай түрлері сәйкес келеді?
в. Платформаларға жер бедерінің қандай түрлері сәйкес келеді?
Бағалау критерийлері мен дескрипторы:
Физикалық және тектоникалық карталарды салыстыра отырып, жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарына баға бере алады..
Тауылы аймақтар қандай тектоникалық құрылымдарға сәйкес келетінін анықтайды
Плиталарда жер бедерінің қандай түрлері орналасқанын дәлелдейді
Платформаларда жер бедерінің қандай түрлері орналасқанына мысал келтіреді
Қалыптастырушы бағалау: Оқушылар бір-бірін «+» «-» әдісі арқылы бағалайды.
Кубик,флипчарт,маркер
Интернет-ресурс, Интербелсенді тақта
Тақырыптық карталар
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау. Географиялық диктант. Орындап болғасын, көрші жұптар бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.
Бағалау
Оқушыларды смайликтермен бағалау
Кері байланыс:
Үйге тапсырма: Кескін картаға Қазақстанның жер бедерінің негізгі түрлерін түсіру.